Джевад Зариф аймақ елдеріне сапар шекті

Еуразия күн тәртібі – 58

1578241
Джевад Зариф аймақ елдеріне сапар шекті

Бүгінгі бағдарламамызда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зарифтің аймақ елдеріне сапарына тоқталамыз.

2021 жылы 24-29 қаңтар арасында Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф аймақ елдеріне сапар ұйымдастырды. Иран Сыртқы істер министрі қатарымен Әзербайжан, Ресей, Армения, Грузия және Түркия елдерін аралады. Зариф осы елдердің лидерлері тарапынан қабылданды, әріптестерімен екі жақтылы және аймақтық мәселелерді кеңесті.

Мұхаммед Джевад Зарифтің алғашқы аялдамасы Әзербайжан болды. Бакуде Зариф Таулы Қарабахтың жаулап алудан құтқарылуына орай Әзербайжан халқын құттықтады. Иран компанияларының аймақты қайта құруға қатысуға дайын тұрғанын жеткізді. Президент Ильхам Әлиев тарапынан қабылданғанда Зариф Арастың екі жағасында достық пен бауырластықтың әрқашан жалғасқанын айтты.

Джевад Зариф Әзербайжаннан Ресейге өтті. 26 қаңтарда Ресейде әріптесі Сергей Лавровпен бас қосты. Кездесуде Қарабахтың қауіпсіздік пен экономикалық жақтан өркендеуі, Көлемді ортақ әрекет жоспары және Иран Ядролық бағдарламасының құтқарылуы, Спутник V вакцинасының Иранда қолданылуы сияқты тақырыптарды кеңесті. Кездесуде Ресей мен Иран арасында Информация қауіпсіздігін қамдау тақырыбындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Иран Сыртқы істер министрі Ресейден кейін Арменияға барды. Ереванда Зариф «Арменияның территория тұтастығының Иранның қызыл сызығы» екенін білдірді. Армения Сыртқы істер министрі Ара Айвазян Зарифке Қарабах мәселесіне байланысты арызданды.

Осыдан кейін Зариф Грузияға барды. Зариф Тбилисиде Грузия президенті Саломе Зурабишвили және премьер-министр Георгий Гахариямен кездесті.

Грузия басшыларымен кездесуден кейін Зариф Түркияға келді. Джевад Зариф Стамбұлда әріптесі Мевлүт Чавушоғлумен кездесті. Кездесуден кейін Әзербайжан, Иран және Түркия лидерлерінің қысқа уақытта үштік саммит ұйымдастыратыны жарияланды. Зарифті президент Режеп Тайып Ердоған қабылдады.

Әзербайжан мен Түркия президенттерінің Бакуде тілге тиек еткен Аймақтық ынтымақтастық платформасы баяндауынан кейін Джевад Зариф аталмыш платформаға қосылатын елдерге зиярат жасады. Тегеран әкімшілігі Әзербайжан мен Түркияның Армениямен, Ресейдің Грузиямен кірбеңдіктері болғандықтан өздерінің ең ыңғайлы ел екенін ойлауда. Сол себепті Иранның Грузиядағы өкілетті елшісі Акбар Касем бастабында 1+3 (Иран, Әзербайжан, Армения, Грузия) үлгісін бастауды және ақырындап 6 елді қосуға болатынын айтқан еді. Бұл платформа Батыс елдерінің эмбарголарының әсерін азайту тұрғысынан да Тегеранға пайдалы. Алайда Түркиясыз бұл платформаның табысты болуы мүмкін емес.

Аймақтық мәселелерді аймақ елдерінің шешуі тура болатынын Қарабах мәселесі айқын көрсетті. Кавказдың өркендеуі де аймақ елдерінің қол ұстасуымен мүмкін болмақ.

Әзербайжан мен Түркия президенттерінің Бакуде тілге тиек еткен талпыныстары атқарылатын болса, Кавказ тіпті бай аймаққа айналады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 

 



Ұқсас жаңалықтар