Ресейде 1 шілдеде референдум өткізілді

Еуразия күн тәртібі – 28

1452112
Ресейде 1 шілдеде референдум өткізілді

Бүгінгі бағдарламамызда Ресей Федерациясында 2020 жылы 1 шілдеде ұйымдастырылған референдумға тоқталамыз.

2020 жылы 25 маусым мен 1 шілде арасында Ресей Федерациясында Атазаңға өзгерістер енгізу референдумы ұйымдастырылды. Ресми референдум 1 шілде деп белгіленгенімен коронавирус індеті себепті дауыс беру жұмысы 25 маусымда басталды. 2020 жылы 22 сәуірде өткізу жоспарланған, алайда індетке байланысты кешіккен дауыс беруге сайлаушылардың 65 пайызы қатысты. Ресей Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда референдумға қатысқан орыстардың 77.92 пайызы Атазаң өзгерісін қолдаған. Аймақтарда Владимир Путинге жақын Рамазан Қадыров басқарған Шешенстан мен Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың ауылы Тува ең жоғары «мақұл» дауысын берген республикалар болды. Комиссияның мәліметіне қарағанда референдумда әділетсіздік те аз болған жоқ.

Референдуммен Атазаңның 22 бабында 206 өзгеріс жасалды. Референдумдағы ең басты жаңалық Владимир Путиннің тағы екі кезек президент болуының жолы ашылды. Ресей Мәжілісі Думамен бірге президенттің билігі де референдумдағы өзгерістермен бекемделді.

Жасалған өзгерістер арасында орыстардан кейін Ресей Федерециясының ең көп ұлты болған түріктердің болашағына байланысты өзгерістер де бар. Ресей Федерециясының ресми тілінің орысша және елдің құрушылары орыс халқы екені Атазаңда дәріптелуі Ресей Федерециясындағы түрік халықтарының, басқа да аз санды болған және жоғалу қаупі бар түрік тілдерінің қорғалуын қиындастырады. Ресейдегі түрік мекендерінде патшалық дәуірінен бері орыс тілі басты орында қолданылып келеді. Елдің «Құрушы халқы» орыстар екені дәріптелуінің Федерациядағы этникалық үйлесімділікті арттыратынын айту қиын.

Ресейде соңғы жылдарда кейбір автономиялық аймақтар көрші облыстармен бірлестірілуде. Атазаң өзгерістері Кремльдің осы бағыттағы қадамдарын жылдамдатуына негіз қалауы мүмкін. Сондықтан көрші Архангельск аймағымен бірлестірілуі күн тәртіпке келген Ямало-Ненецкий автономиялық облысының сайлаушылары референдумда 55.25 пайыз «қарсы» дауыс берді.

Атазаң өзгерістері референдумы арқылы Ресей Қырымды жаулап алуын бекемдегісі келді. Алайда әлемдегі көптеген елдің Қырымның Украинаның территориясы екенін қабылдағаны шындығы өзгермейді. Батыс елдері референдумға байланысты болымсыз көзқарастарын тілге тиек етті.

Батыстың референдумға байланысты тұғырының Ресейді алаңдатпағаны айқын. Ресей Кеңестер Одағы дәуірінде болғанындай, бұрынғы одақтас елдерімен тың ортақтық құру ниетінде. Ресейдің қазіргі экономикалық жүйесі Кремльдің осы талаптарын орындаудағы ең басты кедергісі ретінде көзге түсуде.

Қорыта айтқанда, Ресейде өткен референдум елдегі қазіргі шарттар тұрғысынан қысқа уақытта үлкен өзгерістерге уәде бере алмайды. Ресейдегі түрік халықтарын болымсыз жағдайға қарсы қорғау тұрғысынан Түркия басшылығында Түркі Республикаларының өзара байланыстарын бекемдеуін, әрі Ресеймен де тығыз ынтымақтастық жасауларын қажет етеді.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар