Балық экспортында рекорд жаратылды

Еуропа елдері Түркияның балықтарын қатты ұнатты.

140920
Балық экспортында рекорд жаратылды

Еуропа түрік балығын ұнатты.


Соңғы 12 жылдан бері су өнімдері экспортындағы арту кәсіпорындарды разы қылды.


85 елге экспорт етілген су өнімдерінің 68 пайызы Еуропа елдеріне жолдануда.
Азық-түлік және мал шаруашылығы министрлігінің су өнімдерін өндіруді арттыруға бағытталған қадамдары экспорт мәліметтеріне әсер жасады.


2002 жылы 27 тонна болған экспорт 11 жылда 4 есе артып 101 мың тоннаға жетті.


Түркия Статистика ұйымы жариялаған сыртқы сауда мәліметтеріне қарағанда өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айлары арасында416 миллион долларлық су өнімдері экспорт етілді.

Биылғы ұқсас мезгілде бұл мөлшер 20 пайыз артып, 500 миллион долларға көтерілді.


Бұрынғы жылдарда болғанындай, 2014 жылдың қаңтар-шілде айлары арасында әртүрлі балық ең көп экспорт етілген елдер Германия, Италия, Голландия, Жапония, Ресей және Америка Құрама Штаттары болды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар