Гөреме ашық аспан мұражайында ондаған шіркеу бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 51

1544690
Гөреме ашық аспан мұражайында ондаған шіркеу бар екенін білетін бе едіңіз?
Гьореме.jpg

Каппадокиядағы Гөреме ашық аспан мұражайында ондаған шіркеу бар екенін білетін бе едіңіз?

Ғасырлар бойы әртүрлі нәсілдер мен тілдерге қонақжайлық жасаған Гөреме ашық аспан мұражайының діни және сәулет өнерінің тарихы тұрғысынан маңызы өте зор. Археологиялық алаңдағы кішілі-үлкенді шіркеулер үлкен бір монастырь кешенін құрайды. Аралауға болатын он бір асхана мен шіркеуден басқа, кез-келген уақытта құлау қаупі болғандықтан есіктері жабылған тағы он сегіз шіркеу бар.

Гөреме ашық аспан мұражайында Қыздар мен ұлдар монастыры, Әулие Василий капелласы, Элмалы шіркеуі, Әулие Барбара капелласы, Әулие Екатерина капелласы, Жыландар шіркеуі, Қараңғы шіркеу, Чарыклы шіркеуі және Тоқалы шіркеуі келушілеріне ашық. Бұл шіркеулер архитектурасы мен кезеңдеріне қарай «бағаналы шіркеулер» және «жыланды шіркеулер» деп екіге бөлінеді.

Тұтас салынған фрескаларымен Қараңғы шіркеу, Элмалы шіркеуі және Чарыклы шіркеуі «бағаналы шіркеулер» деп есептеледі. Бір-бірінен тәуелсіз, қисынсыз және мазмұнсыз баяндалған қабырға суреттерімен Апалы-сіңлілі монастырь, Жыландар шіркеуі, Әулие Барбара мен Әулие Екатерина капеллаларын болса «Жыланды шіркеулерге» үлгі болып көрсетуге болады.



Ұқсас жаңалықтар