Tүркияның құрлық мұздықтары жаһандық жылыну салдарынан жойылу қаупімен бетпе-бет

Ең қызықты деректер - 48

2040974
Tүркияның құрлық мұздықтары жаһандық жылыну салдарынан жойылу қаупімен бетпе-бет

Tүркияның құрлық мұздықтары жаһандық жылыну салдарынан жойылу қаупімен бетпе-бет

 Мамандар климат өзгерісі және жаһандық жылынудың әсерімен Түркиядағы құрлық мұздықтарының еріп, 30-35 пайыз мөлшерінде азайғанын, жағдай бұлай жалғасқан жағдайда 50 жыл ішінде барлық тау және сай мұқздықтарының жойылатынын айтып отыр.

**

Күн сәулелерін шағылыстырып, Жер шарының асыра жылынуына кедергі болатын полюстердегі мұздықтар 1970 жылдардан бүгінге дейін жартылай азайды.  Климат өзгерісінің әсерімен болған осы шығын тек полюс мұздықтарымен шектеулі емес.  Төңірегіндегі ортаны су көздері тұрғысынан қамтамасыз ететін таулардағы құрлық мұздықтары да еріп бара жатыр.

Стамбул Техникалық Университеті Еуразия жер білімдері институтының оқытушысы Проф. Др. Мехмет Акиф Сарыкая полюс мұздықтарының өлшем жағынан үлкен, тау мұздықтарының кіші екенін айтты.  Климат дағдарысына байланысты екі мұздық түрінің де массасынан айрылып ерігенін еске салған Сарыкая «Осы тұрғыдан екеуін бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Полюс мұздықтары өте үлкен болғандықтан олардың еруі құрлықтағылар секілді жылдам емес.  Біз секілді орта ендік аймақтарындағы мұздықтардың еру жылдамдығы өте жоғары» деді.

Өнеркәсіптену процесінен кейін артқан температураның бүкіл әлемде болғаны секілді Түркияда да мұздықтарды азайтқанын баяндаған Сарыкая құрлық мұздықтарының басты су көздері екенін және осы мұздықтардың еруінің су көздерінің азаюы деген мағынаға келетінін атап көрсетті.

Әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда Анадолыда өте үлкен масштабта мұздық массалары жоқтығын, мұздықтардың еруінің өте үлкен әсері болмайтынын айтқан маман былай деді: «Түркияда барлығы 12 локацияда 51 мұздық аймағы бар. Олар барлығы 10 шаршы километр ауданды қаптап жатыр.  Ағры тауының шыңындағы ең үлкен мұздығымыз 1976 жылы шамамен 8 шаршы километр болса,  бүгінгі күні 5 шаршы километрге төмендеген.  Мұздықтарымызда жалпы 30-35 пайыз азаю байқалды. Хаккари Джило тауындағы мұздықтарымыз соңғы 100 жылда 50-60 пайыз азайған. Егер жылыну осы жылдамдықпен жалғасатын болса Эрджиестегі мұздықтың барлығы еріп кетеді.  Жер көлеміндегі ауа райы ремпературасы рекордтары адамның қолынан болған істермен бірлескенде мұздықтардың еруі жылдамдай түседі. Джилодағы туризмге бағытталған жұмыстар осыған мысал болады. Рекордтық деңгейдегі ауа температурасына адам істері қосылады және мұздықтардың еруі жылдамдап, су көздеріне нашар әсер етеді»

«50 жылда тау және сай мұздықтарының барлығына дерлігі еріп кетуі мүмкін»

Бұғазіші Университеті Климат өзгерісі және саясаттары орталығының басшысы Проф. Др. Мурат Түркеш Түркияда тау мұздықтары мен Ағрыдағы мұздықтардың соңғы 50 жылда жылдам ерігенін, азайғанын айтты.  Түркеш былай деді: «Осылай жалғасатын болса,  алдымыздағы 50 жылда тау, сай мұздықтарының барлығы еріп кетеді.  Бұл Түркия үшін де солай. Себебі жүргізілген жұмыстар Түркияның түрлі жерлерінде қалған мұздықтардың, сай мұздықтарының бара-бара тез ери бастағанын көрсетіп отыр».

Мұздықтардың үстіндегі қалың қар жамылғысымен бірге болатынын,  төңірегіндегі географияны, экожүйені, су көздерін және тіршілікті қоректендіретін маңызды су ресурсы екені айтқан Түркеш «Жеткілікті қар болса еру-қалыптасу теңгерімі сай болса айналым жүреді. Алайда енді осы теңгерім бұзылды. Себебі жаһандық жылыну себепті мұздықтар тез еріп бара жатыр, қар жауса да жылдам ериді» деді.

"Изостатикалық тепе-теңдік бұзылған"

Түркеш тау мұздықтарының азаюымен төңірегіндегі экожүйелерде қалыптасқан арнайы климат пен өзіне қатысты географияның енді жеткілікті су көзіне ие бола алмайтынын айтты.  Ол сөздерін былай жалғастырды: «Әсіресе Гималайда, Ант тауларында кейде кенеттен қар жаууы және мұздың еруі сел, су тасқыны және топырақ көшкініне себеп болуда.  Ұзын мерзімді әсері болса мұздықтар еріген кезде таулы аймақтар көбірек тозады. Осылайша баяу да болса жер қабығындағы изостатикалық тепе-теңдік бұзылады. Бұлар ең ауқымды жаһандық әсері деп айтылады. Егер мұздықтар уақыт өте келе толығымен жойылса бұл су сөздерінің азаюы, орман шекарасындағы альптердегі шалғындардың кеуіп кетуі, хабитаттың бұзылуы және ғасырлар бойы көшпенді мәдениетінде малын жайып, мал шаруашылығымен айналысқан тұрғындарға нашар әсер ету деген мағынаға келеді.

Дереккөз - AA



Ұқсас жаңалықтар