Карабүк Университеті

Карабүк Университеті ректоры Проф. др. Бурханеттин Уйсалмен сұхбат-2

125626
Карабүк Университеті

Карабүк Университеті ректоры проф. Бурханеддин Уйсалмен сұхбатымыздың қалған бөлімін бөлісеміз бүгін.
**
Біз Карабүк Университетін араладық. Өте тамаша, ауқымды жерге орналасқан. Шалғындарды, гүлдерді ректор және оқытушылардың өздері еккен. Біз де басқа университеттерде көрмегенімізді көріп, өз көшеттерімізді отырғыздық. Артынан ректордың қолынан сертификаттарымызды алдық.
Енді ректордан осы жап-жасыл университетте шетелдік тәлімгерлерді күтіп тұрған мүмкіндіктер туралы сұралық:


«Университет қалашығында ешнәрсе олқы емес. Үлкен университеттерде, замандас білім ордаларында болуы керек барлық мүмкіндік Карабүк университетінде бар. Биыл Әлемдік қоршаған орта форумы тарапынан Дүние жүзінің табиғатпен дос университеті сыйлығын алдық. Карабүк Университетінің барлық кафедрасында ағылшын тілінде дайындық курсы беріледі. Кейбір кафедраларда кейбір сабақтар ағылшын тілінде, кейбір кафедраларда білім толығымен ағылшын тілінде беріледі. Тәлімгерлер үшін бұл өте үлкен артықшылық, әрине. Әрі ағылшынша үйренеді, әрі түрік тілін де үйренеді.
Біздің университетте дүние жүзінің түрлі жерлерінен, Африкадан, Таяу Шығыстан, Орталық Азиядан, Еуропа елдерінен келген тәлімгерлеріміз оқиды. Олар елімізге, қаламызға тез үйреніп кетті.»
**
Карабүк Университетіндегі әлеуметтік өмір туралы сұрап білмесек болмайды.


«Бүгінгі таңда ешнәрсе жасыра алмайсың. Егер бір университетте бір келеңсіз оқиға немесе сәтсіздік болса, дереу ғаламторға түседі. Мен шетелдерден елімізге келіп оқығысы келетін жастарды Карабүк Университетіне шақырамын. Карабүк Университеті тек лабораториялардан, сыныптардан тұратын университет емес. Карабүк Университеті тәлімгерлерін бір-бір лидер етіп дайындайды.
Университет құрамында 72 клуб пен үйірме жұмыс істейді. Олардың әрқайсысының өз кабинеттері бар. Басшылары да осындай курстарда сирек кездесетін демократиялық түсінікпен сайлау арқылы сайланады. 2013 жылы осы студенттік курс және үйірмелердің ынтасымен 1033 дана әлеуметтік және мәдени іс-шара атқарылды. Мұндай іс-шараларды басқа университеттерде таба алмайсыз.
Карабүк Университеті туралы айтқан кезде тәлімгер инициативаларына көп орын беретін университет деп атаймыз. Болашақтың басшылары болатын жастарды университет қабырғасынан бастап лидерлікке дайындауды жоспарладық. Сондықтан барлық істің басында тәлімгерлер бар. Университетті ректордан жақсы басқарады. Мен оларды мақтан тұтамын»
**
Ректор Проф. Бурханеддин Уйсалдан Карабүк қаласын тәлімгерлер үшін сипаттан беруін сұрадық:


«Карабүктің географиялық орны өте маңызды. Анкара мен Стамбулға жақын болуы, Түркияның ең ауқымды орманды жеріне орналасуы және барлығынан маңыздысы Карабүк халқының білімді жақсы көруі. Университет 7 жылдық үдерісте жылдам дамыды. Университеттің физикалық мүмкіндіктердің 70 пайызын қала халқы өзі қамдады. Университеттің дамуы үшін атсалысты. Карабүк халқының тәлімгерлерге деген ықыласы да ерекше. Әрине, біз жас университетпіз. Бірақ тәлімгерлерге ата-анасындай қараймыз.
Карабүк – сонымен бірге өнеркәсіп қаласы. Түркия Республикасының ауыр өнеркәсібінің іргетасы қалаған, республиканың көркеюінде және өнеркәсіптенуінде маңызды қызметтер атқарған қала. Карабүк Университетінде оқи жүріп жастар кәсіпорындарында практикадан өтеді. Әсіресе инженерлік білімін алғысы келетін жастарды Карабүк Университетіне шақырамын».
**
Сұхбатымыздың аяғында ректор мырзадан шетелдік тәлімгерлерді шақыру үшін не дер едіңіз? деп сұрадық:


«Карабүк Университеті түрік мәдениеті көрінетін, халықаралық деңгейге көтерілген, шетелдіктерді ұнататын, ағылшынша білім беретін, білімде практиканы алға шығаратын, әлеуметтік іс-шаралары мол, тәлімгер инициативаларына көңіл бөлетін, болашақтың лидерлерін дайындайтын университет болып табылады. Жастар университетті аяқтағаннан кейін өмірге бір қадам алда бастау үшін Карабүк Университетіне келуі керек».


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар