Беларусь пен Батыс елдері арасындағы дағдарыс асқынды

Еуразия күн тәртібі – 75

1651993
Беларусь пен Батыс елдері арасындағы дағдарыс асқынды

Бүгінгі бағдарламамызда Беларусь пен Батыс елдері арасындағы жаңа дағдарыстарға тоқталамыз.

2021 жылы 23 мамырда Ирландияның Афины-Вильнюс сапарына шыққан ұшағы Беларусь әуе кеңістігінен өткен кезде бомба болғаны хабарына орай әскери ұшақтың қолдауымен Минскке мәжбүр түрде қонды. Ұшақтағы іздеуде бомба табылмады. Алайда ұшақтағы оппозициялық NEXTA Telegram арнасының бас редакторы, Беларусь тарапынан ұшқарылар тізіміне тіркелген Роман Протасевич және оның қыз досы София Саперу ұсталды. Роман Протасевичтің 15 жылға дейін түрмеге жабылуы күн тәртіпке келді.

Оқиғаға байланысты баспасөз жиналысында Беларусь әкімшілігі Халықаралық Минск әуежайының электронды почтасына Хамас тарапынан ұшаққа бомба қойғаны жайлы хат келгенін хабарлаған болатын. Хамас оқиғамен ешқандай байланыстары жоқ екенін білдірді. Батыстық лауазымдылар да Беларусьтың ұшақты қондыруын «Қабыл алынбайды» деп бағалады.

Оқиғадан кейін Еуропа Одағы Беларусьқа жаңа санкциялар жасау, Прота севичтің босатылуы және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының оқиғаны зерттеуін сұрады. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы оқиға жайлы тергеу бастады. Еуропа елдері әуе кеңістігін Беларусь ұшақтарына жапты. Ұшақ рейстері өзара тоқтатылды. Оқиға бастабында Ресей-Батыс әуе қатынасына да әсерін тигізді. Алайда бұл мәселе ұшақтардың жаңа рейс қолдануы жайлы тараптардың келісуімен шешілді.

Оқиғадан кейін Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігі Латвияның Минсктегі өкілетті елшілігі қызметкерлерінің елден кетуін сұрады. Бір дипломаттан басқалары елден кетті. Беларусь пен Латвия екіден дипломатты «Қабылданбайтын адам» деп жариялады.

28 мамырда Беларусь президенті Александр Лукашенко Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен ұшақ дағдарысын қамтыған екі жақтылы қарым-қатынастар мәселесі жайлы кездесті. Медиада Ресейдің келер ай Беларусьқа 500 миллион доллар несие беретіні хабарлары шықты. Сол күні Еуропа Одағы «Демократиялық Беларусь үшін экономика бағдарламасы» атымен Беларусьқа 3 миллиард еуро қолдау берудің жоспарланғанын Светлана Тихоновскаяға хатпен хабарлады. Ұшақ дағдарысына байланысты Еуроодақ жиналысына қатысқан оппозиционер Светлана Тихоновская Беларусь әкімшілігіне жаңа санкциялар жасауды сұрады.

Ұшақ дағдарысынан кейін Батыс үшін Беларусь мәселесі адам құқығы өресінен аймақтың қауіпсіздігі өресіне көтерілді. Батыс Беларусьқа жаңа санкциялар жасайды. Қазіргі жағдай Беларусьтың Ресейге тіпті тығыз тәуелді болуына себеп болады. Беларусь елдегі экономикалық жағдайды оңау үшін Ресейден жаңа қарыздар алуға мәжбүр қалады. Ресей мен Беларусь арасында әскери тың келісімдердің жасалуы және Беларусьқа жаңа орыс қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін орналастыру мүмкіндігі күшті көрінеді.

Украина әкімшілігі ұшақ дағдарысынан кейін Минсктің Донбасс дағдарысының шешімінде тарапсыз аймақ ерекшелігін жоғалтқанын білдірді. Мынаны да айта кеткен жөн, Беларусь Қырымның жаулануын танымаған елдердің бірі. Шығыс Еуропадағы бөлінудің халықаралық салада қандай оқиғаларға себеп болатыны әлі белгісіз.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 



Ұқсас жаңалықтар