Тоқыма саласында су қолдану артып келеді

Ең қызықты деректер - 57

2071597
Тоқыма саласында су қолдану артып келеді

Тоқыма саласында су қолдану артып келеді

 Жылына шамамен 79 миллиард текше метр су қолданылатын тоқыма саласындағы осы мөлшердің жылдам сән ағымымен 2023 жылы 120 миллиард текше метрге шығуы болжалып отыр.

**

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) және Еуропа Парламентінің деректеріне қарағанда, әлем көлемінде тоқыма саласында жылына шамамен 79 миллиард текше метр су қолданылады. Жылына 5 миллион адамның су мұқтаждығын қамдауға жететін осы мөлшер 2030 жылы 120 миллиард долларға көтеріледі.

Мақта-матадан бір жейденің өндірісі үшін шамамен 2700 литр су жұмсалады. Бұл бір кісінің 2,5 жылдық ауыз суына жетеді.

Бір джинсы шалбардың өндірісінде қолданылатын шамамен 7500 литр су болса бір адамның 7 жылдық ауыз суына дөп келеді.

2000-2015 жылдар арасында киім өндірісі екі есе артты.  Киім өнімдерінің орташа қолдану жылдамдығы болса сән ағымына қарай азайып барады.

Жаһандық деңгейдегі қалдық судың 20 пайызы шығатын мода индустриясында әр секунд сайын  бір жүк көлігі толы тоқыма материалы өртеледі немесе лақтырылады.

Қолданылған киімдердің жартысынан азы қайта қолдану немесе қайта өңдеу үшін жиналады.  Ал бұл киімдердің тек 1 пайызы ғана жаңа киімдерге айналады.

Энергиядан кейін қоршаған ортаны ең көп ластайтын екінші индустрия ол – мода индустриясы. Жаһандық деңгейде көміртек шығарындысының 10 пайызын қалыптастырады.  Бұл - халықаралық рейстер және кеме тасымалының шығарындысынан да көп.

**

Ал тоқыма саласында қалай үнемдеуге болады?

Өнімдерді ыңғайлы су температурасында жуу, дұрыс дәрежеде және әдіспен кептіру, кейбір өнімдерді ережесіне сай химиялық тазалық қызметіне беру өте маңызды. Осылайша әрі су,  әрі энергияны үнемдеуге болады.

Айырықша текстиль базаларының қайта өндеу үшін инвестиция салуға, қалдық су қолдануға ынталандырылуы керек.

Басқа жағынан қолданылған судың қайта тазаланып,  өндіріске жіберілуі қажет.  Әсіресе қалдық судың 70 пайызының қайта қолданылуға жарамды екенін ұмытпау керек.

Дереккөз – Анадолы агенттігі (AA)


Этикеттер: #сән , #су , #текстиль

Ұқсас жаңалықтар