Жақсы сақталған қала - Сафранболу

Бұларды білетін бе едіңіз? - 7

1144668
Жақсы сақталған қала - Сафранболу

Дүние жүзінде ең жақсы сақталған алғашқы 20 қала арасында Түркияның Сафранболу ауданы да бар екенін білетін бе едіңіз?

Карабүктің Сафранболу ауданы 17-ғасырдан бері сақталып келген ғаламдық және ұлттық құндылықтары себебімен 1994 жылы Әлемдік мұра тізіміне енді.  Ауданның басқа бір ерекшелігі де тарихи жәдігерлерінің барлығының қорғауға алынғаны. 1976 жылғы 8 қазан күнгі Мәдениет және туризм министрлігінің «қорғауға алу» шешімінен кейін ауданда шамамен 600 тарихи жәдігер реставрациядан өткізілді.

Осман мемлекеті сәулеті,  қала тұрмысы және мәдениетін көрсететін болғандықтан «Османлының саусақ ізі» деп аталған Сафранболу сол кезден қалған керуенсарай,  монша,  зәулім үй,  су бұрқақтары,  мешіт және көпірлерімен ашық ауа мұражайының дәл өзі.



Ұқсас жаңалықтар