Ресейдің Хабаровск аймағында протест жалғасуда

Еуразия күн тәртібі – 31

1464003
Ресейдің Хабаровск аймағында протест жалғасуда

Бүгінгі бағдарламамызда Ресейдің Хабаровск аймағында болған протест оқиғаларына тоқталамыз.

2020 жылы 9 шілдеде Ресейдің қиыр шығысындағы Хабаровск аймағының әкімі Сергей Фургал 2004-2005 жылдары арасында іскерлердің алып қашырылуы және өлтірілуі оқиғаларына байланысты организациялық қылмыс жасағаны айыптауымен ұсталды. Осыған орай аймақ халқы 11 шілдеден бері Фургалды қолдаған рұқсатсыз ереуілдер (митингтер) ұйымдастыруда. Ереуілдер аймақтың әкімшілік орталығы Хабаровск қаласын қамтыған ондаған қалада пандемияға қарамай онмыңдаған адамның қатысуымен жалғасуда. Аптаның соңында ереуілге қатысқандар саны 50-80 мың адамға дейін көбейді. Хабаровсктегі ереуілдер Ресей үшін ерекше болғандықтан мұқият бақылағанды жөн қарадық.

Сергей Фургал 2018 жылғы сайлауда 70 пайыздық дауыспен Ресей Либерал демократия партиясынан Хабаровск аймақ әкімі болып сайланды. Фургал сайланғаннан кейін аймақта өткен жергілікті және жалпы сайлауларда Либерал демократия партиясы жеңіске жетіп, билік басындағы Бірлескен Ресей партиясын аймақтан жоюға дейін жетті. Алайда бұл оқиға тек екі партия арасындағы бәсекеден әлдеқайда тереңде жатқандай сезілді.

Әкім Фургал міндетке келген екі жылда бюрократиядағы барлық шығынды азайтатын қадамдар басты. Осы талпыныстары мен аймақ мәселелеріндегі ашық көзқарасы жергілікті халықтан қолдау тапты.

Сергей Фургал жергілікті халықтың мүддесін қорғауда орталық әкімшілікпен бетпе-бет келді.

Президент Путиннің 2018 жылы желтоқсан айында Қиыр шығыс Федерал аймағы орталығын Хабаровсктен Владивосток қаласына көшіру шешіміне Фургал қарсы шықты.

Владимир Путин 20 шілдеде Фургалды міндеттен алып, орнына Либерал демократия партиясынан Михаил Дегтяревті тағайындады. Алайда аймақ халқы Мәскеуден жолданған Дегтяревті қабылдамады. Протестшілер Фургалдың қайта келуін, соттың Хабаровскте ашық және әділ өткізілуін талап етті. Митингтерде Путиннің отставкаға кетуі де сұралды. Хабаровск аймағындағы митингтерді ерекшелендірген жағдай олардың үш аптадан бері заңдарды бұзбай, тыныш өтіп жатқаны. «Көккептерлерге жем беру», «Топтық жүгіру», «Автомобиль ұнатушылардың шеруі» сияқты түрліше ғажайып іс-шаралар митинг аясында өтіп жатыр.

 Ресейдің Қиыр шығыс аймағында ұйымдастырылған митинг шерулері елдегі орталық-ауылдық қақтығыстарын қайта күн тәртіпке әкелді. Ресейдің ауылдары орталықтың ішкі істеріне араласпауын, талғамдарына және өздеріне құрмет көрсетілуін, ауылды көркейту үшін бюджет бөлінуін сұрауда. Хабаровск халқының осы наразылықтары Ресейдің өзге таулы аймақтарына таралуы және алдағы сайлауда Бірлескен Ресей партиясының қолдаудан айрылып қалуына себеп болуы мүмкін.

Баршаға аян, өткен жылдан бері Солтүстік Кавказда осындай протесттер жалғасып келеді. Мәскеудің этникалық аз сандылардың автономиялық құрылымын үлкен облыстармен бірлестіру талпыныстары да жергілікті халықтың наразылығын қозғады.

Қорыта айтқанда, сыртқы саясатта үлкен ойын ойнағысы келген Ресейдің ішкі жақта да шешімді күткен көптеген мәселелері бар.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар