Хеттерден қалған Эфлатунпынары су бұлағы

Судан бастау алған мәдениет - 12

1560178
Хеттерден қалған Эфлатунпынары су бұлағы

 

 Негізінде ондай көп уақыт өткен жоқ судың үйіміздегі шүмектерден ағуынан... 19-ғасырға дейін үйлердің ауласындағы құдықтардан алынатын еді су. Одан да бұрын қала мен ауылдардың орталығындағы бұлақтардан таситынбыз... Қалалардың тарихи және мәдени жәдігерлерінің бас тартылмас бөлшегі осы бұлақтар. Қалалардың туристік мекендерінің арасында көбіне.  Қалаға сіңісіп кеткен. Бұлақ деген кезде Стамбул мен Рим еске бірінші болып түседі. Кейбіріміз архитектуралық немесе тарихи қызығушылықпен,  кейбіріміз тілегіміз орындалады деген бала сеніммен көргіміз келеді су бұрқақтарын.  Стамбулға келіп,  Сұлтан ІІІ Ахмет бұлағын көріп қайран қалмай,  Римге барып, Махаббат бұлағы деп аталған жерге ақша лақтырмай кетпеген адам жоқ шығар.

Бұрын таза су қамдау үшін жасалатын осы су бұрқақтары.  Алайда уақыт өте келе эстетика үшін салынады.  Күш пен көркемдіктің көрсеткіші болады.  Судың Анадолыдағы сапарында сумен жан біткен бұлақтарды баяндап береміз бүгін.

**

Адам баласы тарих бойы нені қажет қылса,  кім үшін не маңызды болса соны іздеді.  Әлемнің түрлі жерлерінде өмір сүрген адамдар бірдей уақытта бірдей нәрселерді ойлап тапты, кім біледі. Сондықтан алғашқы су бұрқақтың қашан салынғанын білу өте қиын, бірақ Анадолыда бірінші бұлақ мысалдары Хетт және Урарту өркениеттерінде кездеседі.

«Мың тәңірілі халық» деп аталып кеткен хеттер сумен бөлек байланыс құрып, суды қасиетті деп есептейтін. Өмірлердің барлық сәтінде судың жақын жерде болуын қалайды. Сондықтан храм мен сарайларында жуыну жерлері болған. Осы жуыну жеріндегі астауларға суды бір жерден ағызатын тұңғыш шүмекті жобалайды.

Ван төңірегінде Урарту өркениетінің де осындай бұлақтар жасағанын айтып өту керек. Хеттермен жалғастыратын болсақ, осы өркениет бұлақтарды, ағын суларды,  көл мен теңіздерді, қысқаша айтқанда жер бетіндегі барлық су көздерін қасиетті деп есептегендіктен, құрбан шалады, ескерткіштер тұрғызады. Ескерткіш архитектурасында ірі тастарды қолданған Анадолыдағы алғашқы мәдениет те осы хеттер.  Осы ескерткіштердің арасындағы ең қызығы мыңдаған жыл құламай, бүгінгі күнге жеткен Эфлатунпынар бұлақ ескерткіші. Кониядағы Бейшехир көлі маңында ашық ауа мұражайы бар.  Хетт археологиялық саябағы. Хеттердің ең маңызды ескерткіш бұлағы міне осы археологиялық саябақта.  Құдайларға деген сүйіспеншілік, өнер, архитектура және технологияда жеткен деңгейлерін көрсету тұрғысынан өте маңызды. Хеттердің суды маңызды деп есептеуінің ең керемет мысалы осы жер деп айтуға болады.

**

Атақты ойшыл Платонның аты осы территорияда Эфлатун деп айтылады. Кейбір аңыздарға қарағанда, Платон Бейшехир көлі маңында өмір сүрген, осы ескерткіштің аты да сондықтан Эфлатуннан, яғни Платоннан келеді. Бірақ өте үлкен уақыт қатесі кеткен осы аңызда, себебі Платон хеттерден шамамен тоғыз ғасырдан кейін өмір сүрген.

Аңыздар көбіне шындықтан көп қызығушылық оятады. Біз енді шындықтарға оралайық, қай мақсатта салынғаны әлі белгісіз осы құпиялы Эфратунпынары ескерткіші туралы айтуды жалғастырайық.  Ол бірінің үстіне бірі тізілген үлкен тас блоктардан тұрады. Алдында да қасиетті бассейн бар.  Хеттердің құдайларының алдына таза болып шығу және тазалану үшін салынған осы қасиетті бассейн. Ауыр тас блоктардың жартастан ойылып емес,  белгілі бір қашықтықтағы тас кенінен бір біріне сай кесіліп,  бұлақ басына дейін тасымалданғаны және мұқият бірлестіріліп, салынғаны белгілі.  Блоктардың үстіндегі ойып жазылған көріністерде дауыл, тау, жер асты құдайлары мен Күн құдайы және Күн символы бейнеленген.  Ескерткіш үстіндегі тесіктерден діни рәсімдерде су ағызылғаны,  осы судың шағын астауда қайта жиналып,  бұрқаққа жіберілгені белгілі.

**

Эфлатунпынары ескерткіші хеттердің нанымдарын сәулет өнерімен ұштастырып, эстетикалық көзқараспен салынғандықтан маңызды. Анадолыдағы су инженерлігінің таңдаулы мысалы ретінде алдымызға шығатын осы бұлақ сол кездің технологиясын және тас шеберлігін көрсететіндіктен басқа ескерткіштерден бөлек. Қандай мақсатта салынғаны әлі белгісіз.  Осы тақырыпты зерттеушілердің көзқарастары түрлі болса да әлі ешқайсысы нақты емес.

Эфлатунпынары ескерткіші әрі жоспары,  әрі көрінісі,  әрі шеберлігімен назар аударады. Ағын суды бөгет секілді бір жүйемен жинайтын,  суды үнемдеп қолданатын сирек кездесетін су жүйелерінің бірі бұл ескерткіш. Осы ерекшеліктерінің барлығына байланысты 2014 жылы ЮНЕСКО Әлем мұрасының уақытша тізіміне енгізілді.

Бассейнімен, су бұрқақтарымен әлі жұмыс істеп тұрған,  соншама жыл құламай қалған осы ескерткішке келгеніңізде, осы ірі тастардың сол кездің шарттарында алыстан қалай тасымалданып,  қалай керемет тізілгенін көріп қайран қаласыз. Тас шеберлігіне де тамсанасыз. Білкім,  ең жақсы және ең таза киімдерін киіп, мыңдаған жыл бұрын осында жиналған адамдар көз алдыңызда елестер. Кейбірі садақа беруге келген,  кейбірі арманы орындалғаны үшін алғыс білдіруге... Бәлкім кешірім сұрау үшін, бәлкім сауығып кету үшін келген.. Кімнің қолы тиді осы қасиетті ескерткішке,  кімдер суында шомылды,  кім садақа берді,  кімнің арманы орындалды, білмейміз.  Бірақ алдымызда тұрған Эфлатунпынары ескерткішінің үш мың жылдан астам уақыттан бері құламай,  уақытпен тайталасып, «мен мұндамын» дегенін анық білеміз.

**

Эфлатунпынары ескерткішінің 110 км солтүстігінде тағы бір ескерткіш бар.  Ялбурт Хетт су ескерткіші,  бір бұлақ емес,  бірақ суға байланысты болғандықтан назар аударады. Осы ескерткіш жиырма тас блоктан тұрады.  Тас блоктардың үстінде сына жазумен бір оқиға баяндалған.  Ескерткіштің алдында да бір бассейн бар.  Алайда Эфлатунпынары секілді суға толы емес.

Анадолы территориясында су бұлақтарын баяндап бердік бүгін бағдарламамызда.  Су бұлақтары осы территорияда баяндалуға лайықты сәулет және мәдени жәдігерлердің бастылары. Әрбір өркениет кезінде бір бірінен бөлек мақсат пен пішіндерде салынған су бұрқақтарын баяндауды жалғастырамыз.

Бүгін әлем өркениет тарихына әлеуметтік, экономикалық және діни құрылымымен таңбасын басқан,  адам баласына көп үлес қосқан және бүгінге дейін жеткен материалдық мәдени жәдігерлердің бірі,  хеттердің су бұлағы Эфлатунпынары туралы айтып бердік.

 

 



Ұқсас жаңалықтар