Мұздықтардың еруі Түркияны қоршап тұрған теңіздердегі су деңгейін көтереді

Ең қызықты деректер - 46

2037971
Мұздықтардың еруі Түркияны қоршап тұрған теңіздердегі су деңгейін көтереді

Мұздықтардың еруі Түркияны қоршап тұрған теңіздердегі су деңгейін көтереді

 Мамандар еріген полюс мұздықтарының Түрияны қоршап тұрған теңіздердің жылына 4мм биіктеуіне себеп болатынын,  мұның қазіргі инфрақұрылымға зиян келтіру ықтималына орай ғимараттардың қайта қаралуы керектігін айтады.

**

Күн сәулесінің шамамен 80 пайызын шағылыстырып, Жер бетінің асыра жылынуына кедергі жасайтын Солтүстік полюстегі мұздықтар 1970 жылдардан бүгінге дейін жартылай азайды.

Бүгінгі күні Солтүстік полюсте теңіз мұздықтары жыл бойы тұрады.  Жаз айларында мұздықтар азаяды, қыста қайта артады.  Алайда зерттеушілер Солтүстік Полюстің әр 10 жылда 13 пайыз мұздықтан айрылғанын және 2050 жылға дейін жаз маусымында мұздықтардың жойылып кететінін болжап отыр.

Осындай жағдай Антарктикада да бақылануда.  Құрлықтың 1992 жылдан бері түсірілген көріністері дәу мұздықтардың жылына 7 метр биіктіктен айырылып қалғанын және мұхиттарға жылына 120-140 миллиард тонна мұз араласқанын көрсетеді.

Климат өзгерісінің әсерімен полюс мұздықтарындағы еру әлем теңіздері мен мұхиттарына әсер етеді. Теңіз деңгейлері биіктеп, асыра ауа құбылыстарына себеп болады.

Түркияны қоршаған теңіздерге осы оқиғаның әсерін 9 Қыркүйек университеті Теңіз ғылымдары және технологиясы институты Теңіз ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Проф. Шүкрү Туран Бешиктепе Анадолы агенттігінің тілшісіне айтып берді. Ол мұздықтардағы еру себебімен мұхиттардағы су көлемінің және теңіздердегі жылу мөлшерінің артқанын айтты.

**

9 Қыркүйек университеті Теңіз ғылымдары және технологиясы институты Теңіз ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Проф. Шүкрү Туран Бешиктепе «Жүргізілген зерттеулерде Түркия теңіздерінде жылына 4 мм теңіз деңгейінің биіктегенін байқадық.  Бұл өте аз секілді көрінуі мүмкін, бірақ он жылда 4 сантиметрге, жүз жылда да 40 сантиметрге дөп келеді.  Теңіздер жылынып келеді. Жылынған су кеңейеді және су биіктігі артады. Осының барлығы жылдық 4 миллиметрге қосылады. Теңіз деңгейіндегі биіктеу арта түседі. Жағалау аймақтарындағы теңіз деңгейінде осы артуды нақты көретін боламыз. Алдымыздағы 20 жылда осындай қиыншылықтарды бастан өткереміз» деді.

Ерудің басқа  бір факторы – балдырлардың артуы

Йылдыз Техникалық Университеті Химия-металлургия факультеті биоинженерия кафедрасының оқытушысы проф. Др. Дидем Балканлы Өзчимен жаһандық жылынудың атмосфераның да, мұхит суларының да температурасының артуына себеп болып, мұздықтардың бұрынғыдан да жылдам еруіне жол ашатынын білдірді.

​Мұздықтардың қорғаныш жамылғысы қызметін атқарып, шамадан тыс жылуды атмосфераға шағылыстыратынын еске салған Өзчимен «Полюстердегі мұздықтар дүниежүзілік климат жүйесін, теңіз деңгейі мен температурасын, мұхит ағыстарын, тұщы суды қорғау мен теңгеруде маңызды рөл атқарады. Мұздықтар еріп, мұхиттар жылынған сайын, мұхит ағыстары дүние жүзіндегі ауа-райының заңдылықтарын бұзады» деді.

Антарктика түбегіндегі назар аударарлық жылыну үрдісінің экожүйе мен криосфера процестерінде кейбір өзгерістерге себеп болғанын және соңғы жылдары мұз массасының үлкен шығындары болғанын меңзеген Өзчимен тағы бір байқалған фактордың  қар жамылғысы беттерінде пайда болған балдырлар екенін айтты. Ол әрі жаһандық жылыну, әрі балдырлардың гүлденуі мұздықтардың еру процесін жылдамдататынын білдірді.

Дереккөз - AA 



Ұқсас жаңалықтар