Бағдат пен Эрбиль келісті

Иракта мұнай экспортында келісім жасалды.

189748
Бағдат пен Эрбиль келісті

Бағдат пен Эрбиль мұнай экспортында келісті.


Иракта орталық Ирак үкіметі мен Ирак аймақтық күрд әкімшілігі арасында мұнайды бөлісу, экспорты және төлемдер тақырыбында келісім жасалды.


Бұл туралы Ирак үкіметі мәлімдеп, аймақтық күрд әкімшілігі де келісімді растады.


Осыған орай, Ирак үкіметі аймақтық күрд әкімшілігіне алғашқы сатыда 500 миллион доллар ақша төлейді. Аймақтық күрд әкімшілігі күніне 150 мың баррель мұнайды орталық Ирак үкіметі арқылы экспорт етеді.


Аймақтық күрд әкімшілігінің 1 қаңтарда құбыр желісі арқылы Түркия үстімен әлем нарықтарына мұнай айдай бастауы Эрбиль мен Бағдат арасындағы қатынастарды бұзған еді.


Бағдат әкімшілігі аймақтық күрд әкімшілігінің орталық үкіметтің рұқсатынсыз мұнай сатуын «заңсыз» деп есептейді, мұнайды Ирак Ұлттық мұнай компаниясы арқылы сатуды қалайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар