Тигр мен Евфрат

Судан бастау алған мәдениет – 25

1598837
Тигр мен Евфрат

 

Мыңдаған жылдардан бері ағып тұрған екі өзен... Аймақтың тарихын жаратқан, берекеттің символы екі өзен. Осы екі өзеннің төңірегінде тарих бойы мемлекеттер құрылады,  мемлекеттер қирайды. Себебі адамдар тарихтың барлық кезінде осы берекетті жерге қоныс тепкісі келеді. Тарихқа бағыт берген өркениеттердің құрылуына да, құлауына да куә болған осы екі өзен. Ассириялықтар, вавилиондықтар, шумерлер, акадтар мен әлі де көптеген өркениет қоныстанады осы екі өзеннің жағасына. Мысырдың жан тамыры Ніл өзенінен де көп өркениетке бесік болған бұл жер. Осы байырғы топырақта мәдениет мозаикасы қалыптасқан. Тигр мен Евфрат осы екі өзен.

Үлкен діндердің барлығына бесік болған территорияның сулары – Тигр мен Евфрат. Діни, саяси, сауда және стратегиялық маңызы жоғары бір аймақтың тіршілік көзі олар. Олар жан берген жер мен тарих арқылы тек Анадолыға емес, бүкіл әлем тарихына бағыт беріп, әсер еткен. Тарихпен бірге аққан осы екі өзен туралы айтып береміз бүгін.

**

Тарих бойы су жағасы адам баласы үшін өміршең маңызға ие болған алаңдар.  Тек шын өмірдің ғана емес, мифологияның да,  аңыздардың да басты актерлері – су. Су барлық өркениеттің аңыздарында орын алады.  шумерлердің «жаратылыс аңызында» да су құдайы Энки Евфрат пен Тигрді жаратады. Өзендердің толуы,  молшылық пен берекет беруі үшін жаңбыр жауғызады. Біз бұларды жазылған табақшалардан білеміз. Өркениеттің бастауы деп қабылданған жазу осы балшықтан жасалған табақшаларға жазылады бірінші рет.  Табақшалардың балшығы да Тигр мен Евфрат өзендерінің түбінен алынады. Ашқан жаңалықтары және өнертапқыштықтарымен тарихқа әсер еткен шумерлер міне осы екі өзеннің бойына орналасады. Тигр сайында құрылған ассириялықтардың астаналары  - топырақты егіншілікке ыңғайлы қылған алғашқы диқан ауылдары.

Болашақ пен өткен шақ тоғысқан осы жерлерде тарихы адам баласының тарихынан да ескі Тигр мен Евфрат өзендері тарихтан бұрын адам баласының жартастарды ойып, үңгір салуына,  сол үңгір қабырғаларына сурет салуына,  алғашқы елді мекендердің құрылуына және көптеген оқиғаларға куә болады. Аймақтың тағдырында үлкен рол ойнайды. Анадолыда ежелгі тас дәуірінен бүгінгі күнге дейін адам баласының мәдени дамуы үздіксіз көрінетін жалғыз жер  - Тигр мен Евфрат қойнауы. Адыямандағы «Шехремуз» қазбалары жонтылған тас дәуірінен қалған жәдігерлерімен назар аударады. Шанлыурфадағы неолитикалық тас дәуірінен қалған «Невали чори» адамдар жануарларды қолға үйретіп, отырықшы тұрмысқа өте бастаған жер. Сол Шанлыурфадағы ғылым әлемін таңғалдырған культ алаң Гөбеклитепе осы қойнауда алдынғы қатарлы орын. Осы мәліметтер аймақтың Месотопамияның кішкентай бөлшегі еместігін,  керісінше сондағы мәдениеттермен байланыста болған және кемінде солар секілді маңызды екенін көрсетеді.  Бүгінге дейін осы қойнауда болғандар біздерді едәуір таңғалдырды. Әлі де жарыққа шығуды күтіп тұрғандар болса арман-қиялымызға сыймайды.

**

Месопотамия мен Алғы Азияның ең ұзын ағын суы Евфрат мың километрден асатын ұзындығымен Түркияның ең үлкен атырауына ие.  Ассириялықтар оны «Пуратту» деп атады. Арабтар «Фурат» деді.  Батыс тілдеріне болса Юфрейт деген күйде өтті.  Мыңдаған жыл бойы назарды аударды, егіншіліктің де орталығы болды,  сауданың да. 19-ғасырға келгенге дейін үстінде ешбір көпір салынбағандықтан қатынас сал және қайықтармен қамдалған. Анадолының өнімдері Евфрат арқылы Парсы шығанағына жетті, ол жерден де Азияға тарады.

Евфрат өзенінің суымен аймақтағы алқаптарды сулау пікірі шамамен үш мың жыл бұрын шыққаны айтылады. Кімнің пікірі екені белгісіз, бірақ түрлі дәйеккөздерден Ассирия королі Немруттың осы ойды жүзеге асыру үшін он мың құлды неше жыл бойы жұмсағаны белгілі.

**

Тигр... Ерке деп атайды оны, бірақ ол жылдам ағады.  Евфраттан кейінгі ұзындығы екінші өзен Анадолы жеріндегі.  Парсша «Тиглат», грек тілінде «Тигрис» деп аталады.  Тигрдың аты қасиетті кітаптарда кездеседі.  Даниял пайғамбар өзіне келген уәхи арқылы оның қойнауын белгіледі деп айтылады.  Тигр – ғажайып. Ол- әлемде қасиетті деп есептелетін үш өзеннің бірі. Тигрдің түрлі көзден нәр алған құрылымы қойнауының түрлі ерекшеліктегі алқаптарға және экологиялық жүйелерге мекен болуын қамдайды. Жеті мың жылдық тарихымен отыздан астам өркениеттің іздері бар Тигр өзені өтетін топырақтарда. Тигр алқабы әлі күнге өзіне тән мәдени болмыстар болып келген Диярбакыр қамалы, қорғандары және Хевсел бақшаларының ЮНЕСКО –ның Мәдени пейзаж алаңы тізіміне енуін қамдайды.

**

Ғасырлар бойы Тигр де, Евфрат та бөлісіле алмаған өзендер болды.  Себебі олар нәр берген аймақ геосаяси тұғырына орай әрқашан тартымды болған. Соғыстарға, қақтығыстарға куә болған.  Тигр мен Евфрат бүгінгі күні Түркия, Сирия және Ирактағы қалаларға су жеткізетін, Түркияның шекарасынан асып түсетін ең маңызды ағын сулар. Екі маңызды өзеннің үстінде өте маңызды бөгеттер бар бүгінгі күні.  Бөгеттердің көбі әлемнің ең ірі даму инвестицияларының бірі және маңызды Оңтүстік шығыс Анадолы жобасы шеңберінде салынған.  Евфрат өзенінің үстінде жеті,  Тигрдің үстінде алты бөгет салынды. Евфрат өзенінің үстіндегі Ататүрік бөгеті толу әлеуеті тұрғысынан әлемдегі ең ірі алтыншы бөгет болып саналады. Ататүрік бөгеті сонымен бірге Еуропаның және Түркияның ең үлкен бөгеті. Үстінде алпауыт бөгеттер салынған Тигр мен Евфрат өзендері бүгінгі күні Таяу Шығыстың саясатының және халықаралық қатынастарының ортасында тұр.

**

Өркениеттер құрылып, өркениеттер құлаған, қаншама шайқас болып, неше рет бейбітшілік орнаған, ғашықтар өліп, жоқтаулар айтылған, ән жазылып, аңыздарға арқау болған, әлемде қасиетті деп есептелген үш өзеннің екеуі – Тигр мен Евфрат. Анадолы жерінде қалған,  өркениеттерге бесік болған осы жер. Осы аймақта жасалған қазбалар тек Анадолының ғана емес,  бүкіл адам баласының тарихына жол көрсетті.

Евфрат әрқашан тентек ақты, едәуір қиын жер бедерін жарып, өзіне жол ашты.  Тигр болса ирелеңдеп ақты.  Осы ағын ерекшеліктеріне байланысты Евфрат аты ер балаларға,  Тигр аты қыз балаларға қойылды. Кейде түнде сапар шеккендерге жол көрсетті айдың жарығымен,  кейде соғыстарды тамашалады үнсіз ғана. Топыраққа, адамға жан берді, жанды алды да.  Тигр мен Евфрат мәңгіге тату-тәтті аға береді. Әлі де көптеген қыз балаға Тигр,  ер балаға Евфрат есімі беріледі Анадолы жерінде.

**

Неолитикалық дәуірден бері адам баласы қоныс тепкен, көп мәдениетті бір аймақтың сулары – Тигр мен Евфрат. Діни және саяси болғаны секілді сауда және стратегиялық маңызға да ие.  Бұрын Жібек жолы, бүгінгі таңда болса мұнай мен табиғи газ жолдарының тоғысқан жерінде бас тартылмас өзендер.  Осы апта Түркияның шекарасын асатын екі маңызды өзен туралы айтып бердік. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар