Мерсин Университеті ректорымен сұхбат

Университет "Ғаламдық құндылықтар ұясы" деген ұранмен білім береді.

254537
Мерсин Университеті ректорымен сұхбат

Өткен апта сіздерге Шығыс Жерорта теңізі аймағының тарихи, мәдени және табиғи сұлулықтарымен теңдесі жоқ қаласы Мерсинді таныстырып, Мерсин Университетін баяндай бастаған едік. "Ғаламдық құндылықтар ұясы" деген ұранмен заманауи ғылым жарығында әлемдік университет болған Мерсин Университеті оқу сапасы және ғылыми жұмыстарымен замандас Түркияның технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салада дамуына үлес қосқан жоғары оқу орны. Мерсин Университетінің сапалы еңбегін ұлттық және халықаралық мекемелер құжаттармен марапаттаған. Осы құжаттар арасында Еуропа комиссиясы тарапынан берілген Еуропа креди трансфер жүйесі мен диплом қосымшасы этикеттері де бар. Еуропада беделді құжат деп есептелетін осы құжаттар жоғары оқу орнында сапалы білімнің негізі деп қабылданады. Еуропа көлемінде тануны, қабылдану және университеттер арасы қозғалыс мүмкіндігін береді.
Бүгін Мерсин Университеті ректоры профессор Ахмет Чамсарыдан Мерсин және университет туралы сұраймыз.
**
Шетелдік студенттер Мерсинді қала ретінде қандай ерекшеліктеріне қарай таңдайды?
"Мерсин портты қала. Мыңдаған жылдық өркениеттердің ізінен құрылған бір қала. Осы тұрғыдан түрлі мәдениеттер бірге тұра алатын қала болу ерекшелігі бар. Айырықша студенттер үшін маңызды ерекшелігі қатынасы жеңіл және әсіресе жатақхана мүмкіндіктері мол. Мерсинде өмір сүру оңай және қалған Жерорта теңізі қалаларына қарағанда студенттер үшін едәуір арзан".
Сіздің ойыңызша, студенттер Мерсин Университетін неге таңдауы керек?
"Университеттер берілетін бакалавр және магистр бөлімдері әлемде замандас мұқтаждықтарға жауап беретін, сондықтан шетелдік студенттерге керек білім. Университеттің академиялық кадры мықты, тарих пен туризм қаласы Мерсинді жақыннан тану үшін келуі керек. Осы тақырыпта бір кемшілігіміз ағылшын тілінде сабақ беретін факультеттер аз болуы мүмкін, бірақ сонда да шетелдік студенттер түрік тілін үйренгеннен кейін қалаған мамандықта білім алу мүмкіндігіне ие».
**
Ректор мырзадан енді Мерсин Университетінің шетелдік студенттерге қандай мүмкіндіктер ұсынатынын сұрадық:
«Шетелдік студенттер университетте отандық студенттермен бірдей мүмкіндіктерге ие. Жатақхана және степендия мүмкіндіктерін қолдана алады. Университетке екі түрлі студент қабылданады. Бұлардың біріншісі премьер-министрлік степендианты, яғни бұл Түркия степендиясы деп те аталады. Екіншісі өз мүмкіндіктерімен оқуға өтініш берген студенттер. Бұлардың көбі Сирия және Ирак сынды оңтүстік жақтағы көрші елдерден келіп, білім алуда. Айырықша Ресей, Румыния, Корея сынды елдерден де студенттеріміз білім алып жатыр. Әсіресе Корея соңғы кезде Мерсинде мәдениет орталығын ашып, қаламызға үлес қосуда.
Премьер-министрлік степендиясын алған студенттер Орталық Азия түрік республикалары мен Африкадан келген студенттер. Әсіресе Нигерия, Сомали, Ауғанстан, Бенин, Судан, Оңтүстік Африка сынды елдерден көп студент келеді. Балқан елдерінен болса Сербия, Черногориядан келеді. Түркия степендиялары соңғы жылдары шетелдіктер арасында беделді степендия қатарында, жыл сайын көптеген шетелдік студент осы степендиядан пайдалану үшін өтініш береді.
Мерсин Университетінде Түркия степендиясымен келген студенттерге жатақхана мен түрік тілін үйрету тегін беріледі. Студенттер Мерсин қаласында болғандарына бақытты. Себебі Мерсин тарихи қала, әрі туристік қала. Қатынас мүмкіндіктері қарастырылған. Степендиямен келген студенттер демалыс кезінде Түркияның басқа қалаларында оқитын жолдастарына қонаққа барады. Студенттер қалаға тез үйренісіп кетеді. Бұған қаладағы жалпы студент атмосферасының да үлесі мол».


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар