Түрікмендер алаңдап отыр

Террор ұйымы PKK Киркук қаласында жүр.

827834
Түрікмендер алаңдап отыр

Ирак Түрікмен майданы төрағасы Ершад Салихи бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Ирактың Киркук қаласынаа кіргенін айтып,  мұның түрікмендерді алаңдатқанын білдірді.

Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап берген Салихи: «Террор ұйымы PKK элементтері Киркуктегі жағдайды мүмкіндік деп пайдаланып, қаланың көшелерінде қыдырып жүр. Бұл қауіпсіздігі жоқ түрікмендерді алаңдатуда» деді.

Салихи Бағдат әкімшілігін жағдайды қадағалауға және террористтердің Киркуктен кетуі үшін міндетке шақырды. «Киркук үшін ең үлкен қауіп- PKK. Істерімен қаладағы қоғамдық бейбітшілікке қауіп төндіруде.  Бағдат пен Киркук әскери базасындағы американдықтардың жағдайға назар аударуын қалаймыз» деді ол.

Ирак Түрікмен майданы басшысы сонымен бірге түрікмендерге де үн қатты. Ол түрікмендердің өздерін қорғауын сұрады. «Біз-біріңізден хабардар болыңыз. Тузхурмату және Киркук төңірегінде қақтығыстар басталды. Ешкімнің нысана болмаңдар және мүмкіндігіңізше қаруларыңызды алып көшеде күзетте тұрыңдар» деді ол.

Салихи: «Бүгін – маңызды күндер. Құдай қаласа бұл күндер де бітеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар