«Билежик Османели айва тәттісі»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 28-2023

1960837
«Билежик Османели айва тәттісі»

«Билежик Османели айва тәттісі»

Тіркелу уақыты:  23.02.2021

Түркияның Мармара аймағындағы Билежик қаласының Османели ауданының атымен аталған «Османели айва тәттісі» Билежик Сауда және өнеркәсіп палатасының өтініші бойынша 2021 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылды. Тәттіні жасау үшін жыл сайын қараша мен желтоқсан айларында аймақтағы ағаштардан жиналған айвалар машинамен туралады және 75 цельсий градуста 7 минут қайнатылады. Екінші бір қазанға алдымен ұн, артынан қант, су, лимон қышқылы қосылады және араластырып, екі сағат қайнатады. Осы қоспаға алдын ала дайындалған айва езбесі қосылады да тағы екі сағат қайнатылады. Піскеннен кейін қоймалжың болған тәтті табаққа салынады да сегіз сағат бойы салқын үйде сақталады. Суыған айва тәттісі мәрмәр үстелдің үстіне қойылып, бетіне кокос себіледі. Локум тәттісі арнайы қайшымен төрт бұрышталып туралып, тағы да кокоспен қапталады. Османлы айва локум тәттісі 15-16 цельсий градуста және ылғалдылығы жоқ ортада 6 ай бойы балғындығын сақтайды. Османлы айва локум тәттісін жеген кезде айваның иісі аңқып, тәттінің ішінде жемістің бөлшектері бар сияқты сезіледі.

 



Ұқсас жаңалықтар