ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар желісінде Түркия

Ең қызықты деректер - 2

1879846
ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар желісінде Түркия

ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар желісінде Түркия

 

ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар желісінде Түркиядан 7 қала бар. Бұл қалалардың үшеуі гастрономия, екеуі қолөнер және халық өнері, біреуі дизайн және біреуі музыка бойынша тізімге енді.

**

«Материалдық емес мәдени мұра», «Дүниежүзілік жад тізілімі», «Дүниежүзілік мұраның уақытша тізімі»... Тамыры терең тарихымен, мәдени байлығымен және табиғи сұлулығымен Түркия көптеген салаларда ЮНЕСКО –ның бірқатар тізіміне енгізілген. Түркияның ЮНЕСКО-да енген тізімдерінің бірі – «Шығармашылық қалалар желісі».

ЮНЕСКО-ның Шығармашылық қалалар желісі 2004 жылы әлемнің әртүрлі елдерінен 116 қаланың қатысуымен құрылған. Оның мақсаты – шығармашылық индустрия саласында жұмыс істеу үшін әртүрлі аймақтардағы кіріс деңгейі, қуаттылығы мен халқы әртүрлі қалаларды біріктіру.

Шығармашылық қалалар желісі қалалардың әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына үлес қосуды мақсат етеді. Осы желінің мүшелері болып табылатын қалалар өздерінің жергілікті шығармашылығын, имиджі және танымалдылығын арттыру арқылы ЮНЕСКО-ның мәдени әртүрлілігін қолдау үшін әрекет етеді.

Шығармашылық қалалар желісіне қатысу қолөнер және халық шығармашылығы, дизайн, кино, гастрономия, әдебиет, музыка және бейнелеу өнері салаларында жүзеге асырылады.

**

Қазір ЮНЕСКО-ның Шығармашылық қалалар желісіне Түркияның 7 қаласы енгізілген. Міне осы қалалар мен олардың ерекшеліктері:

Шығармашылық қалалар желісінің көшбасшысы: Газиантеп

Түркиядан ЮНЕСКО-ның Шығармашылық қалалар желісіне қосылған алғашқы қала Газиантеп бұл тізімге 2015 жылы гастрономия саласында енді.

Бай асханасымен Хатай

Хатай асханасының ерекше дәмдері 2017 жылы дүние жүзінде тіркеліп, ЮНЕСКО-ның Шығармашылық қалалар желісіне қосылды.

Күтахияның қолөнер және халық өнері ЮНЕСКО-да

Күтахия 2017 жылы Түркиядан қолөнер және халық өнері саласына кіру құқығына ие болған алғашқы қала ретінде ЮНЕСКО-ның Шығармашылық қалалар желісіне қосылды.

Өркениеттер бесігі: Стамбул

Мыңдаған жылдық тарихы мен өнер, қолөнер және шеберлік саласындағы тәжірибесі мол, терең дизайн инфрақұрылымға ие  Стамбул 2017 жылы Түркиядан дизайн саласына енген алғашқы қала ретінде ЮНЕСКО-ның Шығармашылық қалалар желісіне қосылды.

Бозлак* шеберлерінің қаласы: Кыршехир

Кыршехир - 2019 жылы біздің елден музыка саласында ЮНЕСКО-ның Шығармашылық қалалар желісіне енгізілген алғашқы қала.

Дәстүрден сүзілген дәмдердің қаласы: Афионкарахисар

Афионкарахисар 2019 жылы гастрономия саласында Түркияның үш қаласының бірі ретінде ЮНЕСКО-ның Шығармашылық қалалар желісіне енді.

Фарфор мен жібектің отаны: Бурса

Бурса ЮНЕСКО-ның Шығармашылық қалалар желісіне Түркиядан енгізілген соңғы қала болды. 2014 жылы Хандар аймағы, Сұлтан кешендері және Жұмалыкызык арқылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген қала бұл жолы қолөнер және халық өнері жинақтауымен Шығармашылық қалалар желісіне қосылды.



Ұқсас жаңалықтар