Стамбул су жолдары

Судан бастау алған мәдениет - 14

1568511
Стамбул су жолдары

 

 Қаланың үш жағы сумен қоршалған.  Бірақ қаланы қоршап тұрған су –тұзды су. Халич, Мәрмәр және Сарайбурну ортасындағы осы мүйісте ғасырлар бойы әлемнің таңдаулысы болған бір қала бар...

Сегіз мың бес жүз жылдық тарихымен Стамбул... Түрлі шайқас пен соғыстарға себеп болған, жеңіп алынуымен бір дәуірді жауып,  жаңа дәуір ашқан,  тарихта таңба басқан Стамбул!

Сансыз кітап,  өлең, ғылыми еңбек және фильмге арқау болған, ақын-жазушылар,  өнер қайраткерлері және саясат тұлғалары еш бас тарта алмаған қала! Мыңдаған жылдан бері сансыз адам осында жақсы тұрмыс үшін көшіп келген.  Сұлулығымен қайран қылған, екі құрлықтың жалғыз қаласы.

Үш империяға бас қала, көптеген өркениетке бесік болған Стамбулды әрине қысқа уақытта айтып жеткізу мүмкін емес.  Айту жеткілікті емес, келіп көру керек. Оны аралау керек,  онымен бірге тыныс алу қажет. Әлі Стамбулды көрмеген болсаңыз, Стамбулға шақырамыз сізді.  Сіз де уақыт өткізіп алмай келіп көріңіз.  Бүгін сіздерді Стамбулдың су ғимараттарына апарамыз. Себебі Рим, Византия және Османлы секілді әлем тарихы мен саясатына бағыт берген империялардың бас қаласы болған Стамбулдың сумен қатынасы туралы айтылатын көп нәрсе бар.

**

Құрылғаннан күннен бері қала тұрғындарының мұқтаждығын қамдайтын су көзінің болмауы Стамбулды басқарғандар үшін үлкен қиыншылық туғызып келген. Әрдайым шабуылдарға ұшырап, қорғанудан да көп қиыншылық тигізген шығар осы су қамдау мәселесі.  Оның үстіне қаланың тұрғын саны барған сайын арта түседі.  Жақында бір ағынды су немесе басқа бір тұщы су көзі жоқ. Жер асты су байлықтары да. Осы су проблемасын шешу үшін алдымен су қоймалары, бассейндер, артынан қалаға алыс жерден су тарту үшін су аркалары қолданды римдіктер. Суды канал  және су аркалары арқылы жеткізгеннен кейін үлкен су қоймаларында жинақтап,  қаланың белгілі жерлеріндегі су бұлақтарына, моншаларға және басқа да қоғамдық орындарға таратты. Сондықтан Рим дәуірінің ең керемет су ғимараттары болған бірнеше қаланың бірі Стамбул.

Қаланың су мұқтаждығын қамдау үшін ең бірінші жұмыстар Рим императоры Гадриан кезінде басталғаны белгілі. Стамбулдың бас қала болуына шешім берген император Константин болса қаланы қайта сала бастайды,  Константин су қамдау мәселесіне көп көңіл бөледі,  жаңа моншалар және бұлақтар салғызады, қираған су ғимараттарын жөндеуден өткізеді.

Империяның бас қаласы болғаннан кейін тұрғын саны да, суға деген мұқтаждығы да барған сайын арта түседі Стамбулдың.  Константин қайтыс болғаннан кейін таққа отырған император Валенс кезінде қаланың су тапшылығы өте айқын көрінеді. Өте алыстағы Фракия аймағынан су жеткізілуіне шешім беріледі.  Фракия аймағындағы су көздерінің әлеуеті маусымға және жаңбырға байланысты өзгеріп отырады. Яғни әрқашан мол су қамдау мүмкін емес еді.  Сондықтан суды тек қалаға жеткізу емес,  сонымен бірге сақтау керек болды. Арка салуда шебер болған римдіктер шеберліктерін қолдана отырып, өте алыстан канал мен аркалар арқылы Стамбулға су жеткізеді. Бойына канал орналасқан осы аркалар бірдей биіктіктегі екі нүктені бірлестіріп тұрған көпір болып есептеледі.  Суды түрлі кедергілерден, әсіресе сайлардан өткізу мақсатты салынады.  Су аркаларымен қалаға жеткізілген су қаланың ең биік жеріндегі су мұнарасы немесе қоймасына жеткізіледі.  Осы жерден де кезегімен қоғамдық мекемелерге,  көшелердегі су бұлақтарына және үйлерге таратылады. «Максем» деп аталған осы жерлерді алғаш рет римдіктер салады. Артынан Османлы дәуірінде де максемдер жиі қолданылған.

**

Стамбулдың су жолдары жөнінде 2000 жылдардың басында археологиялық зерттеу және өлшемдер жүргізіледі. Осы зерттеу нәтижесінде осы су жолдарының шын ұзындығының 240 емес,  551 км екені анықталған.  Иа, Фракия төбелерінен және сайлардан өтіп, Стамбулға жеткен осы су жолының ұзындығы 551 км болған.  Түркияның шығысынан батысқа дейінгі ұзындығының үштен біріне дөп келеді.  Осы қашықтық Рим су жолдарының ең ұзыны ретінде тарихтағы өз орнын алады. Осындай ұзын каналдың проблемасыз түрде Стамбулға жетуі үшін жол бойына 60 су аркасы және көптеген туннель салады римдіктер.  Міне, сондықтан осы инженерлік табыс ежелгі дәуірдің ең керемет мұраларының бірі.

Император Валенстің атымен аталған Валенс су жолы бүгінгі атымен Боздоған су жолы болса осы ұзын су жолының кішкене бір бөлімі.  Кішкене дегенімізге қарамаңыз, осы су жолының ұзындығы да 970 метр. Тарихи түбекте сіз еш күтпеген жерден алдыңыздан шыға қалады.  Валенс су жолы тек Рим дәуірінде ғана емес, сонымен бірге Византия кезінде де  Стамбулдың су мұқтаждығының қамдалуында үлкен рол ойнайды. Өміршең маңызда болған. Фатих Мехмет Сұлтан Стамбулды жеңіп алғаннан кейін жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін Османлы дәуірінде де қолданылады. Шамамен 1500 жыл бойы Стамбулды сумен қамтамасыз етеді.

Рим су сәулетінің характеристикалық көрінісін айқындаған осы ескерткіш су жолы - бұрын болғаны секілді бүгінгі күні де Стамбулдың ең маңызды символдарының бірі. Сонымен бірге қаланың ең көп танымал ежелгі ғимараттарының бірі.  Себебі инженерлік және архитектура кереметі болып саналатын Валенс су жолы тарихи түбектің орталығында және жол қатынасы көп болатын жолдың бойында. Бүгінгі күні де уақытқа бас имей тұрған жанды жәдігер. Валенс су жолы ғасырлардан бері көрген білгендерін бәлкім айта алмайды, бірақ білгісі келетіндерге құлағына сыбырлайды. Біз де осы керемет су жолын таңғалып тамашалап, ғасырлар бұрын оны салғандарға құрмет көрсетеміз.

**

Римдіктер суды халық денсаулығы үшін мемлекеттік қызмет деп есептеп, осы ұстаныммен қозғалған. Су олардың арқасында тұрмыстық мақсатпен қолданылатын жай нәрсе емес, басқаша мағынаға келеді. Римдіктер суға мұқтаж Стамбулға су жеткізу үшін туннельдер, су каналдары, аркалар және максемдер салады. Әрқайсысы өз алдына инженерлік кереметі болып саналатын осы ғимараттар Стамбулдың қала көрінісінің бөлінбес бөлшектері ретінде біздің уақытымызға дейін келіп жеткен.

Судың проблемасыз ағуы үшін өте егжей-тегжей есептеулер керек. Осындай еңбектің нәтижесі болып табылатын су жолдары римдік инженерлердің өздерінен кейінгі өркениеттерге мұра болып қалған ең маңызды жәдігерлері. Анадолыда осындай су жолдарына көптеп мысал табылады.  Әрі оларды көру,  әрі ғасырлардан бері құламай тұрған Валенс су жолын тамашалау үшін сізді күтіп тұр.

 

 



Ұқсас жаңалықтар