Стамбулда су мәдениеті

Судан бастау алған мәдениет-11

1556396
Стамбулда су мәдениеті

Адам әрқашан қойған мақсатына жеткен және кедергілерге бас имеген болмыс болды.  Тарих бойы жетістікке жетуі керек тақырыптардың басында таза ауыз суға қолжетімділік келеді.

Адам баласы елді мекен ретінде алдымен су бойын таңдаса да, тұрғын саны артты.  Су бойындағы жерлерден ішке қарай жылжи бастады. Енді елді мекендер су бойында емес еді. Суға қалаған кезінде қол жеткізу үшін жаңа әдістер іздестіріп,  жетілдірді адам баласы. Алғашқы дәуірлерден бастап түрлі су ғимараттарын салды осы мақсатты.  Жылдың барлық маусымында және әр сәтте қолданысқа дайын судың болуы үшін өзендердің үстінде бөгет салды,  су аркасын салып, суды алыстан жеткізді. Қар мен жаңбыр суларын су қоймаларында жинап, ол суды каналдар арқылы қалаларға таратты.  Судың жиналып, сақталуында ең маңызды су ғимараты су қоймалары болып табылады. Біз де сіздерге бүгін су қоймаларын баяндап береміз.

**

Су қоймалары бастапқыда егістік жерлерді сулау үшін қолданылған.  Су көздерінен алыста және құрғақ аймақтарға қоныстанған адам баласы қиыншылықты жаңбыр мен қар суын жинақтау арқылы шешті.  Осы арқылы жерді суғарып, егістікпен айналысты. Су қоймалары жалпы жартастаға ойылып немесе тастан салынатын. Мұқтаждыққа қарай ашық немесе жабық,  жердің астында немесе үстінде болатын еді.  Бүгінгі күні әлемнің түрлі аймақтарында түрлі үлкендікте және түрлі әдістермен салынған су қоймаларын кездестіруге болады.  Ең ескі су қоймасына Перудағы Назка шөліндегі қоймаларды көрсетуге болады.

Бастапқыда егістік үшін қолданылған су қоймалары тұрғын санының артуымен ауыз су мұқтаждығын қамдау үшін салынады.  Тек ауылдық жерлерде ғана емес, қалалардың түрлі жерінде және керуен жолдарының бойына да салынды.

Анадолы аймағында да түрлі кезеңнен қалған түрлі су қоймалары кездеседі.  Хаттушадағы Хетт дәуірі су қоймалары мен Мерсин Корикос ежелгі қаласындағы су қоймалары біздің дәуірімізден бұрынғы кезде салынған су қоймаларына мысал. Фетхиедегі Телмоссос ежелгі қаласындағы су қоймалары да біздің дәуіріміз басталғаннан кейін салынған үлгілер.  Осы су қоймалары тек су көздерінен алыстағы жерлерге салынып қана қоймаған, сонымен бірге қаланың маңында суы бар жерлерде де салынған.  Мұның себебі Анадолы қалаларының шапқыншылыққа көп ұшырауы. Бір қала қоршауға алынған кезде су мен азық-түлік жететін жолдарды басып алады жау.  Сусыз және азықсыз қалатын қала халқы қысқа уақытта беріледі.  Міне,  қала маңына су қоймасы салып,  осы жағдайдың алдын алуға тырысқан. Жоғарыда айтылған Мерсин-Силифке жолы бойындағы Корикос бір портты қала болғанына қарамастан, отызға жуық су қоймасы бар. Су қоймаларының бейбіт кезде болғаны секілді соғыс кезінде де маңызды екенін Аристотель «Қалалардың соғыста сенімді болуы үшін су қоймалары керек» деген сөзбен жеткізген.

**

Құрылған күнінен бастап су тапшылығына душар болған бір қала елестетіп көріңіз... Оның үстіне ғасырлар бойы әрдайым шапқыншылыққа ұшыраған қала... Өзі  тұрған кезеңнің ең маңызды үш империясына да бас қала болған.  Көбіңіз таптыңыз. Бұл қала Стамбул.  Үш тарабы сумен қоршалған болса да,  Стамбулға деген қызығушылық себебімен ешқашан осыншама көп адамға жететін су қамдала алмайды.  Рим Империясы кезіне дейін Стамбулдың су мұқтаждығы су қоймаларымен қамдалады.

Стамбулда осы мақсатта жүздеген су қоймасы салынады.  Кейбірі жекеше түрде жобаланып салынады,  кейбірі шіркеудің төменгі қабатында салынады.  Сондықтан Стамбулда көптеген су қоймасын кездестіруге болады.  Византия кезінде жер астына алынған су қоймаларының қабырғасынан су ақпау үшін қабырғалары Хорасан балшығы деп аталатын арнайы балшықпен сыланады. Судың қысымына шыдау үшін іштен және сырттан қорғалады.  Уақыт ішінде маңызынан және функциясынан айрылған су қоймалары бүгінгі күні түрлі мақсатта қолданылуда. Кейбірі жеміс-жидек қоймасы,  көлік жөндеу шеберханасы,  кейбірі де мейрамхана немесе мұражай ретінде қолданылуда.

Византия су ғимараттары арасында маңызды орны болған су қоймалары сол кездің архитектура және инженерлік деңгейін көрсетеді. Тарих туралы мәлімет бергені үшін де өте құнды.  Бастапқыда бір бірлерінен тәуелсіз болған су қоймалары уақыт өте келе құбырлардан қалыптасқан жер асты су жүйесімен қала канализациясына қосылған.

Ерте дәуір су қоймаларының бірі болған жабық жер асты қоймалары қолданылған материал, көлемі және шеберлік тұрғысынан түрлі болса да, архитектура жағынан бір біріне ұқсас. Стамбулдың жабық су қоймаларының ең көркемі және ең танымалылары арасында бірінші орында Йеребатан су қоймасы келеді.  Сонымен бірге Бинбирдирек су қоймасы. 52 сатылы тас баспалдақпен түсетін Йеребатан су қоймасы судың ішінен төбеге қарай көтерілген 336 дана мәрмәр бағаны және көркем көрінісімен атағы шыққаны соншалықты халық оны Йеребатан сарайы деп атап кеткен. 100 мың тонна су сақтау әлеуеті болған осы көркем ғимаратқа келгенде басқа бір әлемге, басқа бір уақытқа түскендей боласыз. Теріс қаратылып орналастырылған Медузаның басы орнатылған бағана тұғыры болса өте сиқырлы көрінеді.  Ол туралы көптеген аңыз да айтылады.  Медузаның көзіне тіке қарағандарды тасқа айналдыратын қасиеті жөнінде де айтылатын аңыз көп.

***

Су қоймасын 1453 жылы Стамбул жеңіп алынғаннан кейін бір мезгіл қолданады.  Алайда сақталған судың орнына, ағып тұрған суды таңдайтын османдықтар өздерінің су жүйесін қалыптастырады. Сондықтан су қоймасы енді қолданылмайтын болады. Көп уақыттан кейін қайтадан жарыққа шыққан Йеребатан су қоймасы , басқаша айтқанда Базилика су қоймасы бүгін туристер көп келетін жерлердің бірі.  Ол Стамбулдың көркем жерлерінің бірі ретінде шетелдік туристердің назарын аударады. Стамбулдың екінші үлкен су қоймасы да Бинбирдирек су қоймасы.  Бүгінге дейін жеткен 212 дана бағанасымен назар аударатын су қоймасы түрлі мәдени іс-шараға мекен болған мұражай қазіргі кезде. 

**

Империяның бас қаласы және сонымен бірге сауданың да орталығы болған Стамбулмен шектеулі емес Анадолыдағы су қоймалары.  Осылардың арасында ең назар аударатыны бүгін Мардиндегі Дара ежелгі қаласындағы 1500 жылдық су қоймасы.  Рим империясының табиғи шекарасын қорғау үшін құрылған горнизон қала Дара.  Қоршауларға көп уақыт бойы төзуі үшін су қақпалары, су қоймалары  мен су жүйесі жақсы жоспарланған. Су қоймаларында судың ағынын және мөлшерін бақылайтын бір жүйенің болуы сол кездері Дарадағы инженерлік деңгейін паш етеді.  Дара ежелгі қаласында Римнен басқа Византия, Селчук және Османлы ғимараттарын да кездестіруге болады. Кейбір тарихшылар Дараны Месопотамияның алғашқы сулау каналы құрылған қаласы ретінде қабылдайды.  Дара ежелгі қаласы тек су қоймаларымен ғана емес,  сонымен бірге «қайта тірілу» нанымымен сақталған сүйектер табылған «галерея қабыр» ретінде де аталған алаңымен танымал.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар