Абдуллах Гүл атындағы университет - 2

Ректор Ихсан Сабунджуоғлумен сұхбат

95147
Абдуллах Гүл атындағы университет - 2

Өткен апта сіздермен бірге Кайсери қаласының жас, әрі динамикалық университеті Абдуллах Гүл атындағы университетін тани бастаған болатынбыз. Ал бүгін осы университет жөнінде не біліп үйренер екенбіз.
**
Кайсеридегі Абдуллах Гүл атындағы университет ректоры Ихсан Сабунджуоғлунан университеттегі әлеуметтік мүмкіндіктерді сұрап білдік:


«Мен бір ғалым, бір ректор ретінде мынаған сендім: университет тәлімгерлер мамандық алып шығатын, белгілі техникаларды үйренгеннен кейін кететін орын болмауы керек. Осы техникалық инфрақұрылымның негізінде міндетті түрде әлеуметтік, мәдени және интеллект белсенділігі болуы қажет. Себебі карьерасында табысты тұлғаларға қарағанымызда, осындай адамдардың қоғамда тек білімдерімен емес, адамдармен байланысы, әлеуметтік жағынан белсенділігімен алға шыққан адамдар екенін көреміз. Абдуллах Гүл атындағы университет ретінде әлеуметтік өмірге және әлеуметтік белсенділіктің дамуын қамдайтын атмосфераға көп көңіл бөлеміз.
Қалашығымыз тамаша. Адамдар бұл жерді Гарвардқа ұқсатады. Әрине, кішкентай үлгісі, бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар бір қалашық. Осында тәлімгерлерге өте сенімді жатақхана мүмкіндігі қамдалған. Жатақхана да емес, негізінде студенттер ауылы. Олар үй секілді, өз бөлмелерінде тұрады. Барлығы бірге қолданатын ортақ алаңдары бар. Отбасыларынан алыстағы тәлімгерлер жанұяларын көп сағынады. Сондықтан осы жатақханаларда достарымен отбасы атмосферасын ішінара болса да сезінсін деп ойладық. Сонымен бірге тәлімгерлердің спортпен айналысуына да үлкен мүмкіндіктер бар.


Қалашық қалаға жақын. Осы қалашық ашық кампус түрінде. Тек студенттер емес, қаладан университетке келген кісілер де кеткісі келмейтін болады.


Осында алдымен жастар орталығы құрылды. «Жастар зауыты» деп аталады. Бұл орталықта жалпы білім беру мен сырттай, яғни жанамалы білім бірлестірілген. Жастар әрі өз араларында, әрі қоғаммен қайнасып, табысады, әлеуметтік азаматтық ұйымдармен, кәсіпорындармен бірге жүргізілетін жобаларын осы жерде жетілдіріп, жүзеге асырады.
Маусым айында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету тақырыбында Еуропада бірінші боп симпозиум ұйымдастырдық. Еуропаның түрлі елдерінен, нақтылап айтсақ 20-дан астам елден келген ғалымдар, іскерлер мен тәлімгерлер жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады. Бұл Жастар зауытының немесе Абдуллах Гүл атындағы университеттің Жастар кеңсесінің тұңғыш іс-шарасы болды»
**
Ректордан шетелдік тәлімгерлер Кайсериге және Абдуллах Гүл атындағы университетке неге келуі керек? деп сұрадық:
**
«Бұл жерде адам өзін өзгеше сезінеді. Бұл жердің ДНК-сы басқаша. Осында мәселе шығармаймыз, әрдайым шешім табамыз. Кайсеринің осындай мәдениеті қалыптасқан. Ешқашан үмітсіз болып қалмайды. Ең қиын жағдайда да сол мәселені шешетін балама жолдар табылады. Бұл – өте маңызды қасиет.
Екіншісі, Кайсери мыңдаған жылдан бері, біздің дәуірімізден 3 мың жыл бұрын да сауда қаласы болған. Жібек жолының маңызды торабы болған. Бизнеске байланысты бір нәрсе білгісі, үйренгісі келетіндер үшін шыныменен Түркияның ең маңызды қалаларының бірі.


Үшіншісі, Кайсери - көптеген жылдардан бері Түркияға маңызды басқарушылар, лидерлер дайындаған жер. Президент, премьер-министр, әкімдер шыққан. Үлкен компаниялардың басшыларын өсіп өндірген. Яғни, осы қалада лидер болудың бірсыпыра мүмкіндігі бар. Мұны ашып, ерекшеліктерін үйреніп алу керек. Менің ойымша, социологтар үлкен қалаларда немесе шетелдерде зерттеу жүргізудің орнына Кайсериге келіп, осы тақырыпты зерттесе, орынды болар.


«Неге Абдуллах Гүл университеті? Себебі біз Түркияда жаңа құрылған бір университетпіз, бірақ әлемдегі барлық университеттердің болашақта жететін межелерін қазірден көріп, сол жолда құрылған, сол жолда білімі мен зерттеулерін пішіндеген үшінші буын университетпіз. Біз қоғамдық ықпалды, қоғамдық өрені, университеттің үшінші функциясын назарға аламыз. Осы тұрғыдан қарағанда, көзқарасы ашық білім ордасымыз».


Сұхбатымыздың аяғында ректор Проф. др. Ихсан Сабунджуоғлунан шетелдік тәлімгерлерге шақыру тастауын сұрадық:
**
«Түркия өте қызықты ел. Жастық шағын жақсы өткізгісі келетін, мүмкіндіктер мен қиыншылықтарды бірге көргісі келетін адамдар үшін тамаша ел. Дамып келе жатқан, орасан зор армандары бар бір ел. Сондықтан басқа елдерде жинайтын тәжірибелерін осында оқи жүріп қысқа уақытта жинақтайды. Сондықтан Түркияға келулерін және бізге де тың жаңалық қосуларын күтеміз».


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар