Қасейіновке «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді

ТР Сыртқы істер министрлігі Дүйсен Қасейіновті марапаттады.

820155
Қасейіновке «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді
Çavuşoğlu_Kasseinov_Türksoy_Turksoy
Çavuşoğlu_Kasseinov_Türksoy_Turksoy
Çavuşoğlu_Kasseinov_Türksoy_Turksoy

Түріксой Бас хатшысы Қасейіновке «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді.

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой бас хатшысы Проф. Дүйсен Қасейінов түрік тілі,  мәдениеті және өнерінің қорғалуына қосқан үлесіне орай Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» сыйлығына лайық деп табылды.

Түркияның дос және бауырлас елдер Әзірбайжан, Белоруссия, Грузия,  Қазақстан, Қырғызстан, Молдова,  Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Украинамен арадағы дипломатиялық қатынастардың құрылғанына 25 жыл толуы Анкарада аталып өтті.

Анкара Паласта болған шараға ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, 1992 жылы бұрынғы Кеңес Одағынан бөлініп,  тәуелсіздігін жариялаған он елдің өкілетті елшілері мен дипломатиялық өкілдерімен бірге басқа да елдердің өкілдері қатысты.

Дүйсен Қасейіновке сыйлық

Түрік мәдениетін жалғастыру және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында жұмыс істейтін Түріксойдың құрылғанына да 25 жыл толғанын атап көрсеткен Сыртқы істер министрі Чавушоғлу осы ұйымның бас хатшылығын 2008 жылдан бері атқарып келе жатқан Проф. Дүйсен Қасейіновке ерекше алғыс білдірді.

Чавушоғлу Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке Сыртқы істер министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» сыйлығын тапсырды.

Сыйлықты алғаннан кейін Дүйсен Қасейінов бауырластық, достық және аймақтағы бейбітшіліктің тұрақты болуын тіледі.

«Осындай бір мақтау керек болса,  өнер қайраткерлерінің, Түркі әлемінің қабілетті мәдениет қайраткерлерінің осы табыстағы үлесі орасан зор. Сондықтан мен осы медальді өнерпаз достарым мен мәдениет қайраткерлерінің атынан қабылдаймын» деді ол.

Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы секілді жұмыс істейтін Түріксойдың орталығының Түркияда екенін еске салған Қасейінов міндетке келгелі бері Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және туризм министрлігі сынды қатысты мекеме мен ұйымдардың Түріксойға қолдау бергенін атап көрсетіп,  алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар