Әлемнің ең үлкен теңіз маягының Стамбулда екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 46

1855937
Әлемнің ең үлкен теңіз маягының Стамбулда екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның жұмыс істеп тұрған ең үлкен теңіз маягы Стамбулдың Шиле ауданында екенін білетін бе едіңіз?

Шиле теңіз маягы - Түркиядағы ең үлкен жұмыс істеп тұрған теңіз маягы. Әлем бойынша ескі болғанына қарамастан әлі күнге дейін өз жұмысын атқаратын екінші үлкен теңіз маягы ретінде өз орнын табады. Шиле теңіз маягын әлемдегі ең үлкендердің біріне айналдыратын ерекшелік - оның кеудесінің ені мен жарығының алыстан көрінуі. Халықаралық стандарттар бойынша 1-ші дәрежелі санаттағы Шиле теңіз маягы аспан ашық түндерде 35 миль қашықтыққа дейін жетіп, тіпті Босфор бұғазынан көрінеді.

Теңіз маягының құрылысы 1858 жылы басталып, 1859 жылы аяқталды. Оны салудағы мақсат Қырым соғысы кезінде Қаратеңізден Босфорға кіретін кемелерге бағыт-бағдар беру екен. Тас құрылымында түрік сәулетшілердің қолтаңбасы бар Шиле теңіз маягының металл бөліктері мен линза кристалдық жүйесі Францияда жасалған. Теңіз деңгейінен 60 метр биіктікте орналасқан Шиле теңіз маягының мұнара биіктігі 19 метр. Қаланың электр қуатымен жұмыс істейтін теңіз маягының құрылғысы мен мұнара құрылымының бастапқы қалпы сақталған.

Тарихи және символдық ерекшелігімен маңызды ғимарат болып табылатын Шиле теңіз маягын мұражай ретінде көруге болады. Теңіз маягының тарихын бейнелейтін газ шамдары, ескі үлгідегі жарықтандыру және техникалық құрылғылар осы мұражай маягының өзінің көне болмысымен қойылған. Шиле теңіз маягының ең маңызды аспектілерінің бірі – Қаратеңіздің керемет көрінісі...



Ұқсас жаңалықтар