АҚШ Орталық банкі құнды қағаз алуды азайтты

Америка Құрама Штаттары Орталық банкі маусымдағы жиналысының шешімін жариялады.

100245
АҚШ Орталық банкі құнды қағаз алуды азайтты

Америка Құрама Штаттары Орталық банкі құнды қағаз алу мөлшерін 10 миллиард долларға азайтты.
Америка Құрама Штаттары Орталық банкі Федералдық ашық нарық комитетінің маусым айындағы жиналысының шешімін жариялады.
Америка Құрама Штаттары Орталық банкінің шешімінде экономикаға қолдау беру мақсатымен жүргізілген құнды қағаз алу бағдарламасын айлық 10 миллиард доллар азайтып, 35 миллиард долларға төмендеткені білдірілді.
Құнды қағаз салып алудың 20 миллиардтық мөлшері Америка қазына құнды қағаздарына, 15 миллиард долларлық бөлегі тұрғын үй несиесіне құйылады. Аталмыш шешім 1 шілдеден бастап атқарылады.
Америка Құрама Штаттары Орталық банкінің шешіміне қарағанда комитет экономикалық іс-шаралардағы өсудің соңғы айларда жылдамдағанын білдіріп, жұмыстандыру нарқы көрсеткіштерінің жалпы алғанда жақсаруға беталғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар