Білім көкөжиегінде – 10

Улудаг Университеті

87699
Білім көкөжиегінде – 10

Өткен апта сіздерге Улудаг Университеті жөнінде мағлұматты тап қайнар көзінен – ректор Камил Дилектің аузынан жеткізген болатынбыз. Бүгінгі бағдарламамызда ректор Камил мырза бізге Улудаг Университеті туралы деректерді беруді жалғастырады.
Ректор Камил Дилектен Улудаг Университетінің маңызды ерекшеліктері туралы сұрағанымызда Улудаг Университетінің бір кампус университеті екенін айтты және былай жалғастырды:
«Бүгінгі күні кампус университеттері бара-бара азайып барады. Университетіміз кампус университеті болғандықтан практикаға салмақ салады. Ауыл шаруашылығы факультетінің практикалық алаңы, ветеринарлық факультетінің шаруашылықтары бар. Улудаг Университеті 16 шаршы км алаңға құрылған. Осы 16 шаршы км-лік территорияның 8 мың шаршы метрі орманнан тұрады. Кампусымызда 2,5 миллион ағаш бар. Осы ағаштарды өзіміз отырғызып, өзіміз өсірдік. Табиғи өмірді қорғау алаңдарымыз бар. Бұл жерде киіктер, маралдар жүреді. Сонымен бірге көлшігіміз бар. Спорттық комплекстеріміз жастардың қызметінде. Сондықтан студенттер осы тұрғыдан көп мүмкіндікке ие.
Кафедралар мен бағдарламалар тұрғысынан алып қарасаңыз, шыныменен де үлкен бір университет екенін көресіз. Университет құрамында 12 факультет бар. Медицина факультетінен ветеринарлық, ауыл шаруашылығынан инженерлік факультетіне, теология факультетіне дейін түрлі факультеттерде білім алуға болады.
Екі жылдық дайындық студенттері үшін де 16 бағдарлама дайындалды. Осы тұрғыдан барлық мұқтаждықтарға жауап беретін бір университет».
Шетелдік студенттер немесе талапкерлер Улудаг Университетін неге таңдайды?
«Бұл сұраққа бірнеше тақырыппен жауап беру керек. Бұлардың бірі – Бурса. Шетелдік талапкерлердің барлығына Түркияда оқуды ұсынамыз. Себебі түріктермен танысқанда бізді шыныменен ұнатады. Достығымызға риза болады. Қонақжайлығымызды ұнатады. Ешқашан өздерін шетелдік деп, бөтен деп сезінбейді.
Бұл түрік халқының бірі қасиеті. Бұдан басқа Бурса өте ерекше бір қала. 700 жылдық тарихтың тұңғыш астанасы. Қаладағы барлық тарихи жәдігерлер сақталып қалған. Елімізде тарих жақсы сақталған жерлердің басында Бурса келеді. Замандас көркімен тарихи жәдігерлері бірге сақталған қала туралы айтып отырмыз. Бірақ Бурса тек тарихи ғана қала емес. Шынын айту керек болса өнеркәсіптің де астанасы. Мысал келтіретін болсақ, экспортта қазір Стамбулдан кейінгі екінші кезекте. Өнеркәсіп жақсы дамыған. Бұлардың барлығы студенттерге артықшылық болып келеді. Бурса халқы да шетелдік студенттерге үлкен ықылас көрсетеді. Көптеген азаматтық қоғамдық ұйымдар шетелдік студенттерге степендия береді.
Екіншіден ең маңызды ерекшеліктеріміздің бірі – жоғарыда да айтып өттім, кампусымыз. Әлемде кампус университеттерінің саны азайып барады. Кампус университетінің барлық сұлулықтарын, артықшылықтарын пайдаланады. Бірақ ең маңыздысы студенттерге ең қатыстысы білім саласындағы жұмыстар мен өзгешеліктер.
Улудаг Университетін Түркиядағы басқа университеттерден ажыратып тұратын маңызды айырмашылығы білім беруге байланысты кафедралардың көпшілігі акредитациясын жүзеге асырған. Бұл бағдарламалар әрі еліміздегі, әлі шетелдік акредитация мекемелері тарапынан бекітілген.
Басқа бір ерекшелігіміз: Жоғары оқу мекемесі тарапынан Бологна процесін ең жетік меңгерген алғашқы ондықта көрсетілдік.
Медицина факультетіміз – біздің мақтанышымыз. Халықаралық Joint Сommission International тарапынан қызметінің сапасы бекітілген.
Біз университет басшылығы ретінде практикаға көп көңіл бөлеміз. Бурсаның өнеркәсіп қаласы болуы практика және білімді игеру жағынан студенттер үшін үлкен артықшылық болып табылады.
Улудаг Университетінде шетелдік студент саны артып келеді. Деректерге қарайтын болсақ, 3 жыл бұрын 70 студент болса, биыл 300 студент қабылдадық. Алдымыздағы жылы болса 500 шетелдік студент қабылдауды жоспарлап отырмыз. Осы студенттер үшін Түрік тілін үйрететін орталықтарымыз жұмыс істейді. Осы орталықтарда түрік тілін меңгереді, ал білетіндер болса әрі қарай жетілдіре алады.
Көркемөнер саласында іс-шара ауқымы кең. Мемлекеттік кинотеатр ай сайын спектакль шығарып тұрады. Мемлекеттік симфония оркестірінің концерттері беріледі. Сонымен бірге студенттерге арналған 85-тен астам білім, өнер және хобия үйірмелері қызмет береді».
Ректор Камил Дилек мырзадан тұратын орындар туралы сұрадық.
«Бурса – білім қаласы. Кампусымызға жақын жерде студенттеріміз өмір сүретін «Гөрүкле» деп аталатын аудан бар. Осында студенттерге жатақханалар және бөлек пәтер секілді түрлі мүмкіндіктер ұсынылған. Айырықша кампустың ішінде 1500 төсек орынды жатақхана бар. Осында студенттер бір адамдық және екі адамдық бөлмелерде тұра алады.
Осы тұрғыдан біздің унирверситетімізді таңдаған талапкерлерге жататын орын қиыншылық туғызбайды.»


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар