Түркия мен Украина қарым-қатынастары дамып келеді

Еуразия күн тәртібі - 5

1351156
Түркия мен Украина қарым-қатынастары дамып келеді

Бүгінгі бағдарламамызда Түркия мен Украина қарым-қатынастарындағы соңғы жағдайға тоқталамыз.

2020 жылы 25 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путиннің Украина саясатына жауапты орынбасары Владислав Сурковтың отставкаға кететіні хабары орыс ақпаратында шыға бастады. Владислав Сурков 1999 жылдан бері Путиннің жанында маңызды міндеттер атқарған саясатшы және Кремльдің идеологтарының бірі екені белгілі. Оның отставкасы Ресейдің Украина саясатында кейбір өзгерістер болатынына меңзеп отыр.

2019 жылы Ресей-Украина қарым-қатынастарында оңалу болғаны байқалды. Тараптар нәтижені негіз еткен кездесулер өткізді. Қыркүйек айында өзара 35-35-тен тұтқынды алмастырды. 2019 жылы 9 желтоқсанда екі ел лидерлері үш жылдан кейін Нормандия төрттігі саммиті арқылы Парижде бетпе-бет кездесті және өзара 200 кісіні алмастыру, аймақта атысты тоқтату, келесі саммиттің төрт айдан кейін ұйымдастырылуы тақырыбында келісті.

Газпром Украинаның Нафтогазына 2.9 миллиард долларлық жазасын төледі және тараптар арасында 2020 жылы 1 қаңтардан бастап атқарылатын 5 жылдық жаңа табиғи газ келісіміне қол қойылды.

2020 жылы 23 қаңтарда Украина Парламентінің депутаты Виктор Медведчук «Нормандия форматын» парламентке әкелу үшін француз депутаттарымен кездескенін және олардан қолдау алғанын, келесі апта аталмыш тақырыпқа байланысты неміс және орыс депутаттарымен кездесуді жоспарлағанын білдірді. Аталмыш формат атқарылатын болса, мәселелерді шешуге есе қосуы мүмкін.

Екі ел лидерлері арасындағы тікелей байланыстардың артқаны жөнінде Киев және Мәскеуден мәлімдемелер жасалды. 2020 жылы 24 қаңтарда Дмитрий Песков мұны дәлелдеді. 25 қаңтарда Израиль телеарнасына сұхбат берген Владимир Зеленский Ресеймен диалог орнағанын білдірді.

Осындай болымды оқиғалар 2020 жылы Украина дағдарысының шешімінде жетістік болатынын көрсетеді. Кремльдің Украина саясатына жауапты Владислав Сурков Донбасс – Украина қарым-қатынастарын Қытай мен Гонгконг қарым-қатынастарына ұқсайтын арнайы мәртебемен шешуді ойлаған. Осылай істеу үшін Украина Атазаңына өзгерістер енгізу керек. Украина қоғамы мен басшыларының бұған разы болуы қазіргі шарттарда қиын көрінеді.

Владимир Путин 15 қаңтарда Федерациялық Мәжілісте тілге тиек еткен «Ел мүддесіне үйлеспейтін халықаралық ұйымдар шешімін қабыл алмау» жөнінде заң өзгерісін жасау ұсынысы Украина дағдарысымен тікелей байланысты. Егер Ресейде осы бағытта бір референдум жасалса, Ресей Украинамен қол қойған келісімдерді, Халықаралық Будапешт Қауіпсіздік кепілдік құжатын танымай, Қырым мен Донбассты өзіне қосып алуы мүмкін. Ресей 2018 жылы 270 мың , 2019 жылы 300 мың Украина азаматына Ресей Федерациясының азаматтығын берді.

Украина дағдарысындағы шешім Түркияға пайдалы. Түркияның Украинамен де, Ресеймен де байланысы жақсы. Екі ел арасында бейбітшілік орнамаса, Қаратеңіздің қауіпсіздігін қамдау мүмкін емес. Түркия мен аймақтың энергия қауіпсіздігі де аймақтағы тыныштыққа тәуелді. Қырым түріктерінің қорғаушысы Түркия Украина дағдарысына байланысты оқиғаларды мұқият бақылап отыр.

Зеленский тілге тиек еткен Донбасстағы қақтығыс Украина-Ресей қарым-қатынастарындағы ақау болып қала бермек. Дегенмен екі бауырлас және көрші елдің болашақты бетке алып, мәселелерді өз арасында шешуге талпынғаны абзал. Түркия Киев пен Мәскеудің ымыраласуын қолдайды.



Ұқсас жаңалықтар