«Малатия Арапгир ағаш шегелі аяқ киімі»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 38-2023

1990789
«Малатия Арапгир ағаш шегелі аяқ киімі»

«Малатия Арапгир ағаш шегелі аяқ киімі»

Тіркелу уақыты:  09.12.2022

Түркияның Шығыс Анадолы аймағындағы тарихи Малатия қаласына қарасты Арапгир ауданы жергілікті қолөнер өнімі «Малатия Арапгир ағаш шегелі аяқ киімі» арқылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері тізіміне атын жаздырды. Арапгир Қала әкімшілігінің өтінішімен 2022 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енген «Малатия Арапгир ағаш шегелі аяқ киімі» аймақта ғасырлық тарихқа ие. Аяқ киімді жасауда иленген сиыр терісі қатты былғарыдан дайындалған табанға ағаш шегелермен шегеленеді. Ағаш шегелердің ұзындығы 5 миллиметр, қалыңдығы жарты миллиметр болып, пеште кептірілген шамшатыр, қайың және мүйіз ағаштарынан жасалады.

Шілтерлі, бауы бар, белбеулі және үсті кең сияқты көптеген түрмен шығарылатын «Арапгир ағаш шегелі аяқ киімін» өндіру үлкен шеберлікті қажет етеді.

«Арапгир ағаш шегелі аяқ киімі» дайын өлшемді қалыптармен жасалады, алайда талап бойынша адамдардың аяғының өлшеміне сай арнайы да өндіріледі.



Ұқсас жаңалықтар