Грек студенттің Эрасмус тәжірибесі

Білім көкжиегінде - 58

262362
Грек студенттің Эрасмус тәжірибесі

«Бір мақсаты жоқ рух жолынан адасады»

Бүгінгі бағдарламамызды 16-ғасыр француз жазушысы Мишель де Монтеньнің бір сөзімен бастадық. Біз де алға мақсат қоюдың және осы мақсат аясында жұмыстанып, өзімізді жетілдірудің маңызды екенін білеміз. Осы мүмкіндіктен пайдаланып, аталмыш әдебиетшіні де еске алып кетейік.
Монтень шығармаларында адам сүйіспеншілігі, жақсылық, ұйымшылдық, еркіндік пен оқу жөнінде жазды. Осы мақалаларын барша түсінетіндей қып, қарапайым тілмен жазды. Монтень публицистика түрінің атасы ретінде қабылданады.
**
Бағдарламамызды қалған жерінен жалғастырамыз.
Осы апта сіздерге Түркия Республикасы Еуропа Одағы министрлігі, Еуропа Одағы білім және жастар бағдарламасы орталығы, қысқаша атымен Түркия Ұлттық агенттігінде координатор ретінде қызмет атқаратын Ильяс Үлгүр және Грекиядан келіп, Түркияда Эрасмус тәжірибесінен өтіп жатқан Мариа Константопулумен сұхбатымыздың соңғы бөлімін жариялаймыз.
**
Мариа Эрасмус тәжірибесінен өту үшін Грекиядан Түркияға келген. Афиныда Пантеон Университетінде оқиды. Қазір Анкара Университеті Саясаттану факультетінде докторантурада оқып жатыр. Сабақ қыркүйек айында басталған, ол бірақ саяхаттау мақсатымен маусым айында келген екен. Айырықша түрік тілін де меңгерген. Себебі Анкара Университеті Түрік тілін үйрену орталығында түрікше оқуда.
Енді Мариядан сұрап қараймыз: Түркияда не істеген екен?
«Көп араладым. Памуккалеге бардым. Каппадокияға бардым. Керемет жер. Эрасмус студент желісі (Erasmus Student Network) үлкен саяхат ұйымдастырды. Эрасмус студенттерінің барлығы қатысты. Анкараны да араладық. Аныткабирге бардық. Анкара қамалын көрдік. Мешіттер мен археология мұражайына бардық. Түркияның барлық жерінде археологиялық қалдықтар бар. Анкара қаласы да Түркияның тап ортасында орналасқандықтан, барлық жерге баруға болады. Түркияда аралап көретін көп мекен бар. Бұдан кейін Стамбулға баруды жоспарлап отырмын. Кония қаласына да бір рет бардым. Бірақ қайта барғым келеді.»
«Мариа, Эрасмус арқылы Түркияға келетін жастарға Анкара мен Анкара Университетіне келуге кеңес берер ме едің?»
«иә, әрине кеңес беремін. Себебі Анкара тұрғындары қонақжай. Осында тұрған кезде еш қиналмайсың. Осында келіп түрік мәдениетін жақыннан тануға болады. Түріктердің мәдениеттері, әдеттері өзгеше. Әрине, асханасы да ерекше, әрі дәмді.
Грекиядан келетін жастар да қате пікірлерін шетке тастасын. Біз көршіміз. Түріктер маған көп көмектесті. Эрасмус координаторы Ильяс Үлгүл мырзаға да алғыс білдіремін. Университеттің Эрасмус кеңсесі қызметкерлеріне де рақмет айтамын»
**
Мариаға келесі сұрақты Жоғары оқу координаторы Ильяс Үлгүр сұрады: «Мариа, білесің, Түркияда көптеген университет бар. Сен енді докторантураны да аяқтайсың. Осында қалып, осындағы университеттерде оқытушы болғың келе ме?»

«Мұны қазірге дейін ойлап көрмеппін. Бірақ не болмасқа? Мен осында бақыттымын. Диссертациялық жұмысты да, зерттеулерді де қиналмай жүргізіп жатырмын»
«Диссертациялық жұмысыңның тақырыбы қандай?»
Мен Грекиядағы бір партия мен Түркиядағы бір партияны салыстырып жатырмын. Грек партиясы Пасок, түрік партиясы Әділет және даму партиясы. Түркияға келу себебім де осы болатын. Осы жерде тікелей бақылап, зерттеу жүргізу мүмкіндігім бар. Түрік тілін үйрену орталығында да тіл мәселесін шештім. Эрасмус бағдарламасы да маған осы мүмкіндікті берді».
Уақытымыз аяқталмастан бұрын Ильяс Үлгүр мырзаға тағы бір сұрағымыз бар еді. «Эрасмус бағдарламасын пайдаланғысы келетін жастар жұмысты қай жерден бастауы керек?»
«Алдымен қай елде болса сол университеттің Эрасмус кеңсесіне барады. Осы бағдарламаны пайдаланғысы келетінін білдіреді. Түркияда Эрасмус бағдарламасы жөніндегі барлық сұрақты бізге жіберуге болады. yuksekogretim@ua.gov.tr электрондық пошта адресіне жазыңыздар»

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар