Мұстафа Кемал атындағы университет-2

Ректор Профессор Хасан Каямен сұхбат-2

328917
Мұстафа Кемал атындағы университет-2

"Қиындықтар қаншалықты көп болса, бұларды шешу де соншама тамаша",
Бағдарламамызды грек ойшыл Эпиктетостан бір үзіндімен бастадық. Біз де алдымызға шығатын қиындықтарды шешуге дайынбыз.
Өткен апта сіздерге берген уәдемізді орындап, Хатайға барып, Мұстафа Кемал атындағы университеттің ректоры, профессор Хасан Каямен сұхбатымыздың екінші бөлімін ұсынамыз.
**
Шетелдік студенттер Антакияға неге келеді?
"Еліміздің космополит қалаларының бірі Хатай ғасырлардан бері бірге өмір сүруді үйренген этникасы мен діні бөлек көптеген қоғамға бесік болған. Көп мәдениетті құрылымын тарих бойы сақтаған қала түрлі дін және секталар бірге өмір сүрген үлгілі қала.
Түркияның шайдай ашық күндеріне ие қалаларының бірі Хатай климаты төңіректегі қалаларға қарағанда артықтау. Антакияда ыстық күндер адамды шаршатпайды. Себебі сонымен бірге күні бойы салқын самал еседі. Қыс айлары жауын-шашынды өтеді. Алайда жылы. Осы шарттар адамды рахаттандырады, сонымен бірге экономикалық жағынан да тиімді.
Қаланың теңізге жақын болуы жағажайға тез арада жетуді қамдайды. Әлемнің ең ұзын жағажайларының бірі Самандаг ауданына қатынас тек отыз минут. Әлемнің ең ірі мозайка мұражайы Хатай қаласында. Әлемге танымал Сан Пиер шіркеуі мен Анадолының тұңғыш мешіті Хабиб и Неджар мешіті де осы қалада.
Қаланың барлық ауданында көруге татитын тарихи және мәдени мұра табылады".
Мұстафа Кемал атындағы университет шетелдік студенттерге қандай мүмкіндіктер ұсынады?
"Университетте бакалавр, магистратура, докторантура бағдарламасы аясында жиырма бір елден барлығы жүз жетпіс екі студент білім алуда. Эразмус алмасу бағдарламасы шеңберінде 2014-2015 оқу жылында Румыния, Словакия, Литва және Чех Республикасынан барлығы он екі студент оқу және практика үшін университетке келді. Университеттегі шетелдік студенттер білім, әлеуметтік тұрмыс және мәдени шараларға тең құқықпен қатысады. Барлық студенттер пайдаланатын мүмкіндіктерді олар да пайдаланады. Университетке Эразмус бағдарламасымен келген студенттермен айналысу және барлық тақырыпта көмектесу тақырыбында, студент келген күні әуежайынан алынып, жатақханасына жеткізу, Хатайдан кететін күні әуежайға шығарып салуға дейін барлық қызмет беріледі. Студент келместен бұрын ол тұратын жер дайындалады, егер студент тұратын жерін өзі көргісі келсе, жататын жері анықталғанға дейін қонақүйде қонақ болады. Студенттер келгеннен кейін қалада саяхат ұйымдастырылады және студенттің қалаға үйренісуі жеңілдетіледі. Антакия саяхатынан кейін басқа аудан және жақындағы қалаларға да алдағы уақытта сапар ұйымдастырылады. Шетелдік студенттер үшін жиналыс өткізіліп, проблемалары сұралады. Эразмус студенттері Халықаралық қатынастар кеңсесіндегі өздеріне жауапты қызметкермен әрқашан байланысқа шыға алады, көмек сұрай алады. Академиялық салада сол кафедраның Эразмус меңгерушісі мен кафедра меңгерушісі студенттің оқуын қадағалайды"
**
"Университетте қандай халықаралық шаралар өткізіледі?"
"Университетте жылына екі мәрте Эразмус апталығы өткізіледі. Осы апталық аясында жиналыс, семинар сынды шараларға Эразмус студенттері шақырылады. Еуропаның түрлі елдерінен келген қызметкерлер өз университеттерін таныстырады. Осылайша әрі түрік студенттер, әрі Эразмус студенттеріне пайдалы апталық болады. Шетелден келген қонақтар қаланың тарихи және мәдени жерлерін аралап көреді. Хатайдың әлемге танымал бай асханасымен танысады.
Эразмус апталықтарынан кейін жүргізілген сауалнамалар да түрік қонақжайылығының толығымен көрсетілгенін ортаға шығарады.
Университет Түркияда тек отыз бір университет бере алатын 2012-2015 оқу жылдарын қамтитын Еуропа Несие трансфер жүйесі этикеті жүлдесіне, сонымен бірге сол кезеңді қамтитын Диплом этикеті сыйлығына ие. Бүкіл түлектерге дипломдарымен бірге дипломдарының дәрежесін халықаралық салада танымалдығын арттыру мақсатымен ағылшын тілінде дайындалатын Диплом қосымшасы беріледі".
Мұстафа Кемал атындағы Университеттің ректоры Профессор Хасан Каяға алғысымызды айтып, осы тамаша қаламен қоштасамыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар