Дауытоғлұ іскерлермен бас қосты

Премьер-министр Б-20 тобының Түркиядағы өкілдерімен Стамбұлда бас қосты.

153605
Дауытоғлұ іскерлермен бас қосты

Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ Г-20 елдерінің іскерлер әлемі саласы Б-20 тобының Түркиядағы өкілдерімен Стамбұлда бас қосты.


Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ Б-20 тобының Түркиядағы өкілдеріне Стамбұл Долмабахчедегі Премьер-министрлік офисінде қонағасы берді.


Ақпаратқа жабық ұйымдастырылған қонағасыға премьер-министрдің орынбасары Али Бабажан, Өркендеу министрі Жеудет Йылмаз және Экономика министрі Нихат Зейбекчи, арасында Түркия Палаталар мен биржалар оданың төрағасы Рыфат Хисаржыклыоғлұ, ТҮСИАД төрағасы Халук Динчер, МҮСИАД төрағасы Наил Олпак та бар 20-ға жақын түрік іскер қатысты.


Түркияның 1-ші желтоқсанда Г-20 ұйымының кезекті төрағалығын алуымен бірге ұйымының іскерлер саласы болып табылатын Б-20-ның алғашқы жиналысы дүйсенбі күні Стамбұлда өткізілген болатын.


Әлемдегі алпауыт фирмалардың өкілдері қатысқан Б-20-да Түркияға іскерлер әлемінің табысты қайраткерлері өкілдік етеді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар