Анадолы жеріндегі Рим моншалары

Судан бастау алған мәдениет-10

1554755
Анадолы жеріндегі Рим моншалары

 

 Ыстық суға қолжетімділігіңіз қанша уақытыңызды алады? Үлкен ықтималмен кранды ашар ашпастан,  яғни бірнеше секундта ыстық су аға бастайды. Бұрын бұл қалай еді? Осыншама жеңіл ме еді? Еш ойлап көрдіңіз бе?

Энергия көздерінің өте азы белгілі және технология дамымаған кезде әрине көп уақыт кететін еді ыстық суға қол жеткізуге. Тазалық үшін керек ыстық су және кейбір мәдениеттердің күнделікті тұрмысында бас тартылмас болатын.

Бүгін сіздерге әлемдегі ең маңызды сәулет ғимараттарының бірі, тарихы ежелгі дәуірге дейін баратын моншалар туралы айтып береміз.

**

Анадолы территориясындағы маңызды өркениеттердің бірі хеттер үшін судың және гигиенаның маңызы туралы білеміз.  Діни рәсімдер және тазалану үшін суды қолданатын еді, ескерткіш су ғимараттары бірінші рет хеттер кезінде ортаға шығады. Мыңдаған жылдық процесте көптеген өркениет өмір сүреді осы жерде. Бірақ хеттер секілді суға көңіл бөлген тағы екі өркениет болған. Олар өздері салған су ғимараттарымен әлемге әсер етеді. Монша, яғни хамам деген кезде еске бірден солар түседі: римдіктер мен түріктер.

Римдіктер Анадолы жеріне қоныс тебе бастағаннан кейін Эллин және Рим өркениеттері бір біріне жан беріп,  көптеген ғимарат пен мәдени жәдігер алмасады.  Осылардың ең басында моншалар орын алады, себебі эллин қалаларындағы дамыған спорттық базалар ретінде гимназиялар бүгінгі моншалардың бастауы десек болады. Моншалар сол кездің ең маңызды қоғамдық ғимараттары ретінде қабылданады.

Римдіктер билегін әрбір қалада кемінде бір монша кездеседі.  Неге деп ойлайсыз? Себебі Рим дәрігерлері денсаулық үшін спортен айналысу, массаж жасау және дененің таза болуы керектігін айтады. «Дені сау болудың алғашқы шарты жуыну» деп айтатын еді. Халық та көп көңіл бөлген осы тақырып саясат қайраткерлерінің де күн тәртібінде орын алады. Сайлауларда халыққа монша саламыз деп уәде берілетін. Империя моншалары тек жуынатын бір мекен емес, ішінде кітапхана,  спорттық кешен және серуендеу үшін бақшалары болатын үлкен кешендер ретінде салынатын еді.

**

Алғашқы моншалар шипалы екеніне сенетін жылы су көздеріне жақын жерлерге салынатын еді. Уақыт өте келе моншаға сұраныс артқандықтан тек ыстық су көздерінің жанына емес,  қалаларда да моншалар салына бастады. Инженерліктің дамуымен су көздерінен алыс жерлерде салынған моншаларға су тасымалданып, суды көп уақытқа дейін ыстық ұстап тұратын әдістер жетілдірілді. Кейбір қалаларда бірден көп монша салынды.  Мұның себебі римдіктердің моншаны қала тұрғын санына қарай салуында. Осыншама көңіл бөлудің нәтижесінде де моншалар Рим мәдениетінің және күнделікті тұрмыстың бас тартылмас бөлшегіне айналды.

**

Рим дәуірінің моншалары – әлем мәдениет мұрасына таңбасын басқан сәулет туындылары. Өз дәуірінің ең үлкен ғимараттары ретінде алдымызға шығады. Себебі осы ғимараттар салғызған кісінің күшін көрсетеді. Көркем сәулеті, әшекейленген іші және керемет мүсіндерімен мемлекеттің және императорлардың беделді туындылары ретінде қаралады моншалар.

Римдік ойшыл Сенеканың хаттарында жазғандарының арқасында осы моншалардың бейнесін бүгінгі күні елестете аламыз. Моншаларда көптеген мүсін болғанын, ішкі жақтарында Александриядан жеткізілген мәрмәрлердің қолданылғанын,  қабырғаларындағы фрескаларды, хауыздардың айналасының өте қымбат мәрмәрлермен қапталғанын және судың күміс шүмектерден аққанын білеміз осы хаттардан. Көздің жауын алатын көркемдікті мақтаншақтық және ысырапшылдық деп баяндайды Сенека осы хаттарында. Шағымданады. Бірақ жоғарыда да айтқанымыздай,  бұлардың барлығы император мен мемлекеттің беделін көрсеткендіктен басқаша болуы мүмкін емес еді.

