Ара Гүлер - әлемдегі үздік жеті фотографтың бірі

Ол жеке мұрағатындағы 2 миллионнан астам фотографиясымен елде және шетелдерде жүздеген көрмеде орын алды.

1162884
Ара Гүлер - әлемдегі үздік жеті фотографтың бірі

Ара Гүлердің әлемдегі ең үздік жеті фотографтың бірі екенін білетін бе едіңіз?

2018 жылдың 17 қазан күні дүниеден озған фотограф Ара Гүлер Түркияда деректі фотографияның халықаралық салада атағы шыққан ең маңызды өкілі болатын.

Гүлер 1956 жылы «Time-Life», 1958 жылы «Paris-Match» және «Der Stern» журналдарының тілшісі болып істеді. 1961 жылы Ұлыбританияда жарияланған «Фотография антологиясы» оны әлемнің ең үздік 7 фотографының бірі деп атады.  Сол жылы Америка Журнал фотографтары қауымдастығына жалғыз түрік мүше ретінде қабылданған Гүлер 1962 жылы Германияда өте аз фотографқа берілген «Master of Leica» атағын алды. Ол жеке мұрағатындағы 2 миллионнан астам фотографиясымен елде және шетелдерде жүздеген көрмеде орын алды.  Сансыз жүлдеге ие болды. Францияның ең беделді марапаттарының бірі «Legion D’Honour» жүлдесін алған Ара Гүлер Президенттік Мәдениет және өнер бас жүлдесінің де иегері болатын.



Ұқсас жаңалықтар