Тарихқа куә Кызылырмак өзені

Судан бастау алған мәдениет-5

1529935
Тарихқа куә Кызылырмак өзені

  Үстіне бөгеттер құрылғанға дейін шалқып ағатын, қойнауына сыймайтын өзен болған Кызылырмак.  Орталық Анадолы жеріне нәр берген, осы жерден бастау алып, осы территорияда теңізге құятын Түркияның ең ұзын ағынды су Кызылырмак. Тек ұзындығымен емес, 75 мың шаршы километрлік қойнауымен де көркем өзен. Кызылырмак атырауы жүздеген жандыға мекен болған,  Түркияның маңызды эко жүйелерінің бірі. Ол туралы қаншама жоқтау жазылған,  өлеңдер айтылған,  тарихи процест те маңызды рол ойнаған өзен. Тарихының барлық дәуірінің іздері кездесетін, түрлі өркениеттердің,  түрлі кезеңдердің қамалдары,  көпірлері,  жартас қабірлерімен әлі күнге дейін назар ауадарады Кызылырмак...

Кызылырмак - ежелгі дәуірлерден бері Анадолының   маңызды өзендерінің бірі.  Адам баласының осында қоныс тебуінен соғыстарға,  саудадан мемлекеттік шекаралардың сызылуына дейін тарихқа куә болған бір өзен.

Алғашқы дәуірдің атақты тарихшысы Геродот пен географы Страбон Кіші Азияның шекарасын Кызылырмакпен шектейді.  Себебі саяси шекара ұғымы жоқ ол кездері, география анықтайды шекараларды,  яғни таулар,  өзендер мен теңіздер...

Өзен қойнауындағы топырақтың қызыл балшықтан қалыптасуына байланысты осы атау берілген. Түрік тілінде «қызыл» және «ырмак», яғни өзен деген сөздердің қосылуынан қалыптасқан. Хеттер де өз тілдерінде дәл осылай атаған осы өзенді. Кызылырмак төңірегінде құрылған, тарихқа таңбасын қалдырған басқа бір өркениетті Хеттерді баяндап береміз бүгін.

**

Вавилиондықтармен бір дәуірде өмір сүрген хеттер.  Көптеген жаңалық ашқан. Хеттер деген кезде тарих сабағынан еске түсетіні Кадеш келісімі. Осы келісім әлем тарихында теңдік принцибіне сүйенетін ең ежелгі жазбаша келісім  ретінде қабылданады.  Сол кездің ең үлкен әскери және саяси күші: хеттер мен Мысыр мемлекеті арасында болған соғыстан кейін жасалады Кадеш келісімі. Екі мемлекет арасында көптеген жылдар бойы жалғасқан келіспеушіліктер осы бейбітшілік келісімімен аяқталады.  Мысырда храмның қабырғасына ойып жазылған осы келісімнің бір нұсқасы 1906 жылы Боғазкөйде жүргізілген археологиялық қазбада жарыққа шықты. Келісім жазылған қыш табақшалар бүгін Стамбул Археологиялық мұражайында тұр.  Заманауи дипломатияның іргетасы деп қабылданғандықтан табақшалардың үлкейтілген бір көшірмесі де Нью-Йоркта Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратының алдында тұр.

**

Қыш табақшалар Бұғазкөйдегі қазбаларда табылды.  Бұғазкөй хеттердің бас қаласы болатын. Яғни сол кездегі есімімен Хаттуша. Кызылырмак орналасқан шығымды жерге құрылған.  Анадолының тарихтағы тұңғыш астанасы.  Чорум қаласының оңтүстік батысында. Ежелгі Хаттуша қаласы Түркияның ең маңызды археологиялық алаңдарының бірі. Жүргізілген қазбаларда бес мәдени қабат табылды.  Сонымен бірге Хатти,  Хетт, Ассирия, Галат, Фригия, Рим және Византия кезеңдерінің жәдігерлері табылды. Хаттуша ежелгі қаласы тарихи қалдықтары және тарихта белгілі ең ежелші өркениеттердің бірінің бас қаласу болуы себепті ЮНЕСКО-ның Әлемдік жад тізіміне енген.  Қыш табақшаларда Хаттуша туралы «Мың құдайлы қала» деп айтылады.

Енді «мың құдайлы қала» Хаттушаны бірге аралайық. Хаттуша жоғары және төменгі қала деп, екі бөлімге бөлінген.  Жоғары қалада храмдар мен басқа да қасиетті алаңдар, төменгі қалада болса Үлкен храм, үйлер және күнделікті тұрмысқа арналған басқа да алаңдар орналасқан. Хеттер астаналарының төңірегін алты километрлік қорғанмен қоршаған.  Осы қорғандармен қоршалған ежелгі қалада бүгінге дейін жеткен ескерткіш қақпалар, сарай,  отыз бір храм, жер асты туннелі, ауқымды астық қоймалары, Язылыкая ашық ауа храмы бар.  Уақытқа сапар шектім деп сезінбестен осы қаланы аралау мүмкін емес. Аралап жүріп хеттердің керемет тас шеберлігіне қайран боласыз. Хеттер ескерткіш архитектурасында ірі тастарды қолданған Анадолыдағы алғашқы өркениет.  Сәулетте де, өнерде де өте жетілген.  Діни және азаматтық архитектураның ең тамаша үлгілерін астанасында көруге болады.

**

Осыншама көркем қаланың құрушылары хеттер туралы айтып өтелік.  Тарихтағы және әрине Анадолыдағы маңызды өркениеттің бірі.  Соғыстар,  бейбіт күндер,  мәдениеттері, әскери және саяси күшімен мықты болған осы патшалық сол кездегі мықты елдердің бірі болған. Хеттер кен өңдеген, әсіресе жоғары сапалы темір өнімдері мен қару технологиясында дамыған. Мықты ордалар құрған, осының арқасында да Жерорта теңізі сауда жолдарын бақылауға алып, Анадолыда билік құрған. Әйел құқықтарына көңіл бөлгені,  заңдарға тәуелді қоғамдық тәртіп жетілдірген болуы, өнер мен архитектурада кемел туындылар шығаруы арқылы Анадолының ең маңызды өркениеттерінің бірі болған.

Қазбаларда ортаға шыққан материалдардан және қыш табақшалардан олардың түрлі техникалар жетілдіргені,  отты бақылауға алып, қолданғанын,  керамика, бояу, әтір секілді салаларда алда болғанын білеміз.

Алғашқы ұйымдасқан мемлекеттік құрылымды және тарихтағы алғашқы мәжіліс болып есептелген «Панкуш» яғни «Империя мәжілісін» де хеттер қалыптастырған. Елді патшалық әулетінен таңдалған кісілер басқарса да,  «Империя мәжілісінде» қабылданған шешімдердің мүшелердің дауыс беруіне ұсынылған.  Тең құқығы бар мүшелер ойларын ашып айтқан. Мәжілісті король тексеретін еді.  Яғни Ұлыбритания, Испания,  Нидерланды, Жапонияда және басқа да көптеген елде атқарылған басқару жүйесі «парламенттік монархияның» іргетасы осы хеттер кезінде қаланған.

Хеттердің Анадолыға Кавказ арқылы келгенін болжайтындар да бар.  Анадолының жергілікті халқы деп айтатындар да бар. Алайда осы тақырыпта нақты мәлімет жоқ. Қыш табақшалардағы сөздер зерттеліп қарағанда Еуропа тілдеріндегі сөздерге ұқсастығы байқалған.  Сондықтан хет тілі бүгінге дейін табылған ең байырғы Үнді-Еуропа тіл фамилиясына жатады деп есептеледі.

Тарих сахнасына қалай шыққандары әлі толық белгісіз хеттердің осы сахнадан қалай кеткендері де белгісіз. Кейбірі Анадолыға грек тайпаларының көшінен кейін, кейбірі де Жерорта теңізінен келген қарақшылар тарапынан жойылды деп айтады.  Кім біледі,  бәлкім ұзақ жылдар созылған құрғақшылық бітірген шығар осы елді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар