ЮНЕСКО тарапынан Әлемдік мұра тізіміне алынған тұңғыш мешіт

Анадолының тұңғыштары - 36

1840075
ЮНЕСКО тарапынан Әлемдік мұра тізіміне алынған тұңғыш мешіт

Анадолының тұңғыштары -36

 

Анадолы тарихтың ең байырғы кезеңдерінен бастап өркениеттерге, шайқастарға, бейбіт күндерге куә болған.  Өзі бесігі болған ондаған мәдениеттің, түрлі нанымдардың, түрлі тілдердің ортақ хикаясы ол. Анадолы кейде өзінің бауырындағы хикаяны күтпеген жерде көрсетеді бізге, кейде ғасырларға берілмеген теңдесі жоқ ғимараттарында. Осындай хикаялардың іздері көбіне осы топырақта құрылған елдердің бас қалаларында кездеседі.  Хеттерден, урартуларға,  Византиядан Османлыға  дейін мәдениеттері, шарттары түрлі түрлі болса да барлығы астаналарына көп көңіл бөледі.  Мемлекеттің күшін көрсету мақсатымен теңдесі жоқ архитектуралық туындылармен безендіреді.  Осы өркениеттерді,  мемлекеттерді,  империяларды астаналары арқылы баяндауға, таныстыруға тырысамыз негізінде.  Біз де бүгін 600 жылдан астам уақыт билік құрған Османлы мемлекетінің бас қалаларының бірі Едирнені және керемет архитектуралық туынды Селимие мешіті мен кешені туралы баяндап береміз.

Алғашқы дәуірден бастап барлық кезеңде Едирне қаласына адамдар қоныс тепкен.  Мерица және Тунджа секілді екі маңызды өзен осы Едирненің қала ретінде таңдалуына себеп болады.  Рим дәуірінде император Гадриан қаланың стратегиялық маңызын байқайды және атын «Гадриан қаласы» деген мағынаға келетін Гадрианаполис деп атайды. Осы есім уақыт өте өзгереді және Османлы мемлекеті қаланы алғаннан кейін Едирне деп аталады.  Еуропадағы жеңістер үшін маңызды бастау болғандықтан астана осы жерге көшіріледі.  Стамбул алынғанға дейін 88 жыл бойы Османлы мемлекетінің бас қаласы болады.

Едирне бас қала деген атауға жарасатын түрде керуенсарайлар,  моншалар,  көпірлер,  медреселер,  мешіттерге толады.  Османлы мәдениеті мен сәулеті қаланың барлық жерінде көзге түседі.  Стамбул астана болғанда да Едирне маңыздылығын сақтап қалады.  ІІ Селим падиша Кипрді жеңіп алғаннан кейін Едирнеде бір мешіт салынуын сұрайды және осы міндетті сәулетші Мимар Синанға тапсырады.  Ол техникасы,  эстетикасы және мәдени элементтерді туындыларында шебер көрсете білетін бір дана.  Оның білімі өз уақытынан да асып түседі.  Керемет инженерлік және архитектуралық ілімі болған. Осы қабілеті оның барлық туындыларында көзге түседі.  Едирнедегі Селимие мешіті мен кешені болса шығармаларының арасында өзгеше орын алады.  Оны ұстаның өзі «Шеберлік туындым» деп атайды. Сексен жылдық тәжірибесін өнерінің күшімен бірлестіріп, керемет шеберлікпен паш етеді Селимие мешітінде.

«Селимие мешіті Османлы архитектурасының шыңын бейнелейді» дейді мамандар. Оригинал ерекшеліктерімен шедевр болғаны және адам баласы тарихының бір немесе бірден көп мағынады дәуіріне өкілдік еткені үшін ЮНЕСКО бірінші рет бір мешітті Әлемдік мұра тізіміне енгізеді.

