Оңтүстік Кавказдағы маңызды сапарлар мен оқиғалар

Еуразия күн тәртібі – 34-2023

1977643
Оңтүстік Кавказдағы маңызды сапарлар мен оқиғалар

Бүгінгі бағдарламамызда Оңтүстік Кавказ аймағының күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.

Өткен апта Оңтүстік Кавказ Республикаларында маңызды сапарлар мен оқиғалар болды.

Енді осы жағдайларға қысқаша тоқталайық

2023 жылы 10 сәуірде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен барды. Астана қаласында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті ресми рәсіммен күтіп алды. Кездесулер нәтижесінде Әзербайжан мен Қазақстан Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесі құрылды. Тоқаев пен Әлиев Халықаралық Астана қаржы орталығына сапарлай барды. Президенттер Астанада Гейдар Әлиев даңғылының бетін ашты.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 13 сәуірде Босния және Герцеговинаға ресми сапармен барды. Президент Ильхам Әлиев Босния және Герцеговина Президенттік кеңесінің төрағасы Зелжка Цвияновичпен кездесті. Кездесуден кейін екі ел қарым-қатынастарын стратегиялық өреге көтеретін келісімге қол қойылды. Босния және Герцеговина Бакуде өкілетті елшілік ашуға шешім жасады. 2023 жылғы 11 сәуірде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Босния және Герцеговина Қауіпсіздік министрі Ненад Нешичті қабылдаған болатын. Босния және Герцеговина Президенттік кеңесінің төрағасы Зелжка Цвиянович те бір айдың алдында Әзербайжанға сапарлай барған. Ильхам Әлиевтің шығыс пен батысқа сапарлары Әзербайжанның халықаралық сауда мен энергия саласындағы маңызды орнын көрсетеді.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафарова 2023 жылы 13-14 сәуірде Санкт-Петербургте өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің 55-ші Парламентаралық Ассамблеясының жиналысына қатысты. Гафарова сапар аясында екіжақты кездесулер де өткізді.

2023 жылдың 11 сәуірінде Арменияның Қорғаныс министрі Сурен Папикян Брюссельге жұмыс сапары аясында НАТО-ның Еуропа Одағы Күштерінің жоғары қолбасшылығына барды. Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарты ұйымының әскери жаттығуларын өз аумағында өткізуден бас тартқан Армения 22 сәуірде НАТО-мен бірлескен жаттығу өткізетінін жариялады. Осы мәлімдеме Ресей мен Армения арасында дағдарыстың туылуына себеп болды. Ресей Сыртқы істер министрлігі Армениядан тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасауды сұрады. Аталмыш НАТО жаттығуына Грузия мен Молдавия да қатысады.

Сол күні Әзербайжан мен Армения шекарасында қарулы қақтығыс туылды. Әзербайжаннан 3, Армениядан 4 әскер қаза тапты. Армения премьер-министрі Никол Пашинян оқиғадан екі күн өткеннен кейін 1991 жылғы шекараларға оралуға дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен бірге 2023 жылы 14-23 сәуірде Ереванда өткен ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының беташарында армяндар Әзербайжан туын өртеп, арандатушылық тудырған болатын. Чемпионатқа келген 12 адамнан тұратын Әзербайжан құрамасы осы арандатушылықтан кейін еліне оралды.

Грузияда Президенттік сарайы мен үкімет арасындағы шиеленіс жалғасуда. Соңында президент Салома Зурабишвили үкіметті Еуропа Парламентаралық кеңсесіне 18 сәуірге жоспарланған сапарын кейінге қалдырғаны себепті айыптады. Үкімет президентті өтірік айтумен жазғырды.

Түркия «TOGG» көлігін Түркі Республикаларының басшыларына сыйлық ретінде ұсынды. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев өздеріне табыс етілген «TOGG» көлігін қабылдады.

Қырғызстан осының алдында Түркияға өз елінде «TOGG» зауытын ашуды ұсынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар