Харран – бес мың жылдық тарихи қала

Харран сөзі Шумер және Аккад тілінде «саяхат, керуен» немесе «тоғысқан жолдар» деген мағынаны білдіреді.

1209188
Харран – бес мың жылдық тарихи қала

Харран – бес мың жылдық тарихы бар, көне дәуірлерден бері мәдени тұрғыдан маңызды орталықтардың бірі.

Түркияның оңтүстік аймағында Шанлыурфа қаласына 44 шақырым қашықтықтағы Харран – Месопотамия мен Жерорта теңізін байланыстыратын бір аймақ.

Археологиялық қазба жұмыстарында табылған сына жазуларға қарағанда «Харран» деген атау 4 мың жылдан бері өзгеріске ұшырамай келеді. Шумер және Аккад тілінде «саяхат, керуен» немесе «тоғысқан жолдар» деген мағынаны білдіреді.

Атына сәйкес Харран маңызды сауда жолдары тоғысқан бір аймақта орналасқан. Анадолы мен Месопотамия арасындағы сауда керуендері мыңдаған жыл бойы Харран арқылы жүріп, осы тарихи қалада бай бір мәдениет тәжірибесін қалыптастырған. Ғылымда, өнерде, әсіресе пәлсапа саласында жетілген бір қала болған.

Қазіргі таңда әлемнің 3 үлкен пәлсапа ағымының бірі «Харран ағымы» деп аталады. Алғашқы ғасырлардан бері болмысын сақтаған Харран Университетінде әлемге танымал көптеген ғалым білім алған.

Өз дәуірінің белгілі математигі, медицина ғылымдарының маманы, грек философтарының шығармаларын араб тіліне аударған және 800 жылдары өмір сүрген Сабит ибн Курра, сол дәуірде ғаламшардың Айға қашықтығын шатаспай дұрыс есептеген, еуропалықтар «Албатаниус» (Albatanius) деп атаған Баттани, грек философтарының көзқарастарына керісінше заттың өзара ең кіші бөлшегінің керемет бір энергияның ықпалымен жарылып, үлкен бір қаланы жермен-жексен қылатынын алға тартқан ойшыл Джабир ибн-Хаййан, ұлы ғұлама Шейх-үл Ислам Ибн Тевмиййе Харрандағы оқу орталықтарында  білім алған ұлы дана ғұламалардың кейбіреулері ғана.

Назар аударған ғылыми зерттеулерімен бір кездері Харран Университетінің бүкіл әлемге даңқы шыққан еді.

Түрік-Ислам мемлекеттеріне мекен болған Харран 1260 жылдары Моңғол шапқыншылығына ұшырап, артынан қала жарқын күндерінен айырылған және кішкентай бір тұрғын аймаққа айналған.

*          *          *

Харранда 22 метр биіктіктегі бір құрған өте кең бір алаңды қаптайды және мыңдаған жыл бойынша үздіксіз адамдар өмір сүрген тұрғын аймағы екенін дәлелдейді. Әр түрлі кезеңдерге тиесілі архитектуралық және байырғы тарихты айқындаған жәдігерлерге толы.

Харран қорғаны – аймақтағы ең маңызды тарихи құрылыстардың бірі... Деректер кішкентай бір ғибадатхананың 11-ғасырда жаңартылып, кеңейтілгенін және қорғандарының қайта салынғанын көрсетеді.

8-ғасырда салынған Харран Ұлы мешіті – Анадолының алғаш монументалды зәулім мешіті. Сондай-ақ ауласы бар және тас оюлармен безендірілген алғаш мешіт болу ерекшелігіне ие. Уақыт өткен сайын кеңейтілген мешіт барлық осы тұстарымен Анадолы мешіт архитектурасында маңызды орын алады.

Бабил кезеңінде б.з.б. 2000 жылдары Ай тәңірі Синге атап салынған Син ғибадатханасы, Рим-Византия кезеңінен қалған Шуайб қаласының қалдықтары, 12-ғасырда өмір сүрген ұлы Ислам ғұламасы Шейх Яхия Хаят әл-Харранидің атымен салынған мешіт пен кесене де аймақтағы маңызды туындылар арасында.

Харранның назар аударған тарихи және мәдени мұрасы – Харран үйлері.

Осы тарихи үйлердің шатыры қима күмбезді... Бірінен соң бірі қатар тұрған күмбездер ішкі аулада діңгектер арқылы бір-бірімен байланысады және осылайша отырып демалуға кең бір алаң ұсынады. Үйлердің теңдесі жоқ көріністерінен басқа тағы бір ерекшелігі – жазда салқын, қыста жылы болуы. Археологиялық және қалалық қорғау алаңы ретінде Харранда осы күмбезді үйлер мемлекет тарапынан қорғауға алынған.

Жүздеген жылдық тарихты бүгінге дейін әкелген ертегі қаласы іспеттес Харранды жыл сайын мыңдаған жергілікті және шетелдік турист аралауда.



Ұқсас жаңалықтар