Едирне қаласына кірген кезде Селимие мешітінің силуэті екі мұнарасымен көрінеді.  Мимар Синан мешітті барлық жерден көрінетіндей қылып,  қаланың биік төбесіне салады.  Қасына жақындаған сайын Селимие мемориалды көрінісі және теңдесі жоқ архитектурасымен барлық көркемдігін паш ете бастайды.  Керемет күмбезі,  төрт мұнарасымен, медреселер және кітапхана мен базардан тұратын кешеннің орталығында орталасқан Селимие мешіті.

Селимиені басқа мешіттерден бөліп тұратын ең маңызды ерекшелігі – күмбезі. Себебі бұл күмбез ешбір архитектуралық элементтен қолдау алмай салынған,  өте үлкен күмбез. Техникалық жағынан осыншама ауқымдылықты осындай үлкен бір күмбезбен жабу өте қиын. Архитектура тарихында да бір ғимараттың барлық ішкі және сыртқы мекен түсінігін тек бір ғана алпауыт күмбезбен қалыптастырған ғимарат саны өте аз.  Рим дәуірінде Пантеон, Византия дәуірінде Айя-София, 13-ғасырдың басында салына бастаған Флоренция соборы мен Османлы дәуірінде Селимие мешітінен басқа мысал қылып көрсетілетін туынды мүмкін емес.

Айя-София Шығыс Рим империясының бас қаласы болған Стамбулдың әрқашан ең көркем және ең маңызды ғимараттарының бірі болды.  Діни мағынасынан бөлек ол күмбезінің үлкендігімен де танымал. Мимар Синан да Айя-Софиядан шабыт алады, ол әрқашан Айя-Софияның күмбезінен де үлкен бір күмбез салуды армандайды.  Осы арманын Селимие мешітінде жүзеге асырады.  Биіктігі 43 метр, диаметрі 32 метр күмбезімен Айя-Софиядан асып түседі және мемориалды бір ғимарат ортаға шығады.  Сол кездің техникалық білімін назарға алып қарағанда архитектор Синан қолдан келмейтінді тындырды,  жүзеге аспайтынды атқарды. Селимиенің алпауыт күмбезінің сырттағы әсерін мұнараларымен айқындай түседі. Күмбездің төрт жағынан аспанға қарай сызылып көтерілген мұнаралар әлемдегі биіктігі жағынан екінші мұнара болып есептеледі.

Селимиенің үлкен күмбезінің негізгі әсері ішкі мекенде сезіледі.  Мешіттің іші бағана секілді элементтермен бөлінбегендіктен әрі өте үлкен, ауқымды, әрі жамағаттың барлығы бір мекенде жиналады.  Оның адамдағы әсерін, адамға беретін сезімін баяндауға уақытымыз да жетпейді,  сөзіміз де.  Ең жақсысы сол күмбездің астына барып көру,  сезім мен әсерін өзіңіз сезіну.

Селимие секілді үлкен ғимаратқа жарық түсіру үшін мешіт қабырғаларына және күмбезге жүздеген шағын терезе салады Синан.  Мешіттің іш жағындағы беземелер де архитектурасы секілді керемет. Ағаш, маржан, мәрмәрлердегі шеберлік пен фарфор нақыштардың ең керемет үлгілерімен ерекше сезім сыйлайды мешіттің іші.  Мінбер мен михрабы мәрмәр шеберлігінің шедервлері арасында көрсетіледі.

 

Селимие мешіті мен кешені Едирне қаласымен бірге аталатын, кейде аты қала атынан бұрын айтылатын керемет ғимарат. Техникалық кереметтігі арқасында жер сілкінісі мен табиғи апаттардан аман қалады.  Мимар Синанның ең керемет туындысы және мешіттің дамуы тұрғысынан Османлы сәулетінің шыңы ретінде қабылданады.

 

Үлкендігі және эстетикалық құндылықтарымен адам даналығының бас біртуар туындысы деп есептелген, ЮНЕСКО тарапынан мәдени туынды тізіміне енгізілген тұңғыш мешітті, Селимие мешітін баяндап бердік бүгін.



Ұқсас жаңалықтар