Моншалар өз дәуірінің инженерлік саласындағы жетістіктер мен жаңалықтарға жетекшілік етеді,  мысалы бетон. Бетон бірінші рет моншаларда қолданылған.  Осы төзімді материал арқасында сол күнге дейін жасалынбаған күмбез секілді элементтер қолданылады.  Түрлі архитектуралық жобалар жүзеге асырылады.  Осылайша тек инженерлік салада емес, архитектура саласында да жаңа дәуірлер ашылады.

**

Римдіктер өте кең территорияға тараған еді.  Әрине әрбір қалада молынан су табылмайтыны да белгілі нәрсе. Бірақ моншалар міндетті түрде салынуы керек еді.  Су тұрғысынан жеткіліксіз қалалардағы моншалардың су мұқтаждығы су қоймалары арқылы шешілетін еді.  Өте аз сумен керемет қызмет беретін еді осы шағын моншалар.

Үлкен моншаларда болса су мұқтаждығының су қоймасымен шешілуі мүмкін емес болатын. Себебі осы моншалар өте үлкен болатын,  әрі хауыздар, бұлақтар, тіпті сарқырамалары себепті көп су керек болатын.  Керек болатын су су аркалары арқылы жеткізіліп,  айырықша өте үлкен су қоймалары болатын. Моншалардың су проблемасы осылай шешілетін еді. Жылытуға байланысты жақтары да технологиядағы жетістіктерге байланысты болатын. Еденнің астынан жылыту арқылы үлкен қазандар тұратын бөлімнен келетін ыстық ауа мұржалардың көмегімен қабырғаның арасынан өтіп,  мекенді жылытады,  моншадағы температура 100 градусқа жететін еді.

**

Су алыстан су аркалары арқылы жеткізілген моншалардың бірі Император Каракалла атынан Римде салынған монша болатын. Осы монша әлемдегі үлкендігі жағынан екінші Рим моншасы деп есептеледі. Тағы да осы императордың атымен аталатын, сол кездің ең үлкен моншаларының бірі қазір Түркияда, бас қала Анкарада. Римнің Галатия уалаятының орталығы болатын сол кездері Анкира. Еуропадан келетін жолдардың тоғысу орталығы еді. Стратегиялық тұғыры себепті едәуір маңызды қала болатын. Осы маңыздылықты көрсету үшін алпауыт монша салғызған римдіктер.  Өз дәуірінің атақты ғимараттары арасында орын алатын Анкарадағы Рим моншасы көркемдігімен назар аударатын. Моншаға 40 км қашықтықтағы Елмадағдан тас блоктармен су тасымалданып, айырықша қар мен жаңбыр сулары жиналып, сақталатын бір жоспар дайындалған.  Моншаға жететін,  қолданылған және ағып кететін сулар үшін де канализация жүйесі қалыптастырылған. Осы монша бес жүз жыл бойы қолданылған!

Жүргізілген қазбаларда осы жердің тек монша болмағаны,  сонымен бірге Фриг, Рим, Византия, Селчук және Османлы кездерінен қалған елді мекендерді де қамтитын бір қорған екені анықталған.  Бүгінгі күні Анкараның Улус ауданында тұрған осы монша алпыс бес мың шаршы метрлік алаңымен ашық ауа мұражайына айналдырылған.

Рим дәуірінен бізге жеткен моншалар тек Анкарадағы моншамен шектелмейді әрине.  Айдын Милеттегі Фаустина моншасы салқын, ыстық және жылы бөлімдері,  шешіну бөлмелері және хауыздарымен Анадолыдағы басқа бір үлкен монша. Чанаккаленің Езине ауданындағы Александрия Троас ежелгі қаласында басқа бір монша бар. Геродес Аттикус моншасы. Осы монша сонымен бірге Анадолының сол кездегі белгілі ең үлкен ғимараттарының бірі.  Йозгаттың Сарыкая ауданында болса әлемнің ең байырғы ыстық су ғимараты «Корольдың қызы» деген атпен танымал Базилика Терма Рим моншасы бар.  Екі мың жылдан бері ағып тұрған шипалы суымен осы моншаға ұқсас басқа бір монша Ұлыбританияның Бат қаласында орналасқан.

Анадолы территориясындағы мәдени мұраларды баяндап жеткізу мүмкін емес.  Бүгін сіздерге осы мұраның су байлықтарын жеткізгіміз келді. Рим дәуірінің тазалық және қоғамдық орталықтары болып саналған моншалар жөнінде айтып бердік бүгін.

 

 



Ұқсас жаңалықтар