Гладиаторлар қаласы - Кибира

Кибира ежелгі қаласында көруге тұратын тарихи жәдігерлер бар.

1749761
Гладиаторлар қаласы - Кибира

Құдайлардың құдайы Зевс кейде Олимпияда,  кейде Ида, яғни Қаз тауының шыңында отырып, жер бетінде болып жатқандарды тамашалайтын еді.  Биіктікте отырып ашық алаңдарды бақылап, оқиғалардан осылайша хабары болады екен. Грек мифологиясындағы құдайлардың көбі тауларда,  төбелерде өмір сүреді. Құдайлар мифологиялық кейіпкерлер әрине, бірақ биік жерлер әрқашан адамды өзіне тартқан. Бір жерді биіктен тамашалау адамға тыныштық пен сенім сыйлайды.  Себебі алда болатын қауіптерді алдын ала байқау мүмкіндігін береді.  Бәлкім сондықтан шығар шабуылдар мен шайқастарда ашық алаңға орналасудың орнына қорғауға болатын биік төбелерді таңдайды адамдар қоныстану үшін. Міне, бүгін сіздерге баяндап беретін тақырып ежелгі Кибира. Кибира да осындай елді мекен. Бұлттардың арасындағы бір қала.  Анадолының ашық ауа мұражайы екенін дәлелдейтін, көп адам біле бермейтін Кибира туралы тыңдауға дайынсыз ба?

**

Арша және самырсын қарағай орманымен қапталған,  терең жарлар арқылы бір-бірінен ажырап тұрған үш төбенің үстіне құрылған Кибира. Ұшы-қиыры жоқ ашық алаңы, көлі, керемет көрінісімен «Гладиаторлар қаласы» деп аталады. Кейбір зерттеушілердің айтуынша қаланың аты Анадолының ең байырғы әйел құдайы Кибеледен келеді.  Осы тақырып әлі өз шешімін тапқан жоқ. Дегенмен Кибира қаласының символының жатқан арыстан болуы және әйел құдай Кибеленің де қасиетті жануарының арыстан екені белгілі.

2300 жылдық Кибира ежелгі қаласы Бурдурдың Гөлхисар ауданында бүгінгі таңда.  Су көздері тұрғысынан едәуір бай осы ежелгі қала. Судың молдығы егіншілік пен мал шаруашылығының дамуын қамдайды.  Тері, темір өңдеу және керамика да жетілген осы қалада.  Айырықша ежелгі дәуірде ат өсіру тақырыбында өте танымал болған. Сондықтан «жүйрік аттардың елі» деп те аталады.  Қала сонымен бірге Жерорта теңізінің маңызды порттарын ішкі аймақтармен байланыстырып тұрған торап ретінде де маңызды.  Осының арқасында Кибираның дәулеті арта түседі,  тек Анадолының ғана емес, сол дәуірдің ең маңызды елді мекендерінің біріне айналады.

Осы қалада стадионы, театры, мәжіліс ғимараты және агорасымен өзіңізді Рим дәуірінде сезінесіз. Кең ауқымды жерді алып жатыр Кибира.  Қалада мемлекеттік ғимараттар, тұрғын үйлер мен діни ғимараттар симметриялық түрде орналастырылған.  Айырықша қаладағы әрбір ғимаратты салған кезде керемет көл және жазық панорамасын көруі үшін мұқият болған. Құрылыстар терасса күйіндегі бір төбеге салынған.

Қаланың кіре берісінде керемет мемориалды қақпа мен Анадолының ежелгі дәуіріндегі ең көркем стадионы орналасқан. Осы жерде жүгіру, ұзындыққа секіру, диск лақтыру секілді спорт түрлерін қамтитын пентатлон сайыстары өткізілсе де, гладиаторлардың шайқасымен таңба басқан Кибира стадионы. Ежелгі дәуірдің ең маңызды географы Страбонның жазғанына қарағанда қала «30  мың жаяу әскер және екі мың атты әскер шығара алады». Әскери ерекшелігімен маңызды қала бәлкім сондықтан гладиатор шайқастарымен танымал. Осындай шайқастарға жұртшылық та қатты қызығады.  Сондықтан бір мезгілден кейін империя осы шайқас түрін заңдастырып, маңызды табыс көзіне айналдырады. Гладиаторлардың шайқасына сахна болған, ерекше архитектурасымен назар аударатын Кибира стадионына 12 мың көрермен сыйған. 200 метрлік жолағымен де Анадолының ең ірі стадиондарының бірі. Стадион тек үлкендігімен емес, сонымен бірге қазба барысында табылған тас блоктар үстіне ойылған гладиатор мүсіндерімен де маңызды. Гладиаторлардың әрі өз араларында, әрі жануарлармен шайқастарын бейнелейтін осы шебер нақыштар - адамдардың қаншалықты жабайы және аяусыз екенінің үнсіз куәгерлері.

Сансыз құл, тұтқын және жануар өлтіріледі аренада, бірақ тек гладиаторлар ғана көмілуге құқығы бар. Гладиаторлардың қабірлері стадионнан қаланың қабірстанына апаратын мемориалды жолдың бойында.  Қала айырықша сакрофаг қабірлері, мемориалды зираттары және жер асты қабір бөлмелері бар некрополь алаңымен де назар аударады.

**

Кибира ежелгі қаласында назар аударатын басқа бір ғимарат та – Одеон. Одеондар – ежелгі дәуірде музыкалық концерттер өткізілген мекендер. Кибирадағы одеон болса әрі музыка мекені, әрі мәжіліс ғимараты ретінде қолданылған.

Шамамен 3500 адам сыйымдылығымен ежелгі дәуірдің ең үлкен деп қабылданған Кибира Одеонының тағы бір ерекшелігі бар.  Ғимарат пен оркестрдің тап ортасында еденде бір мозаика бар. Көргендерді қайран қылған, көзқарасымен адамдарды тасқа айналдырған, жылан шашты Медуза мозаикасы бұл.  Арнайы әдіспен қызыл, жасыл және ақ мәрмәрден жасалған мозаика Анадолыда өз түрінің алғашқы және  жалғыз үлгісі. Себебі бұдан бұрын осыншама үлкен және осы әдіспен жасалған басқа бір Медуза мозаикасы жоқ. Тіпті әлем тарихында еденге төселген тұңғыш Медуза мозаикасы екенін алға тартқан зерттеушілер де бар. Одеонның алдында 540 шаршыметрлік, Анадолыдағы ең үлкен және мықты еден мозаикасы бар. Кибирадағы одеонның басқа бір қызметі де ғимарат аймақ соты ретінде қолданылған.  Стратегиялық тұғырына байланысты қаланың сот орталығы міндетін атқарған. Аймақтағы сот істері Кибира Одеонында жүргізілген.

Кибирада стадион мен одеоннан кейінгі үшінші үлкен ғимарат болса 1800 жылдық монша.  Алып тұрған жер ауданы тұрғысынан да Анадолыдағы ең үлкен моншалардың бірі.  Шыныменен үлкендігімен адамды таңғалдырады.

**

Анадолы жері мәдениет пен өркениет тарихын орнында көруге мүмкіндік береді.  Аты мәлім, көпке белгілі қалалардан басқа есімі белгісіз, көпке таныс емес ежелгі қалалар да бар, жердің астында көмулі жатқан және қайтадан жарыққа шығуды күтіп жатқандар да. 

            Бір кездері таңдаулы қала болған Кибира да бүгінгі күні көп белгілі емес.  Ал ол  өз дәуірінің ең жүйрік аттарын өсіріп, гладиатор шайқастарына куәгер болған. Артынан уақыты бітіп,  үнсіздікке шомған. Сонда да оюлардағы тас фигуралар тиіп кетсең, жанданып кететін секілді,  мозаикадағы Медуза көзқарасымен адамды тасқа айналдырып жіберетін секілді. Ғасырлардың ізін жасырып тұрған Кибира қызығушылардың құлағына өз уақытының хикаясын сыбырлауға және келгендерді тарихи сапарға алып шығуға шақырады.

Түркия үні радиосында стадионы,  одеоны, Рим моншасы, агорасы, Медуза мозаикасымен Анадолының жаңалықтарына,  оқиғаларына,  тұңғыштарына куә болған және ЮНЕСКО Әлемдік мұра уақытша тізімінде орын алған, «Гладиаторлар қаласы» Кибираны баяндап бердік бүгін.



Ұқсас жаңалықтар