Кипрда тараптар келіссөз үстеліне оралды

Кипр арнайы өкілі Эспен Барт Эйде Кипр конференциясының Швецияның Женева қаласында өтетінін атап айтты.

746470
Кипрда тараптар келіссөз үстеліне оралды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының Кипр арнайы өкілі Эспен Барт Эйде Кипр конференциясының осы айдың екінші жартысында Швецияның Женева қаласында өтетінін атап айтты.

Эспен Барт Эйде БҰҰ Бас ғимаратында ұйымдастырған баспасөз жиналысында Кипр конференциясын жаңадан өткізуге шешім қабылдауымен байланысты «Осы сатыға жеткенімізге қуаныштымын. Дегенмен әлі де жасайтын көп нәрсе бар» деді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш және кипрлық басшылар арасында апта соңында Нью-Йоркта болып өткен кездесудің «шынайы және адал» бір атмосферада жүзеге асқанын Түркия, Грекия, Ұлыбритания және Еуроодақ лауазымдыларыменде ақылдасқан соң конференция күнін белгілейтіндерін атап айтқан Эйде «Женева Конференциясы ойымша маусым айының екінші жартысында өткізіледі» деді.

Түркияның кезеңге қатысты рөлі жайлы бір сұраққа Түркиямен жақсы және терең бір диалог жүргізгендерін атап көрсеткен Эйде түрік лауазымдылардың өзіне шешімнің әрі Түркияның, әрі аймақтың мүддесіне болатынын айтқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар