Анталияда Әулие Николайдың атымен шіркеу бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 53

1552856
Анталияда Әулие Николайдың атымен шіркеу бар екенін білетін бе едіңіз?
Aziz Nikola.jpg

Анталия Демреде бүкіл әлемде Санта Клаус деп аталатын Әулие Николайдың атымен шіркеу бар екенін білетін бе едіңіз?  

Әулие Николай б.з.к 3-ғасырдың екінші жартысында Патара қаласында дүниеге келді және бүгін Демре деп аталған Мирада эпископы болып қызмет етті. 

Әсіресе орыс патшалығынан бастап, көптеген Еуропа елінің ең қасиетті тұлғасы ретінде Әулие Николай Америкада да өте танымал болды, тіпті Нью-Йоркті қорғайтын қасиетті адамдардың бірі болып есептеледі. 

Әулие Николай қайтыс болғаннан кейін Мира тұрғындары оның атына шіркеу салып, саркофагты осында орналастырды. 

Сәулеті және стилімен Византия дәуірінің ең маңызды ескерткіштерінің бірі болып қабылданған бұл шіркеуде әртүрлі кезеңдердің ізін байқауға болады. Кедей адамдар мен ата-анасыз балалардың ең үлкен қорғаушысы болып қабылданған Әулие Николайға арнап мыңдаған шіркеу салынғанмен Демредегі Санта-Клаус шіркеуі (Әулие Николай шіркеуі) тарихи теңдесі жоқ орындардың бірі. 

Крест жорықтары кезінде осы жерге келген кейбір саудагерлер оның сүйектерін ұрлап, Бариге апарғанымен, оның қалған сүйектері Демредегі мұражайда сақталған. Археологиялық қазба жұмыстары жалғасқан Санта-Клаус шіркеуіне қатысты көптеген құнды жәдігерлер табылуда. Бұл туындылар бүгінгі таңда мұражай ретінде қолданылған шіркеудің ішінде келушілерге ұсынылуда.



Ұқсас жаңалықтар