Трабзонның тарихи мекендері

Капитанның борт журналы - 8

1980748
Трабзонның тарихи мекендері

Трабзонның тарихи мекендері

«Капитанның борт журналына» қош келдіңіз.  Қаратеңіз аймағында Самсуннан кейінгі екінші үлкен қала Трабзонды аралауымызды жалғастырамыз.  Уәдемізді ұмыттық деп ойламаңыз. Өткен апта мүмкіндік болмады. Бүгін сіздерді Тарихи Трабзон базарында кофе ішуге алып барамын.

Бедестен – Османлы мемлекеті кезінде көп таралған ғимарат түрі. Базар деп аударуға болады.  Күмбезді төбесі және төртбұрышты сәулеті – осы ғимараттардың ең көрінетін ерекшеліктері.  Стамбулға келмеген болсаңыз да, Капалычаршы, яғни Гранд Базарды естіген боларсыз. Міне, бедестендер Капалычаршыға ұқсас ғимараттар. Алдарыңыздағы мына Трабзон базары да қаланың ең байырғы сауда ғимараты.  Осы базар бұрын қымбат бұйымдар сатылатын жер еді. Бүгін болса өңірге тән туристік бұйымдарды көруге болады. Келіңіз, базардың екінші қабатына көтерілейік, сізге берген уәдемді орындайын. Бақыр туркада жай отта пісірілген кофенің көбігі көп болғаны жақсы.  Сіз кофені қалай ішер едіңіз? Қантсыз ба, аз қантпен бе әлде көп қантты ма? Кофенің қасына жалпы локум қойып ұсынады.  

**

Кофемізді бітірдік. Енді жолға шығайық.  Трабзон саяхатымызды Гүлбахар Хатун мешітімен бастаймыз.  Осы мешітті Османлы падишасы Явуз Сұлтан Селим анасы үшін салғызған. Салынған кезінде мешіт кедей мен медресе шәкірттеріне азық-түлік тарататын асүй, сол кездің білім ошағы медресе, мазар және моншадан тұратын бір комплек ретінде жобаланған.  Бүгінгі күні тек мешіт пен мазар құламай қалған.

Саяхатымызды Трабзонның ең байырғы шіркеуімен жалғастырайық. Санта Мария шіркеуі  - қалада әлі күнге қолданылған бір шіркеу. Османлы падишасы Сұлтан Абдулмажит осы шіркеуді Трабзондағы христиандар үшін салғызған. Осы жерден мына тар және өр жолға қарай шығайық. Осы жолдың соңында бізді Трабзонның тамырлы тарихын көрсететін бір ғимарат күтіп тұр.  Қыздар монастыры. «Құдай қорғайтын жер» деген мағынаға келетін басқа бір аты да бар монастырьдың. Бұл жер жақсы қорғалатын жер. Керемет сәулетімен кең жерге салынған. Қыздар монастыры Жартас шіркеуі, Қоңырау мұнарасы және шапелімен назар аударады.  Монастырьдың шіркеуінің қабырғасында Әзірет Исаның өмірі баяндалған сирек кездесетін фрескалар бар.

Монастырьлардың христиандықта ерекше орны бар.  Бірақ Трабзондағы Сүмела монастырының орны өте ерекше. Христиандықтың маңызды орталықтарының бірі ретінде қабылданады.  Осы монастырь ғажайып оқиға жүзеге асырғаны айтылған бір иконаға ие болғандықтан қасиетті деп есептелетін. «Қара Мадонна» деп те аталатын Мәриям Ана иконасы ауруды жазады,  тапшылық пен басқа да қиыншылықты жояды деп есептелетін.  Понти православ монастыры болып табылатын Сүмела монах дайындайтын бір мектеп болғандықтан аймақтың ең маңызды монастыры. Бүгінгі күні теңіз деңгейінен  метр биіктігінде қатты жартастарға ойылған Сүмела монастыры көрген адамды таңғалдырады.  Келіңіз, енді сізбен бірге ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының уақытша тізіміне енген осы керемет ғимаратты аралайық. Осы ғимаратқа жету біраз қиындау. Себебі 300 метрлік баспалдақтан көтерілуіміз керек. Қанекей, асықпай көтерілейік.

Баспалдақтың аяғына келдік ақырында.  Біраз қиындау болды. Сонда да ғимараттың ауласына келіп жеттік.  Монастырьдың үлкендігі мен көркемі осы жерден жақсы түсінікті. Сүмела монастыры үңгірге ойылған шіркеу, қорғаушы,  монах және шәкірт бөлмелері,  шапельдер, қонақжай және кітапханасымен 72 бөлмеден тұрады.  Монастырьдың ортасында қасиетті бұлақ бар. Бұл бұлақ ғасырлардан бері ағып тұр.  Тоқтамастан жартастың төбесінен тамшылап тұрады. Бұлақтың суы шипалы деп есептеледі.

Сүмела монастыры керемет сәулетімен бірге фрескаларымен де назар аударады.  Фрескалар сауатты адам аз кезде адамдарға Інжілді түсіндіруге тырысқан. Монастырьдағы жартас шіркеуі мен оған жапсарлас шапельдің ішкі және сыртқы қабырғалары фрескалармен қапталған. Осы түрлі түсті фрескаларда әлемнің жаратылуы, Інжілдегі сахналар мен кейбір ғажайыптар, Әз. Мәриям мен Әз. Исаның өмірінен үзінділер суреттелген. Уақыт оларды ескіртсе де, бүгінгі күнге жеткендері бізге олардың бір кездері қаншалықты керемет екенін дәлелдейді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар