Түріксой Жастар Камера оркестрі Анкарада концерт берді

Түркияның бас қаласында сахнаға шыққан жас музыканттар Анкара қаласы тұрғындары мен музыка сүйер қауымды өнерімен тәнті етті.

775079
Түріксой Жастар Камера оркестрі Анкарада концерт берді

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой құрамында құрылған Жастар Камера оркестрі Анкарада концерт берді.

Балқан гастролінен бұрын Түркияның бас қаласында сахнаға шыққан түрік әлемі жас музыканттары Анкара қаласы тұрғындары мен музыка сүйер қауымды өнерімен тәнті етті.

Құрылғанынан бері түрлі халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған жас оркестр Түріксой ұйымына мүше Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия,  Түрікменстан, Башқұртстаннан жиналған жас музыканттардан тұрады. Жастар Камера оркестрі Анкара қаласында Президенттік Симфония оркестрінің концерт залында өз өнерін көрсетті.

Қазақстандық дирижер Анвар Акбаров және Әзірбайжандық дирижер Мұстафа Мехмандаров басшылығында жас оркестр әлемге танымал сазгерлердің классикалық шығармаларын майын тамызын орындап берді.  Артынан Жастар оркестрі түрік әлемінің майталман сазгерлерінің ұлттық мәдениетпен нәр алған шығармаларын классикалық стильде орындап шықты.

Қазақстан Республикасының Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы және Өзбекстан Республикасының Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Ульфат Қадыров,  Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, орынбасары Фырат Пурташ,  түрлі ұйым өкілдері, студенттер және анкаралық музыка сүйер қауым қатысқан концерт өте жоғары деңгейде өтті.



Ұқсас жаңалықтар