Аднан Мендерес атындағы университет-2

Университетт ректоры Профессор Джавит Бирджанмен сұхбат

294254
Аднан Мендерес атындағы университет-2

«Білім адамды күдіктен, жақсылық қиыншылық шегуден, табанды болу қорқудан құтқарады»

Түркия үні радиосында сіздермен біргеміз. Халықаралық білім серуені арқау болған бағдарламамызды бүгін Конфуцийдің бір сөзімен бастадық. Білім, жақсылық және табандылықпен шыққан сапарымыз бар қарқынымен жалғасуда.
Әлеуметтік желіде TRT Horizon парақшасында сіздерден жақсы лебіздер алып тұрмыз. Бізбен хабарласуды үзбегендеріңізге алғыс.
Өткен апта сіздерді Түркияның маңызды туризм қаласы Айдынға апарған болатынбыз. Бүгін де қалған жерімізден жалғастырып, Айдынның табыстарымен атағы жиі аталған университеті Аднан Мендерес атындағы университеттің ректоры Профессор Джавит Бирджанмен сұхбатымызды жалғастырамыз.
-Шетелдік студенттер Айдын қаласын неге таңдайды?
«Айдын - батыс өркениетінің және ренессанстың негізінде жатқан грек мәдениеті туылған және өсіп өнген жерде құрылған бір қала. Көптеген байырғы қалаға мекен. Милет, Приене, Дидим, Афродисиас, Магнесиа, Латмос, Гераклеа осылардың бірнешеуі ғана.
Измир, Мугла және Денизли сынды қалаларға жақындығы, шығыс пен батыс бойында сауда жолы үстінде орналасуы қалаға ерекше мән қосады. Айдынның экономика және өнеркәсіп саласында дамуы, үлкен қала ретінде Түркияның беделді қалалары арасында орын алуы да шетелдік студенттер үшін таңдаулы болуын қамдайды. Айдынның Измир, Анкара және Стамбул сынды үлкен қалаларға қатынасының жеңіл болуы да үлкен артықшылық»

Аднан Мендерес атындағы Университет

-Университетте шетелдік студенттерге қандай мүмкіндіктер берілген?
«Аднан Мендерес атындағы университетте шетелдік студенттер заң бойынша түрік студенттердің мүмкіндіктерінен пайдаланады. Осыларға қосымша олар бізге қонақ және аманат болғандықтан әрбір талап пен тілектері ерекше қарастырылады. Шетелдік студенттер де кітапханадан, асханадан, спорттық базалардан, жүзу бассейнінен, психологиялық көмек қызметінен, шетелде оқу мүмкіндіктерінен пайдаланады.
Қазір университетімізде 350-ге жуық шетелдік студент бар. Бұлар дүние жүзінің әр жерінен келген. Әсіресе Африка құрлығынан, Орталық Азиядан келеді. Ауғанстаннан Қытайға, Ганадан Қазақстанға, Конго Демократиялық Республикасынан Чех Республикасына дейін дүние жүзінің түкпір-түкпірінен студенттер келеді. Осы студенттер қысқа уақытта үйренісіп, еш жатырқамай білім алуда.
Студенттер жалпы Түркия мен университетте оларға ұсынылған нәсілшілдік пен жікшілдіктен аулақ, шынайы атмосфераға, жолдастары, оқытушылар мен халықтың жылы шырайына риза. Әсіресе Африкадан келген студенттер түрік тілін тез үйреніп, халықпен араласып кетуде. Тіпті кейбірі Айдынның жергілікті диалектінде сөйлеп, азаматтармен байланысы да қызық. Сондықтан өңір халқы да оларды шеттетпей, өз балалары секілді қарайды».
Аднан Мендерес атындағы Университет
«Аднан Мендерес Университетінде халықаралық стандарттарда білім беріледі. Еуропа жоғары оқу шаралар аясындағы Бологна үдерісі табысты жүргізілуде. Университеттегі білімнің Еуропа стандарттарында жүргізілуі үшін Түркия жоғары оқу деңгей арттыру, AKTS білім каталогы сынды жұмыстар жалғасуда. Шетелдік студенттердің Эразмус бағдарламасы аясында Еуропа Одағына мүше 28 елге практикаға бару, 140-тан астам Еуропа университетіне, оннан астам университетке екі жақты хаттамалар аясында студент алмасу бағдарламасы шеңберінде баруға мүмкіндіктері бар. Жақында Эразмус бағдарламасы аясында шетелдік студенттер келген елдердің де алмасу бағдарламасы шеңберіне алынуы жоспарланып отыр. Шетелдік студенттер сонымен бірге университеттің зерттеу жұмыстары және мәдениет, спорт, өнер шараларында да орын алуда»
Аднан Мендерес Университетінің ректоры Профессор Джавит Бирджаннан шетелдік талапкерлерді бірнеше сөйлеммен шақыруын сұрадық:
«Университеттің қақпалары шетелдік студенттерге әрқашан ашық. Біз студенттерге көп түрлі мәдениет, түрлі пікір бесігінде дамуына мүмкіндік береміз.
Академиялық және мәдени тәжірибесімен, динамикалық кадрымен, зерттеу лабораториялары және практика мүмкіндіктерімен Аднан Мендерес атындағы университеттің ректоры ретінде Айдындағы ыстық, бақытты және тыныш жаңа мекендеріне дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін студенттерді күтеміз»

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар