Зонгулдак - маңызды өнеркәсіптік қала

Капитанның борт журналы - 25

2044253
Зонгулдак - маңызды өнеркәсіптік қала

Зонгулдак - маңызды өнеркәсіптік қала

«Капитанның борт журналына» қош келдіңіздер.  Қаратеңізде саяхатымызды жалғастырамыз. Сіздермен бүгінгі сапарымыз шамамен екі ғасыр бұрыннан, бу моторы жасап шығарылған кезеңнен басталады.  Осы жаңалық арқасында Өнеркәсіп төңкерісі деп аталатын кезең басталды. Бу моторлары көмір кенішіндегі судың сыртқа қауіпсіз түрде шығарылуын қамдайды, осының арқасында көп көмір шығарылады. Көмірі бар елдер жылдам дамиды. Енді бу күшімен жұмыс істейтін пойыздар,  кемелер мен зауыттар бар еді. Бүгінгі күні үшін мұнай қаншалықты маңызды болса 1800 жылдар үшін де көмір соншалықты маңызды болатын. Біз Қаратеңізді аралап жүріп бұл тарих мәліметі қайдан шықты дейтіндер болар. Бүгін сапарымызды Өнеркәсіп төңкерісімен бастадық. Себебі ротамыз – Зонгулдак.  Зонгулдак-Түркияның маңызды өнеркәсіптік қалаларының бірі.  Қаратеңіздегі осы қала көмір тұрғысынан бай. Көмірдің әрі қала,  әрі ел экономикасына үлесі зор. Сондықтан бүгін біз қыдыратын Зонгулдак бір индустрия қаласы ретінде танымал.

Алда көрінген теңіз маягы Зонгулдакқа жақындап қалғанымызды хабарлайды.  Жүз жасынан асқан осы керемет ғимарат теңіздегі қайық пен кемелерге көп жылдар бойы жол көрсеткен.  Біз де оған сәлем беріп, Зонгулдак портына тоқталық.

**

Зонгулдак порты басқа порттардан басқаша болып көрінуі мүмкін. Себебі бұл жер – өнеркәсіп қаласы. Портта көмір тиелген кемелер, түрлі жүк тасыған қайықтар, крандар бар.  Көмір қаладағы болмысын барлық жерде сездіреді.

Көмір Зонгулдакта бірінші рет Османлы мемлекеті кезінде шығарылады және «қара алмас» деп аталады.  Алайда қалада көмірді жеткізетін порт жоқ еді.  Порт та Османлы кезінде салынады. Алайда порт қиыншылықпен салынады.  Себебі Қаратеңіздің тентек толқындары мен дауылдары порттың құрылысын бірнеше рет қиратады.  Порт салынғаннан кейін қаланың тұрғын саны артады. Шетелдермен көмір саудасы басталады.  Зонгулдак жылдам дамиды.

Енді қайығымызға зәкір салып,  қаланы аралауды бастаймыз. Портта теңіздің ішінде көрінетін мына мемориалды ғимарат «Шаржоман» деп аталады. Бұл атауды «жүктеу, тиеу» деген мағынаға келетін француздың «chargement» деген сөзден алған.  Кен орнынан жеткен көмірдің жүк кемелеріне тиелуі мақсатымен салынған. Бұл ғимарат 150 жылдан астам уақыттан бері тұзды судың ортасында тұр. Соған қарамастан бүгін әлі құламаған және сол кездің куәгері ретінде портта  қонақтарды күтіп алады.

**

Зонгулдак Түркияда көмір және еңбектің бас қаласы ретінде танымал. Сондықтан қалада көмір, кеншілер және кен орындарының орны үлкен.  Көмір жер бетінің барлық жерінде өте қиыншылықпен, үлкен еңбекпен шығарылады. Көмір кенінде жұмыс істеу өте қиын.  Зонгулдакта кеніштерде жұмыс істеу шарттары, тас көмірінің жер астындағы өндіріс процесі және қолданылған құрал-саймандар көрмеге қойылған бір мұражай бар.  Енді бірге осы мұражайға барамыз.  Зонгулдак Кен мұражайы Түркияның алғашқы және жалғыз кен мұражайы.  Мұражайда кенорнында қолданылған байланыс құралдары, бұрыннан бері қолданылған құралдар,  көмір және қазбалардың түрлері көрсетілген. Осында сіздерді бір тосын сый күтіп тұр.  Осында келген баршаны толқытатын, басқаша сезім оятатаын «тірі мұражай» деп аталатын бір бөліміне өтеміз. Кеншілер күнде қолданатын лифттің ұқсасына мінеміз. Жердің жүздеген метр астына түсіп бара жатқандай сезім береді бұл симуляция. Лифттен шыққанда бізді қарсы алатын бөлім болса нағыз шахта. Білім беру мақсатты қолданылатын осы шахтада кеншілердің жер астындағы жұмысы мен шарттарына жақыннан куә боласыз. Қандай сезім, солай емес пе?

**

Зонгулдак көмірімен және кенімен соншалықты атағы шыққан бір қала болса да, табиғи сұлулықтарымен де таныстырылуға лайықты жер.  Бірақ бүгінгі бағдарламамызда оған уақытымыз болмады. Келесі аптада сіздермен бірге Зонгулдакты аралауды жалғастырамыз.



Ұқсас жаңалықтар