Түркияның тұңғыш чип өңдеу зауыты құрылады

Түркияның тұңғыш чип зауытының іргетасы 2014 жылы 23 желтоқсан күні Анкарада қаланады.

154828
Түркияның тұңғыш чип өңдеу зауыты құрылады

АСЕЛСАН және Билкент Университеті ортақтығымен құрылатын Түркияның тұңғыш чип зауытының іргетасы 2014 жылы 23 желтоқсан күні рәсіммен қаланады.
Анкара Билкент Сиберпарк Технокент аймағында ұйымдастырылатын рәсімге Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмазда қатысады.
Түркия осы жаңа зауытта өндірілетін GaN негізді чиптер арқылы қорғаныс радары, электрлі көлік, жүрдек пойыз және 4G/5G қалта телефоны жүйелері сияқты стратегиялық технологияларды өндіре алған әлемнің 4-ші еліне айналады.
«AB-MikroNano» фирмасы тарапынан өндірілетін нано технология негізді өнімдер экспорт нарығына да шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар