Еуразиялық Кеден одағына жаңа екі мүше

Қырғызстан мен Армения Еуразиялық Кеден одағына қабылданды.

158255
Еуразиялық Кеден одағына жаңа екі мүше

Қырғызстан мен Армения 2015 жылдың 1 қаңтарында ресми түрде іске қосылатын Еуразиялық Кеден одағына қабылданды.


Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен еуразиялық Экономикалық жоғары кеңес жиналысында баяндама жасап, «Қырғызстан мен Арменияның одаққа қосылулары осы елдердің мүдделеріне жауап береді және әлеуметтік-экономикалық дамуларына үлес қосады деп сенеміз» деді.


Астанадағы Еуразиялық Кеден одағы басшылары саммитінде Қырғызстанды Кеден одағына апаратын жол картасы қабылданып, 26 шілде күнінен келіссөз басталып еді.


Қырғызстан әкімшілігі Ресей және Қазақстаннан Кеден одағына мүшелік үдерісінде егіншілік лабораториялары, шекарадағы шаралардың арттырылуы сынды дайындықтар үшін 300 миллион доллар қолдау сұраған болатын. Ресей мен Қазақстан Қырғызстанға материалдық көмек беруге келісті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар