Ферғана аңғарындағы шекара мәселелері жалғасуда

Еуразия күн тәртібі – 24

1433425
Ферғана аңғарындағы шекара мәселелері жалғасуда

Бүгінгі бағдарламамызда Ферғана аңғарында (қойнауы) болған шекара мәселелеріне тоқталамыз.

Мамыр айынан бастап Ферғана аңғарындағы шекара мәселелері қайта өршіді. 2020 жылы 8 мамырда Қырғыстан мен Тәжістан шекарасындағы Чек ауылында егістік жер таласы себепті, 24 мамырда Ворух Анклавда мал бағу (жайылымдық жер) себепті алдымен жергілікті халық, артынан шекара қорғаушылары арасында оқ атылды. Қақтығыстар салдарынан Қырғызстан мен Тәжікстаннан үштен әскер жараланды. 2 маусымда екі ел шекарасындағы Ескі Таш өңірінде аты-жөні белгісіз кісілер түнде бір қырғыз азаматқа оқ атты. 2020 жылы 31 мамырда Қырғызстан-Өзбекстан шекарасындағы Чешме ауылында ауыз судан пайдалану себепті жергілікті халық шоқпар және сойылмен төбелесті.

Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанмен шекаралас болған Ферғана аңғарында 30 жылдан бері жалғасып келе жатқан шекара мәселелерінде соңғы жылдарда шешім үміті байқалды. Қырғызстан мен Тәжікстан лидерлері өткен жылы шекарада бас қосты, екі ел шекара қорғаушыларының бір-біріне оқ атпауы жөнінде келісімге келді. Ағымдағы жылдың басында шекара мәселелерінің шешімі мақсатымен территория алмасулары күн тәртіпке келгеніне байланысты хабарлар да таралды.

Шавкат Мирзиеев міндетке келгеннен кейін ұзақ жылдар бойы жабық қалған шекаралар ашылды. Өзбекстан әрі Қырғызстан, әрі Тәжікстанмен шекараларды анықтау тақырыбында жетістікке қол жеткізді. Шекара мәселесінің қайта өршуінің басқа себептері қарастырыла бастады.

2020 жылы 26 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарт ұйымының Сыртқы істер министрлерінің видео конференция жиналысында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қырғызстан-Тәжікстан шекара мәселелерінің шешімінде елінің бітімгер болуға дайын екенін жеткізді. Лавровтың мәлімдемесі Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің Ресейге нота тапсырып, «Ішкі істерімізге араласпаңдар» деген қарсылығына себеп болды. Өткен айларда Өзбекстан да тіл мәселесіне орай Ресейге ішкі істерге араласпау тақырыбында наразылық көрсетті. Қырғызстан қоғамында орыстар қолданған Кант әскери базасының кеңейтілуіне байланысты келісімнің кейбір бабтарының «Ел ішінде ел» қалыптастыруда деген наразылыққа себеп болды. Орталық Азияда қазіргі кезеңде Ресейге қарсы наразылықтар артып келеді.

Өзбекстанның Қырғызстан арқылы Қытайға жаңа қатынас дәлізін ашуы және Еуразия Экономикалық Одағы кедендеріндегі қиыншылықтарға Қырғызстанның наразылығының артуы Мәскеудің де мазасын алып отыр.

10 миллион адам тұратын Ферғана аңғарындағы шекара мәселелері аймақтағы тұрақтылықтың басты кедергісі. Аймақ елдері бастарындағы мәселелерді шешпей, өркендей алмайды. Түрліше жат ниеттегілер бұл мәселелерді аймақты былықтыру, өз мақсаттарына жету үшін қолданбақ. Сондықтан шекара мәселелерінің жылдам шешілгені әбзал.

Көптеген салада өзара тәуелді болған Орталық Азия Республикалары пандемия процесінен сабақ алып, ынтымақтастықтарын бекемдей түскені жөн болмақ.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар