Терме және амазондар

Капитанның борт журналы - 16

2011380
Терме және амазондар

Терме және амазондар

«Жиһангездің» қозғалатын уақыты келді. Бізбен сапарға шығуға дайынсыз ба?

Қазір желкенімізді ашып,  аққудай қалқып бүгінгі аялдамамызға барамыз.  Ауа райы біраз күңгірт, бірақ жаңбыр жаумайды. Борт журналымызды ашып,  дереу ротамызды жазайын.  Ал енді жылжитын уақыт келді. 

**

Амазондар туралы естеп пе едіңіз? Амазон ормандары емес,  жауынгер әйелдер ретінде танымал амазондарды сұрап отырмын. Олар мифологиялық хикаяның кейіпкерлері ме әлде шынында болған әйелдер ме? Бүгін қайығымыздың ротасында Самсунның Терме ауданы бар.  Кейбір жазбаша құжаттар амазон әйелдер өмір сүрген жер ретінде Термені көрсетеді.

Ежелгі дәуірде амазондар туралы жиі айтылады.  Әрі жазбаша құжаттар, әрі өнер туындыларында оларды кездестіруге болады. Амазондар туралы бірінші рет ежелгі дәуірдің атақты жыршысы Гомер айтады.  «Илиада» дастанында олар туралы «ерлермен тең» дейді. Троя соғысына қатысқандарын жазады. Тарихтың атасы деп аталған Геродот та амазондар туралы «еркектерді өлтірген» деп айтылғанын,  бүгінгі Ресей территориясындағы Дон өзені аймағында өмір сүрген тайпадан келгендерін жазады. Сол дәуірде өмір сүрген географ Страбон туындыларында амазондар туралы айтады. Бәлкім сіз таңғаларсыз,  ежелгі дәуірдің алдынғы қатарлы ойшылы Платон да олар туралы айтады.  Атақты кітабы «Мемлекетте» Қаратеңіз төңірегінде ерлер секілді атқа мініп,  садақ атып, қару қолданатын сансыз әйел бар екенін атап көрсетеді.  Көбіне мифологиялық хикаяларда аты кездесетіндіктен оларға күдікпен қарайды адамдар, қиял ма әлде шын адамдар болғаны көптеген жылдар бойы нақтыланбайды.

Бүгінгі ротамызды, яғни Самсунның ең шығысындағы Терме ауданына қарай жолымызды жалғастырамыз.  Терменің тарихы едәуір бүрынға барады.  Терме Анадолының қәдім өркениеттерінің бірі хеттер тарапынан құрылады.  Артынан медтер,  парсылар,  фригтер, Рим, Византия, ең соңында түріктердің билігіне енеді.

Терме амазондардың мекені ретінде танымал. Жоғарыда айтылғандай, Геродот пен Страбон еңбектерінде амазондардың Термодон, яғни бүгінгі Терме жылғасы жағалауында бір қала құрғанын білдіреді.  Тіпті кейбір құжаттарда Терме жылғасының жақын жеріндегі таудың аты Амазон тауы деп аталады. 

Матриархтық өмір сүрген осы жауынгер әйелдердің шыныменен тарихта болып болмағанын көптеген жылдар бойы тарихшылардың назарын аударады. 1994 жылы америкалық археолог Др. Кимбал Қазақстанда бір қазба жұмыстары барысында өте сирек кездесетін бір қабір тауып алады.  Осы қабірде 30-40 жастарында көптеген әйел сүйегі жатады. Қазба жұмыстарында әйелдердің кейбірінің атқа мінген позициясында көмілгені,  көбінің жебе мен қылыш секілді қарудан жарақат алғаны, жебелері мен 90 сантиметрден ұзын қылыштарымен бірге көмілгендері анықталады.  Археолог Кимбалдың есіне жауынгер амазон әйелдер келеді. Қабірдегі әйел склеттерінен және аймақта өмір сүретін көшпелі қазақ әйелдерінен анализ үшін дерек жинайды. Жүргізілген ДНК анализі нәтижесінде олардың гендері 99,9 пайыз бірдей болып шығады!

2019 жылы Ресей Археология институты зерттеушілері Ресейдің батысында басқа бір қабыр тауып алады. Сақ жауынгер әйелдердің қабірі -амазон деп аталған жауынгер әйелдердің шыныменен тарихта өмір сүргендерінің басқа бір айғағы. Осылайша ежелгі гректердің Орталық Азиядағы осы әйелдерден шабыт алғаны,  амазондардың қиял емес екендегі дәлелденеді.

Алайда амазондардың Самсунның Терме ауданында өмір сүріп сүрмегендері туралы әлі нақты айғақ табылмады. Бұл жағдай аймақта егжей-тегжейлі археологиялық зерттеу жүргізілмегендіктен болар.  Бәлкім жақын болашақта амазондардың Термеде өмір сүргендері дәлелденетін шығар.  Себебі аңыздар шындықты тап сол күйінде көрсетпесе де, шындыққа жақын элементтерге ие. Сондықтан да тарих ғылымы аңыздардан пайдаланады.  Яғни аңыздарды елемей кетуге болмайды.

Енді барлығымыз бірігіп,  Термедегі Амазон ауылына барайық.  Осында балауыздан жасалған амазон әйелдер мүсіндері, үңгір секілді үйлері мен қолданған соғыс құралдарын көрелік.

Аңыз ба, шын ба дей отырып, амазондар туралы айтып бердік бүгін.  Термедегі басқа жерлерді аралауға уақыт қалмады.  Амисос төбесі мен күлтөбесін, құс түрлілімен танымал Акгөл және Сименит көлдерін атап бітірейік бағдарламамызды.



Ұқсас жаңалықтар