Мерсин қаласы және Университеті

Шығыс Жерорта теңізінің әлемге ашылған қақпасы

285514
Мерсин қаласы және Университеті

«Демалмау үшін жолға шыққандар еш шаршамайды»
Бүгін бағдарламамызды Түркия Республикасының құрушысы ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүріктің сөздерімен бастадық. Біз жер шарының болашағының біз - жастарға аманат екенін жақсы білеміз. Сондықтан еш шаршамай өзімізді жетілдіруді және әлемді өзгертуді жалғастырамыз.
Халықаралық білім серуенінде бүгін қайда баратынымызды білгіңіз келе ме?
Бүгін сіздерді Шығыс Жерорта теңізінің теңдесі жоқ сұлу қаласына Мерсинге алып барамыз. Мерсиннің жастарға білім мүмкіндіктеріне тоқталмастан бұрын, осы қаланы тану керек. Мерсин портынан бастап қысқа бір сапарға шығалық.
**
Мерсин – тарихы, мәдениеті, табиғи сұлулықтары, өнеркәсібі, саудасы, егіншілігі және туризмімен жылдам өскен портты қала. Шығыс Жерорта теңізінің әлемге ашылған қақпасы сонымен бірге. Берекелі Чукурованың егіншілік және өнеркәсіп өнімдері Мерсин портынан экспортталады.
Мерсин қала орталығы – Түркияның ең қозғалысы көп қалаларының бірі. Жерорта теңізіне тән асығысы жоқ күнделікті тұрмыс осында бірден жылдамдайды. Дүкендер мен базар күннің барлық уақытында адамға толы. Асхана мәдениеті бай, мейрамханаларда түрлі теңіз өнімдері мен аймақтың тағамдары ұсынылады.

Мерсин  Университеті
Мерсиннің теңізге 321 км жағалауы бар. Түркияның маңызды жағалау қаласы. Жағалаудың шамамен 108 километрлік бөлімін табиғи құмдықтар қалыптастырады.
Маңызды тарихи және туристік мекендеріне орай туризм саласында соңғы жылдары әлемнің назарын аударып отыр. Алахан монастыры, Жұмақ пен Тозақ шұңқырлары, Қыз қамалы, Аяш, Анемуриюм тарихи қалдықтары, Клеопатра қақпасы сынды туризмде назар аударатын жерлері бар.
Маңызды жағажайлары болса Анамур, Қыз қамалы, Сусаноғлу мен Аяш.
Папа 16-шы Бенедиктус 2008 жылды Сан Пауэл жылы деп жариялағаннан кейін Мерсиннің Тарсус ауданы христиан туристердің маңызды аялдамасы болды.
2008 жылы Мут ауданындағы Алахан монастыры мен Тарсус ауданындағы Сан Пауэл құдығы және Мұражайы ЮНЕСКО Әлемдік мұра алаңдары тізіміне енді.
Ал Мерсин жоғары оқу саласында қандай деңгейде? Жастарға не береді? Енді барлығымыз бірге Мерсин Университетін тани бастайық.
**
1992 жылы құрылған Мерсин Университеті қазір 14 факультетімен қызмет беруде. Осы факультеттердің арасында Зерттеу және практика ауруханасымен қызмет беретін Медицина факультеті де бар. Айырықша Мерсин Университетінің құрамында 12 кәсіптік училище орын алуда.
Университетте Гуманитарлық ғылымдар институты, Медициналық білімдер институтына қосымша ретінде Педагогика білімдері институты мен Көркем өнер институты да ашылып, магистр және докторантура деңгейінде білім бере бастады. Түрлі саладағы зерттеу орталықтарының саны да артып, 23-ке жетті.
Мерсин Университетінде айырықша жалпы білімнен бөлек, уақыт пен мекеннен тәуелсіз білім беретін, компьютер қолданылатын білім беру үлгісі Алыстан білім 2002-2003 оқу жылында басталған.

Мерсин Университеті
Мерсин Университеті Еуропа Одағы жоғары оқу келісімі болып табылатын Эрасмус келісіміне 2004 жылы қол қойып, осы арқылы студенттер басқа университеттерде де білім алып, халықаралық жобаларда орын алып отыр.
Эрасмус бағдарламасы аясында қазірге дейін 65 екі жақты келісімге қол қойылып, 2004 жылдан бері көптеген кафедрадан студенттер осы бағдарлама шеңберінде шетелдердегі түрлі университеттерде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге шетелдерден де көптеген студент келіп, оқытушылар да тәжірибе алмасты.
Айырықша қысқаша аты Фараби алмасу бағдарламасы болып табылатын Түркиядағы жоғары оқу орындары арасында студент және оқытушы алмасу бағдарламасы аясында Мерсин Университетінің түрлі университеттермен де серіктестік жұмыстары жалғасуда.
**
Мерсин Университеті сынды халықаралық салада өте белсенді бір университетті таныстыра отырып, ректорына да бірнеше сұрақ қоймағанда болмас еді. Алайда өкінішке орай, бізге бөлінген уақыттың аяғына да келіп қалдық. Мерсин Университеті ректоры Профессор Ахмет Чамсарымен сұхбатымызды келесі апта жариялаймыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар