15 шілде - Демократия мен ұлттық бірлік күні

15 шілде күні Түркия опасыз төңкеріс әрекеті бастамасымен бетпе-бет қалды.

1675436
15 шілде - Демократия мен ұлттық бірлік күні

Бүгін 2021 жылдың 15 шілде күні. Осыдан 5 жыл бұрын, 2016 жылы 15 шілде күні Түркия опасыз төңкеріс әрекеті бастамасымен бетпе-бет қалды. «ФЕТӨ» (Фетуллахшы террор ұйымы) Түрік Қарулы күштеріне дендеп енген сатқындардың қолдауымен елімізге және мемлекетіміздің құндылықтарына қарсы опасыз бір шабуыл әрекеті жасады. Президенттік кешен мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін (ТҰҰМ) бомбалады.

Төңкерісшілдер араларында Түркия Телерадио корпорациясы да бар көптеген мемлекеттік мекемені бақылауға алуға тырысты. Анкара мен Стамбулды аспанда әскери ұшақтармен, көшелерде болса танктермен қорқытты. Әріне халқымыз бұл опасыздыққа үнсіз қалмады. Мыңдаған азамат президенттің де шақыруымен төңкеріс әрекеті бастамасының алдын алу үшін қалаларда алаңдар мен көшелерге ағылды. Жанын пида қылып, танктердің, тікұшақтар атқан оқтардың алдында тұрды.

Сирек кездесетін батылдықпен өзінің Отанын, мемлекеті мен демократиясын қорғады. Халқының ерік-жігерінің арқасында еліміз төңкеріс әрекетінің алдын алуда табысқа жетті. Осы мақсатта 251 азаматымыз шейіт болып, жүздеген адам ардагер мәртебесін алды. 15 шілде күні демократия Жеңісінің символына айналды. Біз шейіттер мен ардагерлерімізді ризашылық және құрметпен еске аламыз.



Ұқсас жаңалықтар