Білім көкжиегінде - 1

«Білім көкжиегінде» атты осы бағдарламамыз өз көкжиегін кеңейту үшін шекара танымайтын жастарға арналады.

151080
Білім көкжиегінде - 1

«Білім көкжиегінде» атты бағдарламамызды бастай отырып, баршаңызға ыстық сәлем жолдаймыз. Осылайша назарымызды болашаққа аударамыз.

Жер шарының тұрғын саны жылдам артуда. Өкінішке орай жұмыс мүмкіндіктері болса жастарды қамтитындай түрде артып отырған жоқ. Халықаралық еңбек ұйымының «Жастар үшін жұмысқа орналастыру 2013» атты сараптамасында бүгінгі күнгі жастар «қауіп астындағы буын» деп аталады. Сараптамадағы деректерге қарағанда, 2013 жылы дүние жүзінде жұмыссыз екені болжалған 201,5 миллион адамның шамамен 37 пайызы, яғни 73,4 миллионы 15-24 жас арасында миллиондаған жас карьерасында жақсару болмайтын, өздерін жетілдіру мүмкіндігі жоқ күнделікті немесе жарты күндік жұмыстарда. Осындай жұмыстар білім алу немесе осыған ұқсас басқа мұқтаждықтар тұрғысынан уақытын үнемдегісі келетіндер үшін жақсы таңдау болуы мүмкін. Жарты күндік жұмыстарда істеп, бір саланы жақыннан тануға және болашағын осыған қарай жоспарлауға болады. Ал жастар болса таңдау мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан осындай жұмыстарда жұмыс істейді. Көптеген жас болса барлық іздестіруіне қарамастан жұмыс таба алмай, қоғамға пайдалы, өндіретін тұлға болудың орнына үйге қамалып, түрлі психoлогиялық дертке шалдығады.

Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік құны, жастардың батылдықтарының азаюы, сапасы төмен жұмыстар артқан сайын, экономикалардың өсім әлеуеттері азаюда. Былай қарасаңыз, сценарий толығымен түнек емес. Оқиғалардың болымды жақтарын байқап, осыларға қарай бағыт өзгертуге болады. Өзгеріп дамып отырған технология және түрлі мұқтаждықтар жаңа мамандық пен кәсіптің ортаға шығуын қамдайды. Артып отырған бәсеке атмосферасында жастардың жұмыссыздығы елдердің күн тәртібінде алғашқы кезекке шықса да, жұмыс берушілер де күн өткен сайын сапалы қызметкер табуда қиыншылық шегіп отыр. Халықаралық ортада білім алу, бірден көп шет тілін меңгеру, түрлі мәдениеттерді тану осы сайыста жастарға бірнеше саты алға шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар шекаралардың жойыла бастауы, қатынастың жеңілдеуімен енді арақашықтықтар мәселе болудан қалды. Дүние жүзі жаһандық бір ауылға айналды, жастардың алдына шығатын көптеген мүмкіншілік бар. Жастар алдарындағы болашақтың ең жақсысын таңдап, ең жақсы білім ордаларында білім ала алады.

Міне, біздің «Білім көкжиегінде» атты осы бағдарламамыз да өз көкжиегін кеңейту үшін шекара танымайтын жастарға жол көрсету мақсатымен апта сайын сіздермен бірге болады.

Түркия тек Еуропа мен Азия құрлықтарының арасында географиялық бір өткел ғана емес, сонымен бірге шығыс пен батыс өркениеттерінің, басқа діндердің және дәстүрлердің торабы, бір көпір.

Әлем көлемінде мақтау алған түрік білім беру жүйесі арманын орындағысы келетін жастарға құшақ жаюда, оларға ауқымды білім алу мүмкіндіктерін беруде. Соңғы жылдары Түркиядағы университет саны жылдам артып отыр, жастардың баспана және әлеуметтік мұқтаждықтары да назарға алынуда. Мүмкіндіктері шектеулі жастарға степендия беріледі.

Ал осы мүмкіндіктерден шетелдік жастардың хабары бар ма? Басқа бір елде білім алуға шешім бергенде білгісі келетін сұрақтарына жауап таба ала ма?

Осы бағдарламамызда ТРТ Түркия үні радиосы арқылы Түркияда білім алу тақырыбында барлық сұраққа жауап табатын боласыздар. Айырықша ғаламтор бетімізде жарияланатын бейнебаяндар арқылы керекті мағлұматтарды мамандардың аузынан тыңдай аласыздар. Түркияның түкпір-түкпіріндегі университеттердің мекендерін өз көзіңізбен көріп, дұрыс шешім қабылдайсыз. Қазір Түркияда білім алып жатқан шетелдік студенттердің сұхбаттарын тыңдап, олардың тәжірибелерінен де пайдалануға болады.

Біз осындай бір бағдарлама керектігін білеміз, себебі басқа бір елде білім алудың өзгеше бір тәжірибе деген мағынаға келетінін жақсы түсінеміз.

Жастардың университет өмірден күткендерінің тек бай кітапханаға ие, халықаралық салада өзін танытқан оқытушылар мен ғылыми тұрғыдан табысқа жетуге ұмтылған бір университет емес екенін жақсы білеміз. Өздері тұратын қаладағы әлеуметтік мүмкіндіктер, сауда орталықтары, кинотеатрлар, концерт залдары және басқа да көптеген тақырыпта мағлұмат алу, жеке бастарын, ерекшеліктерін жетілдіруді де алғы шепте ұстайды.

Түркия ғасырлар бойы көптеген түрлі өркениетке мекен болғаны себепті саяхат жасауды қалайтын жастардың назарын аударады. Мысал келтіретін болсақ, төрт теңізбен қоршалған екі түбектен тұратын, көптеген шаңғы орталығы бар Түркия жерінде әрі су спорттарын, әрі қыс спорттарын ұнататындар іздегендерін табады. «Білім көкжиегінде» атты бағдарлама да Түркияда білім алуды жоспарлайтындар үшін университеттерден қала тұрмысына, степендиялардан әлеуметтік мүмкіндіктерге дейін барлық салада жол көрсетуге дайын.

Бағдарламамыздың бірінші бөлімін Бернард Маламудтың бір сөзімен аяқтағымыз келеді: «Адам өмірінде сондай бір уақыт болады, міндетті түрде кетуі керек, егер есік пен терезе де болмаса, қабырғадан тесіп шығып кетеді».


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар